Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 278 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына
азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат):
      1) 26-баптың 4-тармағының төртінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шешiмге сайлау комиссиясының тұрған жері бойынша тиiстi сотқа шағым жасауға болады, ол шағымды арыз келіп түскен күні қарайды.»
      2) 49-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткізу мәселелеріне қатысты, оның ішінде сайлау туралы заңнаманың бұзылғаны туралы сайлауды әзiрлеу мен өткізу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қабылдауға және егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, оларды бес күн мерзiмде, ал дауыс беру күніне дейін бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.»;
      3) 59-баптың 7-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
      4) 73-баптың 6-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
      5) 82-баптың 2-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Сенат депутаттығына кандидат Жоғарғы Сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде түпкілікті шешiм қабылдайды.»;
      6) 89-бапта:
      6-тармақтың 5) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешімге партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған адам Жоғарғы Сотқа шағым жасауына болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Партиялық тізімді тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) Жоғарғы Сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе Жоғарғы Сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.
      Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға екі күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) Жоғарғы Сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе Жоғарғы Сот бір күн ішінде шағым бойынша шешім шығарады.»;
      7) 104-баптың 6-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
      8) 118-баптың 6-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2014 жылғы 11 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы):
      18-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) инвестициялық дауларды қарау жөніндегі мамандандырылған сот алқасы.».
      2-бап. Осы Конституциялық заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады