Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 83 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға, сәйкес құжаттама «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен заңнамада белгіленген тәртіппен Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен және Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 83 қаулысына    
қосымша       

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» мемлекеттік
мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен Қарағанды
облысының коммуналдық меншігіне берілетін мүліктің тізбесі

Р/с

Құжаттаманың атауы

Құжат түрі

Дана саны

Парақ саны

1

2

3

4

5


«Абай, Теміртау, Саран, Шахтинск спутник қалаларымен бірге Қарағанды қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» инвестицияларының негіздемесі



7831

1.

Жалпы түсіндірме жазба, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау/өңдеу

1-том, 1-бөлік

3

456

2.

Жалпы түсіндірме жазба, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау/өңдеу, қаржы-экономикалық талдау

1-том, 2-бөлік

3

456

3.

Жалпы түсіндірме жазба, ЭӘӘБ (экономикалық және әлеуметтік әсерді бағалау)

2-том

3

423

4.

Жалпы түсіндірме жазба, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау (ҚОӘААБ)

3-том

3

282

5.

Графикалық материалдар – қоқыс өңдейтін кешен

4-том (альбом)

3

720

6.

Графикалық материалдар – қатты тұрмыстық қалдықтарды жиып қою полигоны, Саран қ.

4-том (альбом)

3

99

7.

Жиынтық сметалық есеп-қисап

5-том

3

558

8.

Сметалық есеп-қисап

6-том

6

2418

9.

Қосымша (бастапқы-рұқсат беру құжаттары)

7-том

3

540

10.

2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 10-0432/13 мемлекеттік сараптама қорытындысының түпнұсқасы


1

57

11.

Электрондық диск

диск

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады