Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 141 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілген штат саны лимитінің шегінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласының Әділет департаменті Наурызбай ауданының әділет басқармасы» және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы Қаратау ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мекемелер) құрылсын.
      2. Мекемелерді қаржыландыру 2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мекемелердің ережелерін бекітсін және олардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) Алматы қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 214-4 және 225-жолдармен толықтырылсын:
      «214-4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы Қаратау ауданының әділет басқармасы.»;
      «225. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласының Әділет департаменті Наурызбай ауданының әділет басқармасы.».
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады