"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 199 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы
31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      1) мазмұнында:
      83 және 84-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «83-тарау. Салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы
жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу»;
      «84-тарау. Салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі хабарлама»;
      438, 446, 590, 591, 592, 594 және 598-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «438-бап. Салықтың жекелеген түрлерiн, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу ерекшелiктерi»;
      «446-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiн, әлеуметтік аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімдері»;
      «590-бап. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген азайтылған сомаларын есепке алу»;
      «591-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу»;
      «592-бап. Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу»;
      «594-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарға салыстырып тексеру жүргізу»;
      «598-бап. Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi»;
      2) 12-баптың 1-тармағының 36) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «36) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомасын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат;»;
      3) 13-баптың 1-тармағында:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) салықтық өтінішті алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;»;
      8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-1) сұрау салу арқылы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алуға;»;
      4) 18-баптың 1-тармағында:
      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары) есептеудің және аударудың толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;»;
      мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары) есептеудің және аударудың толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;»;
      5) 19-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және аударудың) уақтылығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті, оператор) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін ұсынуын талап етуге;»;
      6) 20-баптың 1-тармағында:
      3), 4) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) салық төлеушінің (оператордың) – салық міндеттемесін, салық агентінің (оператордың) салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетін осы Кодексте белгіленген тәртіппен орындауына салықтық бақылауды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды есептеудің толықтығы мен төлеудің уақтылығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың уақтылығын бақылауды жүзеге асыруға;
      4) салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, есептелген, есепке жазылған және төленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептелген, ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, есептелген және төленген әлеуметтік аударымдарды есепке алуды жүргізуге;»;
      «11) осы Кодексте көзделген мерзімде және жағдайларда салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы жөнінде салық төлеушіге (салық агентіне, операторға) хабарлама және (немесе) осы Кодексте белгіленген жағдайларда оның көшірмесін табыс етуге;»;
      12-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беруге;»;
      15), 16) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтінішін алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оның жеке шотынан салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысу жай-күйі туралы үзінді көшірмені ұсынуға;
      16) көрсетілген ақпарат үшін салық органына өтініш жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды, әлеуметтік аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару тәртібі туралы ақпарат ұсынуға;»;
      «20) салық төлеушінің талап етуі бойынша – салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі, салық агентінің талап етуі бойынша салықты есептеу және аудару бойынша міндеттің орындалуы жөніндегі есеп-қисапқа салыстырып тексеру жүргізуге, жеке шотқа осы Кодексте көзделген тәртіппен түзетулер енгізуге;»;
      7) 31-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.»;
      8) 37-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Таратылатын заңды тұлға таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап және таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару бойынша міндеттер туындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлға осындай салық міндеттемесін, міндетті салық органының осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген хабарламасы негізінде орындауға міндетті.»;
      12-тармақта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;»;
      үшінші бөліктің бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда, таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
      1) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;»;
      9) 37-1-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
      «4. Таратылатын заңды тұлға таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.»;
      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Таратылатын заңды тұлға салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етеді.»;
      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек болған жағдайда, таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы баптың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
      13. Осы баптың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар табыс етiлгеннен және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде, таратылатын заңды тұлға бойынша салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтер жiбередi.»;
      10) 37-2-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды аударады.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
      6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық төлеуші салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.»;
      8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында белгіленген ережелер орындалған және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек болмаған жағдайларда, сондай-ақ салық органы жүргізген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда таратылатын заңды тұлға орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:
      1) тарату балансын;
      2) банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды таратылатын заңды тұлға салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде табыс етеді.
      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек болған жағдайларда, таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
      9. Осы баптың 8-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде таратылатын заңды тұлға бойынша салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді жiбередi.
      10. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек болмаған немесе өтелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жағдайда камералдық бақылау жүзеге асырылғаннан кейін орындалды деп есептеледі.»;
      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Салық органы осы баптың 6-тармағында белгіленген салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеу (аудару) мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
      11) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «38-бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын
               құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы
      1. Резидент заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті;
      2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесін;
      3) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, құрылымдық бөлімшенің таратудың салық есептілігін табыс етеді.
      2. Таратудың салық есептілігі заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі дербес төлеуші болып танылған салықтың, төлемақының түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған салық кезеңінің басынан бастап қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталатын болса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      3. Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі осы баптың 2-тармағында көзделген таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      4. Егер заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықты, төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды дербес төлеуші болып танылмаса, таратудың салық есептілігі табыс етілмейді.
      5. Қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.
      6. Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек толық көлемде өтелгеннен кейін қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлға осы құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің бар банктік шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.»;
      12) 39-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Таратудың салық есептілігі қосылу, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша осындай есептілікті тапсыру міндетті туындаған салық кезеңі басталған кезден бастап оны салық органына табыс ету күніне дейінгі кезең үшін жасалады.»;
      13) 39-1-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Таратудың салық есептілігі төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын, олар бойынша құқықтары мен міндеттерін беретін тұрақты мекеме салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасалады, мұндай есептілікті табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған салық кезеңінен бастап оны салық органына табыс еткен күнге дейінгі кезең үшін.»;
      14) 40-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Таратудың салық есептілігі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
      Таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
      5-тармақтың бесінші бөлігінде:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;»;
      4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған кезде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
      1) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;»;
      15) 41-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін олар бойынша жасалады.»;
      3, 8, 10-тармақтар және 10-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
      «8. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі толық көлемде өтелген жағдайда құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін орындалды деп есептеледі.»;
      «10. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына:
      1) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
      2) дара кәсіпкердің мөрін (ол болған кезде) жойғаны туралы құжатты табыс етуге міндетті.
      Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкер осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:
      1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
      2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
      4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуінің болмауы;
      5) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, құжаттық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
      Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкер салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
      1) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;
      2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
      4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсу қайтарылған күннен;
      5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.»;
      «10-1. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.»;
      16) 42-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қызметін тоқтатқан жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесі және оның салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі жоқ болған немесе осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген жағдайда құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін орындалды деп есептеледі.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.»;
      17) 43-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігі және 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Таратудың салық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
      «4. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды жүргізеді.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.»;
      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Салық төлеушi салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды жасалған немесе хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
      13. Дара кәсіпкер:
      1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған кезде – қорытынды жасалған;
      2) бұзушылықтар болған және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған кезде – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;
      3) салық берешегі болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемінде жойылған жағдайда – салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
      Дара кәсіпкерді осы тармақта белгіленген тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
      Осы баптың 12-тармағында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.
      Осы тармаққа сәйкес тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған дара кәсіпкерлер туралы ақпарат осы баптың 12-тармағында белгіленген төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      18) 43-1-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оралмандар болып табылатын дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда оларды төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Салық органы осы тармаққа сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.
      Салық органы:
      1) осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген және (немесе) осы баптың 3-тармағының талаптары орындалмаған кезде – қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      2) осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартады және уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастырады.»;
      6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару күнінен;»;
      7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезеңінде жүзеге асырылған қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салық міндеттемелерін есептеу оларды төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.»;
      19) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «63-бап. Жалпы ережелер
      1. Салық есептілігі – салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.
      2. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есептеулерін, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша есептілікті, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау ережелерін осы Кодекстің 65 - 67-баптарының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.
      3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) бастапқы есептілік – салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттеме алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;
      2) кезекті есептілік – салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда - салық кезеңінің қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.
      Осы Кодекстің 37-1-тарауының мақсаттарына тауарларды импорттаған тұлға осындай тауарлар есепке қабылданған салық кезеңі үшін табыс ететін салық есептілігі импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі кезекті декларация болып табылады;
      3) қосымша есептілік – осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
      4) хабарлама бойынша қосымша есептілік – салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
      5) тарату есептілігі – салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.»;
      20) 67-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық агенттері, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес (оңайлатылған декларация және патент негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация:
      1) жеке тұлғалардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін табыстары;
      4) есептелген салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін табыстары;
      3) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген және бюджетке төленуге жататын салықтың және басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.»;
      21) 69-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында кері қайтарып алынатын салық есептілігі бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген (азайтылған) сомаларына түзету жасауды жүзеге асырады.»;
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің;»;
      22) 70-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Табыс етілу мерзімі міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындау кезінде қолданылатын идентификациялау нөмірлерін енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде салық төлеушінің тіркелу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс еткен кезде салық төлеуші (салық агенті) немесе осы Кодекстің 586, 587-баптарына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған салықтың, басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың сомалары салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай бюджетке енгізілуге жатады.»;
      5-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) – тексерілетін салық кезеңінің;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салық кезеңінің;»;
      23) 72-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салықтың өзге түрлері, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша – декларацияны және (немесе) есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімін өзгертпейді.»;
      24) 73-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салық кезеңінің басынан бастап салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігін табыс етеді. Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі салықтық өтініш табыс етілгеннен кейін басталатын болса, онда осындай кезекті салық есептілігін табыс ету салықтық өтініш табыс етілетін күнге дейін жүргізіледі;»;
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған;»;
      25) 74-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм өтініш берілген күні салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген жағдайда қабылданады.»;
      26) 77-баптың 4-1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарын, осындай табыстар жөніндегі салық міндеттемелерін, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі міндеттемелерді есепке алу бойынша;»;
      27) 155-баптың 3-тармағында:
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;»;
      мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «31-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;»;
      28) 250-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тарту, зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есепке жатқызу бойынша қызмет көрсетулері;»;
      29) 426-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Патент – жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат.»;
      30) 432-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Патент құнына жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың төленуге жататын сомалары қосылады.»;
      31) 437-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.»;
      32) 438-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «438-бап. Жекелеген салық түрлерiн, міндетті зейнетақы
                жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
                және әлеуметтік аударымдарды төлеу ерекшелiктерi
      Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.»;
      33) 446-бапта:
      баптың тақырыбы мен 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «446-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
                төлемдердiң жекелеген түрлерiн, әлеуметтік
                аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы
                жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы
                жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
                аудару мерзімдері
      1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:»;
      34) 447-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.»;
      35) 556-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;»;
      36) 557-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) Қазақстан Республикасының заңнамасында салық құпиясын құрайтын салық берешегінің міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беру көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға береді;»;
      37) 581-бапта:
      бірінші бөлікте:
      3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға арналған төлем құжаттарын қабылдау кезінде идентификациялау нөмірін қалыптастыру қағидаларына және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес идентификациялау нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.»;
      7) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың сомаларын:»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;»;
      38) 83-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «83-тарау. Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы
                 жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы
                 жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
                 аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша
                 міндеттердің орындалуын есепке алу
      39) 588-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «588-бап. Жалпы ережелер
      1. Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алуды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
      2. Салық органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізуі: дербес шотты ашуды;
      кейіннен дербес шотта салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетуді;
      дербес шотты жабуды қамтиды.
      Дербес шотты жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Салық міндеттемелерін ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда:
      1) салық төлеуші (салық агенті) - салық есептілігінде;
      2) салық органдары – уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша;
      3) уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодексте көзделген негіздер бойынша есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомасы болып табылады.
      Осы тараудың мақсаты үшін есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі де кемітілген қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
      4. Салық міндеттемелерін ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда, салық қызметі:
      1) салықтық тексерудің нәтижелері бойынша;
      2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары бойынша салық органы есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомасы болып табылады.
      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың түрлері бойынша жүргізіледі.
      6. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты бірыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргізіледі.»;
      40) 589-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Дербес шот салық төлеушіге (салық агентіне) бересі немесе артық төлеу сомасын қамтитын есеп-қисаптар сальдосы көрсетіле отырып, ағымдағы жылдың басында және салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттер туындаған күні ашылады. Салық төлеушінің (салық агентінің) бересісі немесе артық төлеуі болмаған жағдайда есеп-қисаптар сальдосы нөлге тең деп есептеледі.
      Ағымдағы жылдың алдындағы жыл үшін дербес шоттың сальдосы ескеріле отырып, ағымдағы жыл үшін дербес шотта көрсетілген салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар сомаларының төленгендері (есепке жатқызылғандар мен қайтарылғандарды алып тастағанда) мен есептелгендері, қоса есептелгендері (кемітілгендерін алып тастағанда) арасындағы оң айырма артық төлем деп танылады.
      Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.
      3. Егер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша ағымдағы жылдың алдындағы жылы дербес шот жүргізілген болса, онда ағымдағы жылдың дербес шотына ағымдағы жылдың алдындағы жылдың дербес шотынан есеп-қисаптар сальдосы көшіріледі.»;
      41) 590-бапта:
      баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «590-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті
                төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс
                берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті
                кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік
                аударымдардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке
                алу
      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарындағы салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу салық есептілігі деректерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.»;
      42) 591-бапта:
      баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «591-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
                төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс
                берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті
                кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік
                аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу
      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу:
      1) салықтық тексеру нәтижелері туралы;
      2) тарату салықтық есептілік ұсынылған күннен бастап салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің есепке жазылған сомалары туралы;
      3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижесі бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы (бұдан әрі осы баптың мақсатында осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламалар бойынша есептелген сома – есептелген сома) хабарламалардың негізінде жүргізіледі.»;
      43) 592-бапта:
      баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «592-бап. Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты
                және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді,
                міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің
                міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
                зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды
                есепке алу
      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылған және қайтарылған сомаларын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған:
      1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленгені бойынша;
      2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың артық төленген сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
      3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуіне жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
      4) қате төленген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
      5) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өндіріп алу сомалары бойынша төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.»;
      44) 593-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өсімпұлдар, айыппұлдар есеп-қисаптарының сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.»;
      45) 594-бапта:
      баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «594-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
                төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс
                берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
                кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік
                аударымдар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру
                жүргізу
      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеруді жүргізеді. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексеру аяқталған соң сол күні салық төлеушіге уәкілетті орган бекіткен нысанда салыстырып тексеру актісі беріледі.»;
      46) 595-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерін орындауға байланысты құжаттары дербес шот берілген салық органына қағаз жеткізгіште беріледі.»;
      47) 598-бапта:
      баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «598-бап. Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары,
                жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,
                міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік
                аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi
                туралы мәлiметтердi беру тәртiбi
      1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсатына орай – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сауал беруге құқылы.»;
      48) 84-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «84-тарау. Салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын,
                 жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,
                 міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу,
                 ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды
                 есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау
                 жөніндегі хабарлама»;
      49) 607-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.»;
      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) таратудың салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы – тарату салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей;
      4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы – хабарламаны жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген оны табыс ету мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілетін, корпоративтiк табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберіледі.
      Уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателіктер туындауы себебінен осы тармақшада көрсетілген хабарламаны жіберу мерзімі бұзылған жағдайда, осы хабарлама мерзімінде жіберілген деп есептеледі. Бұл ретте осындай хабарлама бойынша салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді салық төлеуші осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде орындауға тиіс.
      Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушіге қатысты қолданылмайды;»;
      3-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) салық міндеттемесінің және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелердің сомасы – осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда;
      6) салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау туралы талап;»;
      50) 608-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2)-4), 7)-9) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салық міндеттемесі және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салық төлеуші осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен толық келіскен жағдайда, салық төлеуші хабарламаларда көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындағаны туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осындай келісу туралы өтінішті табыс етеді.»;
      51) 611-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:
      1) осы Кодекстің 55-бабында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді төлеу бойынша операциялардан;
      2) ақшаны:
      өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
      еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі клиент міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
      салық берешегін өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушiнiң (салық агентінің) барлық шығыс операцияларына қолданылады.»;
      52) 612-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға кейiннен оларды салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердi өтеу есебiне аудару үшiн ақша тапсыру;»;
      53) 627-баптың 5-тармағында:
      1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) кешенді тексеру – салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемесiнің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі, ұсталуы мен аударылуы, әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі мәселелері бойынша салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты жүргізетін тексеру.»;
      2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуi, ұсталуы мен аударылуы, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы есептелуi мен төленуi;»;
      54) 632-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын толық және уақытылы есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдарды толық және уақтылы есептеу және төлеу;»;
      «7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаларды есептен шығару жөніндегі операцияларды жасаған күні салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын уақтылы аудармауы, аудармауы (есепке алмауы) және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың кассаларына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне қолма-қол ақшаларды қабылдауы;»;
      55) 637-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Егер тарату салық есептілігі алынған күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған жағдайда, мұндай міндеттемелер салықтық тексеру актісіне қосымшада өсімпұл есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай көрсетіледі.»;
      56) 638-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, аудару, әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды есептеу және төлеу, залалдарды азайту, резидент еместердің табыстарынан төлем көзінен ұсталған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтарудың расталмауы бойынша міндеттемелер сомаларын есептеуге әкеп соқтыратын бұзушылықтар анықталған жағдайда салық органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 607-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі.»;
      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелердің және өсiмпұлдардың есептелген сомасы;»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Осы Кодекстің 637-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің сомасы осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге жіберілген тарату салық есептілігін беру күнінен бастап тарату салықтық тексеруінің аяқтау күніне дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарламада көрсетіледі.»;
      57) 657-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғыларды дамытуға жәрдемдесу (материалдық көмектен басқа) арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді.»;
      58) 664-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды;».
      2. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-11, 96-құжат):
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»;
      2) 1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар.»;
      3) 1-1-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі – жәрдемақылар) – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған және асыраушысынан айырылған кезде берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;»;
      4) 5-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
      5) 8-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      6) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Мүгедек Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Орталықтан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.»;
      7) 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) он сегіз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалған, он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-iнiлерi, апа-сiңілілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңілiлерi және немерелерi – егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары – егер олар ата-аналарынан алимент алмайтын болса есептеледi.»;
      8) 4-тарау алып тасталсын;
      9) 17 және 18-баптар алып тасталсын;
      10) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және
               асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн
               мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңнаманы
               бұзғаны үшiн жауаптылық
      Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.».
      3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-11, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      12), 16), 17) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) зейнетақы – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және (немесе) уәкiлеттi ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан еңбек сіңірген жылдары үшін төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;»;
      «16) зейнетақы төлемдерi:
      уәкiлеттi ұйымнан – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне барабар жүзеге асырылатын ақша төлемдері;
      еңбек сіңірген жылдары үшін – әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары осы Заңға сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы Заңға сәйкес төленетін ақша төлемі;
      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан – міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға төленетін ақша төлемі;
      ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан – ерікті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға төленетін ақша төлемі;»;
      «17) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi – алушы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) уәкiлеттi ұйымнан зейнетақы төлемдерi және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке тұлға;»;
      «24) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi – осы Заңның 11-бабының 1-тармағында белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуы бойынша берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;»;
      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «25-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына агенттер енгізетін ақша;»;
      26), 28) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «26) мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек – осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұсталған (есебiне жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары;»;
      «28) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi – агент) – Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемесi арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын, өкiлдiктерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ сақтандыру ұйымы;»;
      «29) мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi – мiндеттi зейнетақы жарналары салымшысының зейнетақы жарналарын есептеу және (немесе) еңбекақыны (табысты) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері үшiн алынатын табысқа пайыздық қатынаспен көрсетiлген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлем мөлшерi;»;
      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «29-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі – жұмыс берушінің зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын, қызметкердің табысына пайыздық қатынаспен көрсетілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент төлейтін төлемнің мөлшері;»;
      31) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «31) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салатын ақша;
      32) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi – қызметкердің зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын табысына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер төлейтін төлемнің мөлшерi;»;
      33) тармақша алып тасталсын;
      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «39) уәкілетті ұйымнан берілетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар – уәкiлеттi мемлекеттiк органдар (бұдан әрі – аумақтық орган);»;
      мынадай мазмұндағы 41-1) және 41-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «41-1) шартты зейнетақы шоты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің келіп түскен міндетті зейнетақы жарналары және өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер ескерілетін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атына ашылған шот;
      41-2) шартты зейнетақы міндеттемелері – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және өзге де түсімдері есебінен берілетін зейнетақы төлемдері бойынша міндеттемелері.»;
      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк
              кепiлдiктер
      1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейiнгi кезеңдерде зейнетақы төлемдерi осы Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      2. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi:
      1) Орталықтан берілетін зейнетақы төлемдері және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 2017 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған;
      2) өмір бойы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, әскери қызметшiлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiн, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды қоспағанда, осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған адамдарға беріледі.
      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс шамасының 50 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді.
      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде:
      1) осы Заңның 13-бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін істеген еңбек өтілі;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;
      3) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыт;
      4) 16 жасқа дейінгі мүгедекке күтім жасаған уақыт;
      5) осы Заңның 64-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдар үшін әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезең;
      6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерi зайыбының (жұбайының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі;
      7) әскери қызметшiлер (мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке алынады.
      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бюджет қаражаты есебінен беріледі.
      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі Орталықтан және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуға қарамастан беріледі.
      3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
      4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын және (немесе) жүзеге асыратын органдарда осы құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi. Бұл жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап осы баптың 1 және 3-тармақтарының шарттары сақтала отырып жүзеге асырылады.»;
      3) 5-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен, адамдардың осы Заңның 11-бабы 1-тармағында және 32-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жасқа толу кезінде, инфляция деңгейiн ecкepe отырып, сондай-ақ 31-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында; 32-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекет осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған кезден бастап осы Заңның 11-бабы 1-тармағында белгіленген жасқа толған кезге дейінгі мерзімде жүзеге асырылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, инфляция деңгейiн ecкepe отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.»;
      2-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Зейнетақы активтерінің сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:
      1) міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;»;
      4) 6-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1), 4-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртiбi мен мерзiмдерiн бекiтедi;
      4-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
      5-1) әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының елу пайызын қайтару қағидаларын бекiтедi;»;
      6) және 6-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      6) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер өз қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекітеді;
      «6-3) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын бекітеді;»;
      5) 7-бапта:
      1), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;»;
      «5) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың деректер базасын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тiзiмiн қалыптастыру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу (есебiне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртiбi мен мерзiмдерiн әзірлейді;
      7-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
      7-3) әскери қызметшiлердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының елу пайызын қайтару қағидаларын әзірлейді;»;
      8) және 9-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Орталық арасындағы жеке зейнетақы шоттарының, шартты зейнетақы шоттарының қозғалысы туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «9-4) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын әзірлейді;»;
      мынадай мазмұндағы 9-7) тармақшамен толықтырылсын:
      9-7) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      6) 8-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы зейнетақы жинақтарын төлеу қағидаларын және сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді.»;
      7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау
      1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау:
      2001 жылғы 1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.
      Бұл ретте әйелдерге Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау:
      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;
      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;
      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;
      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;
      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;
      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;
      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;
      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;
      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;
      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.
      2. Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
      1) ерлердің – 50 жасқа толғанда;
      2) әйелдердің – 45 жасқа толғанда Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.
      3. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
      4. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1 – 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мына санаттарына:
      1) ерлерге – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма бес жыл еңбек өтілі болған кезде;
      2) әйелдерге – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.
      5. Орталықтан төленетін толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері осы баптың 1 – 3-тармақтарында көрсетілген азаматтар санаттарына олардың Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады.
      6. Орталықтан төленетін толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi Орталықтан төленетін толық зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне барабар үлес ретiнде есептеледi.
      7. Өмір бойы қамтылымды ай сайын алатын отставкадағы судьялардың Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы жоқ.»;
      8) 13-баптың 1-тармағында:
      5), 7) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) кәсіпкерлік және кірістер әкелетін өзге де қызмет;»;
      «7) 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;»;
      13) әскери қызметшiлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ 10 жылдан аспайтын кезеңi;»;
      14) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
      9) 14-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      10) 16-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
      11) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Орталық мемлекеттiк монополияға жататын мынадай қызмет түрлерiн:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, зейнетақы төлемдерiн, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, бiржолғы және өзге де төлемдердi төлеудi ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
      2) мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тiзiмiн қалыптастыруды;
      3) агент нақты енгiзген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерiн келесi қаржы жылына инфляцияның болжамды деңгейiн ескере отырып айқындауды;
      4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды;
      5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
      6) жеке идентификациялау нөмiрi және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ және (немесе) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке қайтаруды;
      7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Орталыққа оның өтініші бойынша қайтаруды;
      8) агенттердiң Орталықтың шотына аударылған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары бойынша және (немесе) олар бойынша өсімпұлдардың төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға табыс етуді;
      9) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар iстерiнiң макетiн қалыптастыруды;
      10) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды және оларды дербестендiрiлген есепке алуды;
      11) агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды;
      12) орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруды;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Орталықтың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын пайдаланушылары болып табылатын орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің оларға қол жеткізуін ұйымдастыруды;
      14) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Орталықтың қызмет түрлерi бойынша ақпараттық қызмет ұсынуды;
      15) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыруды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
      16) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
      17) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға жұмыс берушінің бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерiн жүзеге асырады.»;
      12) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «24-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің
               міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік
               зейнетақы жарналарын төлеу
      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары агенттердің осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша төлеуіне жатады.
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден:
      1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар;
      2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
      3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
      4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар босатылады.
      3. Агент:
      1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
      2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
      3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
      4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;
      5) ай сайынғы өмір бойы қамтылымды алатын отставкадағы судьялар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
      4. Мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленедi.
      5. Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге арналған табысқа ақшалай көрінісінде еңбекақы төлеудiң барлық түрлерi және қызметкерлер пайдасының есебіне жазылған өзге де табыстар енгiзiледi.
      6. Ұсталған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын Орталыққа:
      1) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар қызметкерлерге төленген табыстардан – табыстар төленген айдан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей;
      2) дара кәсiпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өзінің пайдасына – есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей;
      3) арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде;
      4) оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде;
      5) патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде;
      6) Орталық – әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылған айдан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрмей;
      7) сақтандыру ұйымы – жалақыны (табысты) жоғалтумен байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады.
      7. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есебіне жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
      8. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
      9. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болмауына байланысты тұратын жері белгiсiз бұрынғы қызметкерлердiң табыстарынан ұсталған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттер 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн есебіне жазылған өсiмпұлмен қоса, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджетке аударады. Бұл ретте 2005 жылғы 1 қаңтардан кейiн есебiне жазылған өсiмпұл есептен шығарылып жабылуға жатады.
      Бюджетке аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) өсiмпұлдар сомаларын – бұрынғы қызметкерлер, ал олар қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда мұрагерлерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес талап ете алады.
      10. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агенттер ретінде қаралуы мүмкін.»;
      13) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және
               төлеу тәртібі
      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.
      2. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді.
      Аталған алушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың 10 пайызын құрайды.
      Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының жалпы сомасы бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан тұрады.
      3. Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен:
      1) агенттің бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді алушылардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін табысынан 10 пайыз міндетті зейнетақы жарналарын аудару фактісі анықталған;
      2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталған;
      3) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушының қайтыс болғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы мәліметтер келіп түскен;
      4) босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар) туралы мәліметтер келіп түскен кезде тоқтатыла тұрады.
      Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды жаңарту оларды тоқтата тұруға алып келген фактілер тоқтатылған кезде аумақтық органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
      Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады.
      4. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын өзінің пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн кірістің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгі жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.
      Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгі жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап есептелуге және төленуге жатады.
      Адвокаттың, жеке сот орындаушысының, жекеше нотариустың, кәсіби медиатордың, сондай-ақ дара кәсiпкердің өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өзі дербес айқындайтын табысы алатын табысы болып табылады.
      Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.
      5. Осы Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген азаматтар үшін өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары алатын табысының 10 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жатады.»;
      14) мынадай мазмұндағы 25-1) баппен толықтырылсын:
      «25-1-бап. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының
                 мөлшерлемесі және оларды төлеу тәртібі
      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары агенттің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеуге қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге табыс түрінде қызметкерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
      2. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленеді, олар әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың 5 пайызы мөлшерлемесі бойынша бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады.
      3. Жұмыс берушінің белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен:
      1) агенттің бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушылардың табысынан 5 пайыз жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аудару фактісі анықталған;
      2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталған;
      3) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушының қайтыс болғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы мәліметтер келіп түскен;
      4) босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар) туралы мәліметтер келіп түскен кезде тоқтатыла тұрады.
      Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды жаңарту оларды тоқтата тұруға алып келген фактілер жойылған кезде аумақтық органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
      Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді тоқтату үшін негіздер туындаған кезде тоқтатылады.
      4. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн кірістің 5 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгі жалақы мөлшерiнiң 5 пайызынан кем емес мөлшерде белгiленедi.
      Адвокат, жеке сот орындаушысы, жекеше нотариус, кәсіби медиатор, сондай-ақ дара кәсiпкер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өзі дербес айқындайтын табыс алатын табысы болып табылады.
      Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 5 пайызынан кем емес мөлшерде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.
      5. Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын шаруа немесе фермер қожалығының жалдамалы жұмыскерлері және басшылары үшін жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгі жалақы мөлшерiнiң 5 пайызы мөлшерінде белгiленедi.
      6. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүргізілетін жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, Орталық арқылы төлейді.»;
      15) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі
               және оларды жүзеге асыру тәртібі
      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      2. Агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.
      Агенттер өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары жойылған жағдайда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.»;
      16) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «28-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің
               міндетті зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсіптік
               зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және
               аудармағаны үшiн жауаптылық
      1. Нақты төлем жасалған және қызметкер табыс алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды әрбір мерзімін өткізіп алған күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлер үшін агенттер аударуға тиіс.
      2. Мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банк шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
      Мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
      Егер мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi сомадан аспаса, мұндай хабарлама жiберiлмейдi.
      3. Агент хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін, сондай-ақ жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін ұсынуға міндетті.
      Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу мемлекеттік кіріс органының инкассалық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.
      Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда клиенттiң ақшасын алып қоюды банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi.
      Агенттiң банк шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу мемлекеттік кіріс органдарының ұлттық валютада шығарған инкассолық өкiмдерi негiзiнде агенттiң шетел валютасындағы банк шоттарынан жүргiзiледi.
      4. Мемлекеттік кіріс органының өкiмi бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
      Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1) агент міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін табыс етпеген және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған, сондай-ақ жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жеке тұлғалардың тізімдерін табыс етпеген және олар бойынша берешек болған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі.
      Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кіріс органының өкімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы шегінде жүргізіледі;
      2) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда – осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама тапсырылған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізіледі.
      Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кіріс органы өкімінің күшiн шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған мемлекеттік кіріс органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды.
      5. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң мемлекеттік кіріс органы агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.
      7. Мемлекеттік кіріс органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында агенттiң идентификациялау нөмірін, басшысының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын көрсете отырып, мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегi туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзiмде өтелмеген берешегі бар агенттердiң тiзiмдерiн жариялайды.»;
      17) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «29-бап. Аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс
               берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi
               кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтер табыс
               ету
      1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын табыс етеді. Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін мемлекеттік кіріс органдары белгiлейдi.
      2. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарға қатысты жарналары бөлігінде мәліметтер көрсетілмейді.
      3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпке сәйкес әрбiр жеке тұлға бойынша есептелген, ұсталған (есебіне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.
      4. Агент есептелген, ұсталған (есебiне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшыларына және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетін жеке тұлғаларға табыс етуге мiндеттi.»;
      18) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы
               төлеуді ұйымдастыру
      1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын зейнетақы жинақтары белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері түрінде зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жүзеге асырылады.
      Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын болса, осы айырма салымшыға (алушыға) белгіленген кесте бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.
      Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса, бұл сома салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бір рет төленеді.
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін деректемелері алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішінде көрсетілетін алушының банк шотына аударады.
      Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банк көрсететін қызметтерге ақы төлеу, айырбасталу сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
      19) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдардың:
      1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде;
      2) осы Заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз ету үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде;
      ерлер 55 жасқа толғанда;
      әйелдер:
      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50,5 жасқа;
      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 51 жасқа;
      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 51,5 жасқа;
      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52 жасқа;
      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52,5 жасқа;
      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53 жасқа;
      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53,5 жасқа;
      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54 жасқа;
      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54,5 жасқа;
      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 55 жасқа толғанда;
      3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң;
      4) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды табыс еткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы бар.»;
      20) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
      «31-1-бап. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары
                 есебінен төленетін зейнетақы төлемдері
      1. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары кемінде күнтізбелік алпыс ай төленген жеке тұлғалардың:
      1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде;
      2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің құқығы бар.
      2. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлға осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде шартты зейнетақы шотында есепке алынатын қаражат осы Заңның 51-бабының 2-2-тармағына сәйкес қалыптастырылған резервтік қорларға жіберіледі.
      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      4. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын өлшемдерді жыл сайын уәкілетті орган белгілейді.
      5. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемінің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінен аспайды.
      6. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері өмiр бойына тағайындалады, ағымдағы айға төленеді және қайтыс болған айын қоса алғанда жүзеге асырылады.»;
      21) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:
      1) ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстардағы жұмыс өтілі кемiнде бес жыл болған елу жасқа толған адамдардың;
      2) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде;
      3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің;
      4) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы бар.»;
      22) 34-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
      Өзге тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға тыйым салынады.»;
      8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) филиалдар мен өкілдіктер ашуға;»;
      9-тармақта:
      тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен шартты зейнетақы міндеттемелері мен зейнетақы төлемдерін есепке алуды жүзеге асыруға;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) салымшыға (алушыға) оның жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге сұрау салуы бойынша оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты; атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ осы Заңның 57, 57-1-баптарында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа, шартты зейнетақы міндеттемелері жөніндегі ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электрондық және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының, шартты зейнетақы міндеттемелерінің жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға), атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған, шартты зейнетақы шотында шартты зейнетақы міндеттемелері болмаған немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес өзінің тұрғылықты жерінің өзгергенi туралы хабарламаған жағдайларда зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы өткен жылға ақпарат жiбермейді;»;
      6), 7) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) салымшыларға (алушыларға) зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер көрсетуге;
      7) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының және шартты зейнетақы міндеттемелерінің жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;»;
      «15) Орталық пен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалған шарттың негізінде жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы Орталықпен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;»;
      23) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-бап. Салымшылардың, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс
               берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
               кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың
               және агенттердің құқықтары мен міндеттері
      1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшыларының:
      1) өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға;
      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға;
      3) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін алуға;
      4) өздерінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұраға қалдыруға;
      5) өздерінің зейнетақы жинақтарының есебінен сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;
      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі құқықтық қатынастарға қатысуға:
      1) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстарды орындайтын;
      2) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін;
      3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыс істейтін азаматтардың құқығы бар.
      3. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу үшін жеке тұлға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беруге міндетті.
      Жеке тұлғада міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоты болған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашуға өтініш қайтадан берілмейді.
      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында атына шартты зейнетақы шоттары ашылған жеке тұлғалардың:
      1) шартты зейнетақы шотына агент енгізген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары туралы ақпарат алуға;
      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға;
      3) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін алуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      5. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шартты зейнетақы шоттарын ашу бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агент ұсынатын жеке тұлғалар тізімі негізінде жүзеге асырылады.
      Жеке тұлғада бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған шартты зейнетақы шоты болған жағдайда, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бұрын ашылған шартты зейнетақы шотының есебіне жатқызылады.
      6. Заңның осы бабының 5-тармағында көзделген мәліметтер негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке тұлғаның атына шартты зейнетақы шотын ашу туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында атына шартты зейнетақы шоттары ашылған жеке тұлғалар тізіміне енгізу үшін Орталыққа электрондық хабарлама жібереді.
      7. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алушылар:
      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осындай барлық өзгерістер туралы хабарлауға;
      2) осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 60-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;
      3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
      8. Агенттердің Орталықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жеке зейнетақы шотының, шартты зейнетақы шотының бар екендігі туралы растауды алуға құқығы бар.
      9. Агенттер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде және тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) және төлеуге міндетті.»;
      24) 50-бапта:
      1, 2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұл және комиссиялық сыйақы шегерiле отырып, залалдардың орнын толтыру ретiнде түскен қаражатты қамтиды.
      2. Жеке және заңды тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерiне құқықтары осы Заңда көзделген заттық құқықтар қатарына жатады.»;
      «4. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi тек қана:»;
      25) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:
      «50-1-бап. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары
                 есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері
      1. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұл және комиссиялық сыйақы шегерiле отырып, залалдардың орнын толтыру ретiнде түскен қаражатты қамтиды.
      2. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi агенттің және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаның меншігі болып табылмайды.
      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның, Орталықтың, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтеріне тыйым салуға немесе олардан өндіріп алуға, оның ішінде аталған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді.
      4. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi тек мына мақсаттарға ғана:
      1) тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын және инвестициялық декларацияда айқындалатын қаржы құралдарына орналастыруға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға;
      3) осы Заңда белгіленген жағдайларда және мөлшерде инвестициялық табыстан комиссиялық сыйақы төлеуге;
      4) есепке қате жатқызылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға пайдаланылуы мүмкін.»;
      26) 51-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi және уәкiлеттi органға:
      1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
      2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін арналған өз қаражаты бойынша қаржылық есептілік пен бастапқы статистикалық деректердi бөлек-бөлек табыс етеді.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi және өз қаражаты және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi бойынша қаржылық есептілік пен бастапқы статистикалық деректердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға бөлек-бөлек табыс етеді.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.
      2-2. Резервтік қорларды қалыптастыруды және пайдалануды қоса алғанда, шартты зейнетақы міндеттемелерін қалыптастыру тәртібі, оларды есептеу әдістемесі және құрылымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      27) мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:
      «57-1-бап. Шартты зейнетақы шоттары туралы құпия
      1. Жеке тұлғалардың атына ашылған шартты зейнетақы шоттары туралы құпия жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен өзге де түсімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің тиісті қаржы жылына арналған мөлшері туралы мәлiметтердi қамтиды.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Орталық шартты зейнетақы шоттары туралы құпияға кепiлдiк бередi.
      2. Өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруына орай шартты зейнетақы шоттары туралы құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Орталықтың лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар оларды жария етуге құқылы емес.
      3. Шартты зейнетақы шоттарының құпиясы атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.
      4. Шартты зейнетақы шоттары туралы мәліметтер:
      1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына – олардың жүргiзіп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
      2) соттарға – сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргізіп жатқан iстер бойынша;
      3) осы Заңның мақсаттарына орай мемлекеттік кірістер органдарына – тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
      4) уәкілетті органға – атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның өтінішіне байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша;
      5) прокурорға – оның қарауындағы материал бойынша өзінің құзыретi шегіндe тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;
      6) Орталыққа – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың деректер қорын қалыптастыру үшін;
      7) орталық атқарушы органға – атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;
      8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жыл сайынғы міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға беріледі.»;
      28) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «59-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдері
      1. Осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы.
      Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.
      Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқығы бар.
      Егер зейнетақы аннуитеті шарты жасалғаннан кейін осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз соманы құраса, зейнетақы аннуитеті шартына қалдықтың көрсетілген сомасы ескеріле отырып, сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің мөлшерін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізіледі.
      2. Сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитетi шарты жасалған күні қолданыста болған ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен болуға болмайды.
      3. Сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдерін деректемелері зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілетін сақтанушының банк шотына аударады.
      Сақтандыру төлемдерінің сомаларын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банк көрсететін қызметтерге ақы төлеу сақтандыру ұйымының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      4. Сақтандыру ұйымдары орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты Орталыққа ай сайын беріп отырады.»;
      29) 60-баптың 5, 6, 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры сақтандыру сыйлықақысының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап зейнетақы аннуитетi шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
      6. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан адамның оны жасасқан күнінен бастап екi жыл бойы бұзуға құқығы жоқ.
      Басқа сақтандыру ұйымымен өмір бойына зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитетi шартын тек сақтанушының бастамасымен бұзуға болады.
      Зейнетақы аннуитетi шарты бұзылған кезде:
      1) онда көзделген сатып алу сомасы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру ұйымының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстары сомасы шегерiлiп төленген сақтандыру сыйлықақысы сомасынан кем болмауға тиіс;
      2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитетi шарты жаңадан жасалған күні қолданыста болатын ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен болуға болмайды.
      7. Осы Заңның 11-бабы 1-тармағында, 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан артық болса, аталған айырмашылық салымшыға (алушыға) осы Заңда белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді не салымшы (алушы) оны зейнетақы аннуитеті шартын басқа сақтандыру ұйымымен жасасу үшін пайдаланады.»;
      мынадай мазмұндағы 8, 9, 10-тармақтармен толықтырылсын:
      «8. Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеуді уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес сақтандыру ұйымы жүзеге асырады.
      Сақтандыру ұйымының зейнетақы аннуитетін жүргізу үшін жасалған шарттар бойынша істер шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін уәкілетті орган белгілейді.
      9. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.
      Сақтандыру ұйымы алғашқы ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
      10. Сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шартын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтерді аталған сақтандыру ұйымымен еңбек шартын жасасқан адамдар ғана көрсете алады.»;
      30) 61-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін ерікті зейнетақы жарналарын пайдалануға;»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) зейнетақы аннуитеті шарты бұзылған кезде зейнетақы аннуитеті шартын бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен шарттың түпнұсқасын беруге міндетті;»;
      31) 63-бап алып тасталсын;
      32) 9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарын еңбек сіңірген
                жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыру»;
      33) 64, 65 және 66-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу
               құқығы
      1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің:
      1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және қызметтен босатылған кезде қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;
      2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына немесе өз еркі бойынша немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған;
      3) жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
      2. Арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған:
      1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және арнаулы атақтар мен сыныптық шендер алу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде белгіленген арнаулы атақ, сыныптық шен бойынша құқық қорғау қызметіндегі жағдайының шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған;
      2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына не өз еркі бойынша, не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегенi үшiн қызметтен босатылған;
      3) жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және штаттың қысқартылуына байланысты не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегенi үшiн қызметтен босатылған не арнаулы атақтар мен сыныптық шендерінің болуы, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген, арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
      3. Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен босатылған, қызметтен босатылған күнінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнама нормаларына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау жағдайы болған адамдардың қызметтен босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымы ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.
      4. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, қызметтен босатылған күнінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалуға құқығы болмаған адамдарға Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңға сәйкес тағайындалады.
      5. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен, біліктілік сыныбын белгілеп, мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметке тағайындалған күннен бастап қызмет өткеру кезеңінде тоқтатыла тұрады.
      6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген адамдар қызметтен қайтадан босатылған жағдайда, қызметтен қайтадан босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдарын және ақшалай қамтылымы осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін тағайындатуға не еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрған кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген арттыруларды ескере отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерін қалпына келтіруді таңдауға құқығы бар.
      7. Әскери қызметшiлер, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарында кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген, қызметтен босатылған күнінде қызметте болудың шекті жасына толған не штаттың қысқартылуына, денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындатуға құқығы бар.
      8. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы осы баптың 1 – 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының елу пайызын қайтарған жағдайда туындайды.
      65-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін
              есептеу
      1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ақшалай қамтылымының елу пайызы есебінен белгіленеді.
      Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте жиырма бес жылдан артық еңбек сiңiрген жылдарының әрбір жылы үшiн осы Заңның 64-бабы
1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына және 2-тармағының 1) және
2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері қызметтен босатылған күнінде жинақталған еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшiн екі пайызға, ақшалай қамтылымының бір пайызына арттырылады.
      Қызметтен босатылған күнінде жинақталған жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін осы Заңның 64-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері ақшалай қамтылымының бір пайызына арттырылады.
      2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы бойынша белгіленген айлықақы (қосымша ақы) кіреді.
      3. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күнінде айқындалады және соңғы қызмет орны бойынша тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.
      4. Арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
      5. Осы Заңның 64-бабының 7-тармағында көрсетілген адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдарының әрбір толық жылы үшін ақшалай қамтылымның 2 пайызы есебінен белгіленеді.
      Ақшалай қамтылым әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күнінде айқындалады.
      6. Зейнетақы төлемдерінің жалпы мөлшерін осы баптың 2-5-тармақтарына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның алпыс бес пайызынан асыруға болмайды.
      7. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшерін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналып белгіленген 109 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асыруға болмайды.
      8. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      66-бап. Еңбек сіңірген жылдарды есептеу
      Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүргізіледі.
      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдар күнтізбелік жылдар бойынша есептеледі.
      Осы Заңның 64-бабының 7-тармағында көрсетілген адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте есептелген еңбек сіңірген жылдары, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, қайта қарауға жатпайды.»;
      34) 67-бап алып тасталсын;
      35) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «68-бап. Зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру
               мерзімдері
      1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қамтылым төленген күннен кейін тағайындалады және жүзеге асырылады.
      2. Осы Заңның 64-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындатуға өтініш жасаған күннен бастап тағайындалады.
      3. Осы Заңның 64-бабының 7-тармағында көрсетілген адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері өтініш жасаған күннен бастап, бірақ ол Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға тіркелген күннен кейін және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте зейнетақы төленген күннен кейін тағайындалады.
      4. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ағымдағы айға төленеді және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен айын қоса алынып жүзеге асырылады.»;
      36) 69-бап алып тасталсын;
      37) 70-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
      38) 73-бапта:
      10-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «2014 жылғы 1 қаңтарға дейін ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары, егер пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілген адамдар, агенттер өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын өндірістер, жұмыстар, кәсіптер қызметкерлер тізбесіне кірген кәсіптер қызметкерлері болып табылса, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына аударылады.
      Өзге барлық жағдайларда 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ерікті зейнетақы жарналарына аударылады.»;
      мынадай мазмұндағы 12, 13 және 14-тармақтармен толықтырылсын:
      «12. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызы қайтарылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайта есептеледі.
      2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшiлермен (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiмен, сондай-ақ арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдармен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда, жеке зейнетақы шотында қалып қойған бюджет қаражаты есебінен қалыптастырылған міндетті зейнетақы жарналары сомасы қайтарылуға жатады.
      13. Мөлшері 2006 жылғы 1 маусымнан бастап арттырылмаған, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайта есептеледі.
      14. 2017 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен қайта есептеледі.»;
      2-бап.
      Мыналар:
      1) 2017 жылғы 1 шілдеге дейін 3-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы, 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
      «24) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – осы Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жеке тұлғаларға уәкілетті ұйымнан берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;»;
      «2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі:
      1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатын;
      2) осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiн, сондай-ақ мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алғанына қарамастан беріледі.
      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына ең төменгi күнкөрiс деңгейiне кезең-кезеңiмен жақындатыла отырып белгiленедi.
      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi бюджет қаражаты есебiнен беріледі.
      Осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған кезде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына қарай мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар азаматтардың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылады.»;
      2) 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін 3-тармақта:
      1) тармақшаның жетінші, он төртінші, он бесінші абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
      «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан – зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;»;
      «26) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек – осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұсталған (есебiне жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары;»;
      «28) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi – агент) – Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға;»;
      3) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда қолданыста болады:
      «1) міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;»;
      11) тармақшаның төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
      «2) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың деректер базасын қалыптастыру;»;
      «4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алу;
      5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;
      6) жеке идентификациялау нөмiрi және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ және (немесе) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарын агентке қайтару;
      7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Орталыққа оның өтініші бойынша қайтару;
      8) агенттердiң Орталықтың шотына аударылған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) олардың өсімпұлдары бойынша төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыру және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға табыс ету;»;
      12) тармақшаның екінші, үшінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, жиырма бесінші абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
      «24-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
               зейнетақы жарналарын төлеу
      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша агенттердің төлеуіне жатады.»;
      «5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген тәртіппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін табысқа ақшалай нысандағы еңбек ақының барлық түрлері және қызметкердің пайдасына есептелген өзге де табыстар енгізіледі.
      7. Ұсталған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Орталыққа аударылады;»;
      «8. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.»;
      18) тармақшаның алтыншы, жетінші абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
      «3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішінде деректемелері көрсетілетін алушының банк шотына мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін аударады.
      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банк көрсететін қызметтерге ақы төлеу, олардың айырбастау сомаларын қоспағанда, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтары есебінен жүзеге асырыла алмайды.»;
      22) тармақшаның үшінші, төртінші, тоғызыншы, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
      «1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
      Өзге адамдарға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға тыйым салынады.»;
      «1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тарту;»;
      «4) жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға ақы алмай, жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның сұрау салуы бойынша кез келген сұрау салынатын күнге оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты беру, сондай-ақ осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткізуді электрондық және өзге де тәсілдермен қамтамасыз ету.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады.
      Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес тұрғылықты жерінің өзгергенi туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) өткен жылдың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат жiбермейді;»;
      3-бап.
      Осы Заң:
      1) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 8), 9), 10) тармақшаларын;
      2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 3-тармағы 1) тармақшасының он екінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, абзацтарын, 4) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын, 5) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он үшінші, он төртінші абзацтарын, 11) тармақшасының он тоғызыншы абзацын, 14), 16), 17), 20), 23) және 25) тармақшаларын, 26) тармақшасының бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтарын, 27) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады