"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 277 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ  "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2014 жылғы 11 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) 35-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Кемінде он бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, орнынан түскен, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін орнынан түскен судьяға орнынан түсуі тоқтатыла тұрғаннан немесе тоқтатылғаннан басқа жағдайларда, судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық жалақысының 50 пайызы мөлшерінде салық салынбайтын өмір бойы ай сайынғы қамтылым төленеді.
      Он бес жылдан астам судьялық жұмыс өтілінің әр жылы үшін орнынан түскен судьяның өмір бойы ай сайынғы қамтылым мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық жалақысынан 1 пайызға өседі.
      Орнынан түскен судьяны өмір бойы ай сайынғы қамтылымының ең жоғары мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық жалақысының 65 пайызынан және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 109 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
      Орнынан түскен судьяны өмір бойы ай сайынғы қамтылым мөлшері көрсетілген қамтылымды төлеуге өтініш берген кезде қолданылатын, судьялар үшін еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес соңғы атқарған лауазымы бойынша есептеледі.
      Судьялардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен арттырылған кезде өмір бойы ай сайынғы қамтылым қайта есептеледі.
      Орнынан түскен судьяға өмір бойы қамтылым төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Орнынан түскен судьяның өз жеке зейнетақы шотында қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.»;
      2) 35-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Судья терiс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет есебінен аударылған қосымша міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджетке алынады.».
      2-бап. Осы Конституциялық заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады