Арнайы көлік құралдарын республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 64 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ішкі істер департаменттеріне арналған арнайы көлік құралдары республикалық меншіктен Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Қостанай облыстарының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген арнайы көлік құралдарын қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2015 жылғы 17 ақпандағы
№ 64 қаулысына    
қосымша          

Коммуналдық меншікке берілетін арнайы көлік құралдарының тізбесі

Р/с №

Көлік құралының атауы

Шығарылған жылы

Шанақ (рама) нөмірі

Қозғалтқыш нөмірі

Түсі

Бөлімшенің атауы

Облыстың, қаланың атауы

1

2

3

4

5

6

8

9

1.

Мобильді байланыс кешені КАМАЗ автомобилі маркасы 43118-3078-46

2014

ХТС431184Е2443843

Е 2743831

көкшіл сұр

Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

Ақмола облысы

2

Мобильді байланыс кешені КАМАЗ автомобилі маркасы 43118-3078-46

2014

ХТС431184Е2443844

Е 2743953

көкшіл сұр

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

Батыс Қазақстан облысы

3

Мобильді байланыс кешені КАМАЗ автомобилі маркасы 43118-3078-46

2014

ХТС431184Е2443841

Е 2743834

көкшіл сұр

Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті

Жамбыл облысы

4

Мобильді байланыс кешені КАМАЗ автомобилі маркасы 43118-3078-46

2014

ХТС431184Е2443842

Е 2743756

көкшіл сұр

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті

Қызылорда облысы

5

Мобильді байланыс кешені КАМАЗ автомобилі маркасы 43118-3078-46

2014

ХТС431184Е2443845

Е 2743835

көкшіл сұр

Қостанай облысының Ішкі істер департаменті

Қостанай облысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады