"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 289 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 10 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      328-бапта:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Ломбардтар қызметін бастар алдында бұл туралы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Ломбардтар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауға міндетті.».
      2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; 2015 жылғы 8 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 214-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын және оны жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерді орындамауы не ішкі бақылау қағидаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі –»;
      2) 462-баптың ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертпе.
      1. Қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, жеке тұлға, қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
      2. Қаржы мониторингі субъектілерін, мемлекеттік кәсіпорындарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға, қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін, егер мұндай тұлға энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз тоннасынан төмен барабар көлемде тұтынатын болса, осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
      3) 804-бапта:
      бірінші бөліктің 14), 27), 40) және 59) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) ойын бизнесi және лотерея қызметі саласындағы уәкiлеттi органның (214, 444 (бірінші бөлігі), 445, 462-баптар);»;
      «27) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының (185 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 214 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 216, 219, 233 (үшінші бөлігі), 235, 236, 237, 245, 246, 462-баптар);»;
      «40) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлерi жасаған кезде), 214, 462-баптар);»;
      «59) пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (214,
462-баптар);»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (86 (төртінші бөлігі), 185, 211 (бірінші бөлігі), 214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 245, 251, 252 (екінші бөлігі), 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 467-баптар).».
      3. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      11-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелуі деп танылса және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 170, 171, 173, 177, 178, 184, 215, 237, 238, 240, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 269 және 270-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса, сондай-ақ мерзiмдiк төлемдердi өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және мерзiмдiк өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша үш айдан асатын берешегi жоқ адамды қоспағанда, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), басшысы, заңды тұлғаның заңды тұлғаны құрған құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылған жағдайда;».
      4. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат, № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады;».
      5. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-II, 96-құжат):
      24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) адвокаттардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады;».
      6. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат, № 21, 118-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж. № 1, 2-құжат):
      9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақы белгілейді және төлейді.».
      7. «Қаржы лизингi туралы» 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      1) 10-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Дара кәсiпкерлер болып табылатын өзге заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарлама жібергеннен кейін лизинг берушi ретiнде лизинг қызметiн лицензиясыз жүзеге асырады.»;
      2) 11-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «беруге міндетті.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты хабарлауға міндетті.».
      8. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      20-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары)»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық емес ұйымның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.».
      9. «Пошта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат):
      5-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 170, 171, 173, 177, 178, 184, 215, 237, 238, 240, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 269 және 270-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар тұлға құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлға не бенефициарлық меншік иесі жеке тұлға болып табылатын заңды тұлға (заңды тұлғаның акцияларына (үлестеріне) тікелей және (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға, иелік етуге және (немесе) басқаруға пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыратын пошта операторы бола алмайды.».
      10. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75 құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, № 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 27-баптың 4-1-тармағында:
      екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өтініш беруші әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған және (немесе) қайтыс болған деп жарияланған және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170, 171, 173, 177, 178, 184, 215, 238, 240, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 269 және 270-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы болған;»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы бапта көзделген мемлекеттік тіркеуден бас тарту негіздері осы баптың 4-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайды қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.»;
      2) 28-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген болса;».
      11. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы»
2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж,, № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) егер тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе;».
      12. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; № 21, 122-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 11-1) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) төлемдер қабылдау бойынша операторлар – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептік тіркеуінен өткен және төлемдер қабылдау бойынша төлем қызметтерін ұсынатын төлемдік ұйымдар;
      8-2) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын тұлға – бағалы металдарды, олардың химиялық қосылыстарын, асыл тастарды медициналық, ғылыми-зерттеу мақсаттарында не құралдардың, приборлардың, жабдықтардың және өндірістік техникалық мақсатқа арналған бұйымдардың құрамындағы діни ұйымдарды, мұражайларды және ұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алуды, сатып алып-сатуды жүзеге асыратын тұлға;»;
      «11-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастыру шаралары және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;»;
      «12-1) тоқтатып қою – қаржы мониторингі субъектілері мен мемлекеттік органдардың ақша беруді, қайта құруды, иеліктен алуды немесе орнын ауыстыруды және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға не бенефицарлық меншік иесі көрсетілген тізбеге енгізілген жеке тұлға болып табылатын ұйыммен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымға және (немесе) жеке тұлғаға тиесілі өзге де мүлікті тоқтата тұру жөнінде қабылдаған шаралары;»;
      2) 3-бап:
      мынадай мазмұндағы 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13) лицензиясыз лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
      14) ломбардтар;
      15) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын тұлға;
      16) жылжымайтын мүлікпен сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін тұлға;
      17) төлемдер қабылдау жөніндегі операторлар.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Адвокаттарды қоспағанда, осы 1-баптың 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері қызметті жүзеге асырар алдында «Рұқсаттамалар және мәлімдемелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте уәкілетті органға қызметтің басталғандығы туралы хабарландыру жіберуге міндетті.
      Адвокаттарды қоспағанда, осы 1-баптың 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте уәкілетті органға қызметтің басталғандығы туралы хабарландыру жіберуге міндетті.
      Осы баптың 1-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті органына ұсынылады.»;
      3) 4-бапта:
      1-тармақтың 1-бөлігіндегі бірінші, екінші, бесінші және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы баптың 2-тармағының 6), 7), 9), 11), 18), 19), 20) және 21) тармақшаларында көзделген операцияларды қоспағанда, операция тең немесе одан асатын сомада болса, егер өзінің сипаты бойынша ол осы баптың 2-тармағында көзделген операциялардың бір түріне жататын болса және қолма-қол нысанда жасалса;
      осы баптың 2-тармағының 1) және 21) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 1000000 теңге сомасына тең немесе одан асатын болса не шетел валютасымен 1000000 теңге сомасына баламалы немесе одан асатын болса;»;
      «осы баптың 2-тармағының 2), 3), 5), 11), 12), 13), 14), 16), 17) және 20) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 7000000 теңге сомасына тең немесе одан асатын болса не шетел валютасымен 7000000 теңге сомасына баламалы немесе одан асатын болса ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операция қаржы мониторингіне жатады»;
      «осы баптың 2-тармағының 18) тармақшасында көрсетiлген операция үшiн – 200000000 теңге сомасына тең немесе одан асатын болса не шетел валютасымен баламасы 200000000 теңге сомасына тең немесе одан асатын болса ақшамен және өзге мүлікпен жасалған операция қаржы мониторингіне жатады;»;
      2-тармақта:
      3), 5), 6), 7), 17) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) чек немесе вексель бойынша ақша алу;»;
      «5) клиенттің банктік шотынан ақша алу немесе банктік шотына ақша салу осы тармақтың 13) және 14) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттен қолма-қол ақша қабылдауға не клиентке беруге тең болады;
      6) оффшорлық аймақта тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар, сондай-ақ оффшорлық аймақта тіркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттің банктік шотына есептеуді немесе аударуды жүзеге асыруы не клиенттің көрсетілген санаттағы тұлғалармен ақша және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізетін операциялары;
      7) жасырын иеленушіге арнап ашылған шетелдегі шоттарға (салымдарға) ақшаны аудару, жасырын иеленушіге арнап ашылған шетелдегі шоттан (салымнан) ақшаның түсуі;»;
      «17) бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алу және (немесе) сату»;»;
      «19) ашық сауда әдісімен ұйымдастырылған нарықтағы репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер;»;
      мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20) ашық сауда әдісімен ұйымдастырылған нарықтағы репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлар пайларымен мәмілелер;
      21) сейф ұяшықтарын мүліктік жалдау (жалға алу) жөніндегі операцияларды қоспағанда, ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдар мен асыл тастардан және олардан жасалған бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) ломбард операцияларын жасау.»;
      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қатысушысы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткіліксіз орындайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) болып табылатын тұлға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуі осындай мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдаланумен тең.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткіліксіз орындайтын мемлекеттердің тізбесі Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) шығаратын құжаттарын есепке ала отырып уәкілетті орган жасайды, ол уәкілетті органның ресми интернет ресурсында орналастырылады.»;
      4) 5-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда және тәртіппен, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің деңгейіне қарай қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген және оңайлатылған шараларын қолданады.
      Клиенттерді тиісінше тексерудің оңайлатылған шараларын қолдану қаржы мониторингі субъектілерінің мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруын қамтиды:
      1) клиент бойынша идентификациялау деректерін жаңарту жиілігін қысқарту;
      2) іскерлік қатынастарды тексерудің және клиент осы қаржы мониторингі субъектісі арқылы жүзеге асыратын операцияларды зерделеудің жиілігін қысқарту;
      3) операциялар сипаты негізінде іскерлік қатынастардың мақсаты мен сипатын айқындау.
      Клиенттерді тиісінше тексерудің оңайлатылған шаралары қаржы мониторингі субъектісінде іскерлік қатынастардың не клиенттер жасайтын операцияның мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру болып табылатындығы туралы негіз бар деп болжанған жағдайда қолданылмайды.
      Клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану кезінде қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағында көзделген шаралардан басқа қосымша мынадай әркеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады:
      1) жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау;
      2) одан әрі тексеруді талап ететін операцияларды тексеру және олардың сипатын анықтау көлемі мен жиілігін ұлғайту;
      3) ұйымның басшы қызметкерінен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнатуға, жалғастыруға рұқсат алу.»;
      6-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты басқа қаржы мониторингі субъектілері, сондай-ақ шетелдік қаржы ұйымдары қолданған шараларға мынадай талаптар сақталған кезде сүйене алады:
      1) осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шаралар шеңберінде, басқа қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді дереу алуға тиіс;»;
      5) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 4-бабына сәйкес қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар жүргiзілгенге дейiн осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды, мұндай шаралар іскерлік қатынастар орнату кезінде қолданылған жағдайларды қоспағанда, қолданады.»;
      6) 10-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігінде:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 6), 8) – 17) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері – операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен;»;
      2-тармақша алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері – операция жасалған және (немесе) анықталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште уәкілетті органға қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.»;
      3-1-тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес тиісті сауал салу алынған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде беруге міндетті.»;
      7) 11-баптың 3-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында Ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар өздері үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 8), 12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында Ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
      8) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
      «11-1-бап. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді
                 қаржыландыру тәуекелдерін бағалау
      1. Кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау Қазақстан Республикасында кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың қатерлері мен мүмкіндіктерін айқындау, кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шараларды іске асырудағы кемшіліктерді анықтау мақсатында жүргізіледі.
      2. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидасын және кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін мемлекеттік органдардан және қаржы мониторингі субъектілерінен деректер жинау жөніндегі әдіснаманы уәкілетті орган бекітеді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі тәуекелдерге бағалау жүргізу қорытындылары бойынша кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін азайтуға бағытталған шараларды бекітеді.»;
      9) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      12-бап. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен
              байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі.
      1. Уәкілетті орган терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасайды, ол уәкілетті органның ресми интернет ресурсында орналастырылады;
      2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімін жасау үшін:
      1) өз құзыреті шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін;
      2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 4-тармағының 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген тізімдерді уәкілетті органға жібереді.
      Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау үшін уәкілетті органға ақпарат ұсынудың тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
      3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар уәкілетті органға ұсынатын ақпаратқа сәйкес жаңартылып отырады.
      4. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізу үшін:
      1) ұйымның террористік әрекетті және (немесе) экстремизмді жүзеге асыруына байланысты оны тарату туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
      2) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында террористік әрекетті немесе экстремизмді жүзеге асыратын ұйымды террористік немесе экстремистік ұйым деп тану туралы, оның ішінде өз атауын өзгерткенін анықтау туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
      3) жеке тұлғаны экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар жасауға кінәлі деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген үкімі;
      4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын, соттардың үкімдері (шешімдері) және террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қатысты шет мемлекеттердің өзге де құзыретті органдарының шешімдері;
      5) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын, террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімінде ұйымның немесе жеке тұлғаның болуы;
      6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдары деректерінің негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын, террористік және экстремистік әрекетке қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізімдері;
      7) терроризмнің алдын алуға және оны болдырмауға және терроризмді қаржыландыруға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға санкциялар қолдану не терроризмнің алдын алуға және терроризмді қаржыландыруға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбеге ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізу негіз болып табылады.
      5. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау үшін:
      1) ұйым бойынша тарату ісін жүргізу аяқталмаған жағдайда оны тарату немесе осы ұйымның экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығына байланысты оның әрекетіне тыйым салу туралы Қазақстан Республикасы соты шешімінің күшін жоюы және іс бойынша іс жүргізудің тоқтатылуы;
      2) адамды экстремистік немесе террористік сипаттағы қылмыстар жасауға кінәлі деп тану туралы Қазақстан Республикасы соты үкімінің күшін жоюы және ақтау негіздері бойынша оған қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің тоқтатылуы;
      3) халықаралық шарттар мен заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасында танылған шет мемлекеттер соттарының үкімдері мен шешімдерінің және өзге де құзыретті органдарының экстремистік немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қатысты шешімдерінің күшін жоюы;
      4) тізбеге енгізілген адамның қайтыс болғандығы туралы құжатпен расталған, осы адамның экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтері бар деректердің болуы;
      5) экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамның сотталғандығының өтелгені немесе алынғаны туралы құжатпен расталған деректердің болуы;
      6) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе олар уәкілеттік берген органдар жасайтын және
террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы таныған тізбесінен ұйымды және жеке тұлғаны алып тастау;
      7) терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оларды болдырмауға жататын Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға қолданылған санкциялардың күшін жоюы не терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оларды болдырмауға жататын Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбеден ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау;
      8) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының деректері негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын, террористік және экстремистік әрекетті қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне оларды енгізуге негіз болған мән-жағдайлардың қолданылуын тоқтату негіз болып табылады.
      6. Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес түзілетін тізімдерде мынадай мәліметтер болуға тиісті:
      1) жеке тұлғаға қатысты:
      оның жеке басын куәландыратын құжат деректері;
      жеке сәйкестендіру нөмірі;
      тұрғылықты жері;
      жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар екендігі туралы мәліметтер;
      заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы мәліметтер.
      2) заңды тұлғаға қатысты:
      атауы, ұйымдық құқықтық нысаны;
      бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      мемлекеттік тіркелген орны және тұрған жерінің мекенжайы туралы мәліметтер;
      лауазымды тұлғалар туралы мәліметтер, құрылтайшылар туралы деректер.
      7. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне қате енгізілген, өздерінің экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер бар не көрсетілген тізбеден алып тастауға жататын, бірақ көрсетілген тізбеден алып тасталмаған ұйымдар мен жеке тұлғалар өздерін көрсетілген тізбеден алып тастау туралы жазбаша дәлелді өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.
      Уәкілетті орган жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау туралы өтінішті «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қарайды және мынадай:
      1) ұйымдарды немесе жеке тұлғаларды көрсетілген тізбеден алып тастау туралы;
      2) дәлелді негіздерді бере отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелді шешімдердің бірін қабылдайды.
      Өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағымдана алады.
      8. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлға өзінің тыныс-тіршілігін, отбасының өзімен бірге тұратын, дербес кіріс көздері жоқ мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша:
      1) күнтізбелік ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққанда «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде еңбекақы түрінде алынған;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер түрінде алынған ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы мониторингі субъектісіне жүгінуге, сондай-ақ салықтар, айыппұлдар төлеуге, бюджетке өзге де міндетті төлемдер жүргізуге құқылы.
      Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
      Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен ұйымдар мен жеке тұлғаны алып тастау терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген ұйымдар мен тұлғаларға тиесілі мүліктің пайдаланылуын тоқтатып қою жөніндегі шара қолданудың күшін жою үшін негіз болып табылады.
      9. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғалардан мүлік, оның ішінде заңды тұлғалардан оқшауланған мүлік табылған жағдайда уәкілетті орган мұндай мүлікке тыйым салу туралы мәселені шешу үшін бұл мәліметтерді дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына береді.»;
      10) 13-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуға, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.»;
      1-1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Қаржы мониторингі субъектілері, осы Заңның 12-бабының 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне ұйымның немесе жеке тұлғаның енгізілгені туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет ресурсында орналастырылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей пайдалануды тоқтатып қою жөнінде мынадай шараларды қолдануға:»;
      «осындай тұлғаға банктік шотқа ақша есептеуді қоспағанда, осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартуға міндетті.»;
      2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда операцияларды тоқтып қою жөніндегі шаралар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.»;
      5-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Уәкілетті орган, осы Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген операцияларды қоспағанда, күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін ақпаратты дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына береді, ол уәкілетті органнан күдікті операцияны тоқтата тұру туралы хабарламаны алған кезден бастап сегіз сағаттың iшiнде ақпаратты құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылысын:
      «Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде операцияларды жүргізу туралы не оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қаржы мониторингі субъектісіне жеткізеді.»;
      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар жүргiзуді тоқтата тұру және оларды пайдалануды тоқтатып қою мұндай тоқтата тұру және пайдалануды тоқтатып қою салдарынан туындаған залал, оның ішінде айырылып қалған пайда үшін мемлекеттік органдардың азаматтық-құқықтық немесе өзге де жауаптылығының туындауына негіз болып табылмайды.»;
      11) 16-бап мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адвокаттарды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің есебін жүзеге асырады;
      13-2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адвокаттарды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
      13-3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында Тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
      13-4) Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидасы мен кезеңділігін, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бәсеңдетуге бағытталған шараларды әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;»;
      12) 17-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды күдікті операциялардың белгілері анықталған жағдайда үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығаруға;»;
      13) 18-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне ұйымның немесе жеке тұлғаның енгізілгені туралы уәкілетті органның ақпараты ресми интернет ресурста орналастырылған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануды тоқтатып қою жөнінде шара қолдануға;
      1-2) осындай ақпаратты уәкілетті органға бере отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау мәніне коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізуге;».
      13. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
      68-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғалардың көлік құралдарын тіркеу органына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш жасауы;».
      14. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
      6-баптың 1-тармағының 48) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «48) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер табыс етуге;».
      15. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат):
      көрсетілген Заңға үшінші қосымша мынадай мазмұндағы 35-тармақпен толықтырылсын:
      «35. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қаржы мониторингінің субъектілері болып табылатын тұлғалар қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама.».
      2-бап.
      1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 3, 8, 9, 10 және 11-тармақтарын, 1) тармақшасының бесінші абзацын, 3) тармақшасының үшінші, бесінші – он алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасының он үшінші – он бесінші абзацтарын, 5), 9) және 10) тармақшаларын, 12-тармағы 13-тармақшасының екінші абзацын және 13-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы,
6 және 7-тармақтары, 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары, 2) тармақшасы, 3) тармақшасының төртінші және он жетінші абзацтары, 4-тармақшасының екінші – он екінші абзацтары, 6) тармақшасының екінші – жетінші абзацтары, 7) және 8) тармақшалары, 12-тармағы 11) тармақшасының екінші – төртінші абзацтары және 15-тармағы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады