Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісімге қосымша келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 299 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісімге қосымша келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісімге қосымша келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 299 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісімге қосымша келісім

      Осы Қосымша келісім (бұдан әрі - Қосымша келісім) бірлесіп «Тараптар» (және жеке-жеке Тарап) деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (бұдан әрі - ЕҚДБ немесе Банк) арасында Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚДБ-ның техникалық ынтымақтастық шотына (бұдан әрі - Шот) қатысты жасалады.

ӨЙТКЕНІ

      (А) 2013 жылғы 1 шілдеде Тараптар Шотқа қатысты келісім (бұдан әрі - Келісім) жасасты;
      (В) Тараптар Келісімге сәйкес өз тәжірибесін және техникалық көмек пен өзге де консультациялық қолдауды тиімді тартудың және жүзеге асырудың табысты нәтижелерін дамытуға және осы Келісім шеңберінде өздерінің өзара іс-қимылдарын жалғастыруға және кеңейтуге ниетті. Осы мақсатпен Үкімет Шотты толықтыру арқылы ынтымақтастыққа қосымша қаражат бөлуге ниетті.
      (С) Айталық, Тараптар кейбір тұстарда өзгерістер енгізуге және бұдан әрі осы Қосымша келісімде көрсетілген көлемде және шарттарда Үкімет ынтымақтастыққа бөлген қосымша қаражатпен Шотты толықтыру туралы уағдаласуға ниетті.

ОСЫЛАЙША, Тараптар осы арқылы төмендегілер туралы келіседі:

1-БАП. КЕЛІСІМГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ

      Осы Қосымша келісім күшіне енген күннен бастап Келісімге өзгерістер мынадай түрде енгізіледі:
      1.1. Келісімнің және Келісімге 1-қосымшаның бүкіл мәтіні бойынша «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген сілтемелер «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» деген сілтеме ретінде түсінілсін.
      1.2. Келісім кіріспесінің (С) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «(С) Тараптар Шотты іске асыру барысында бағыттары мен іс-шаралары толықтырылуы мүмкін Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы экономикасының кейбір секторларында, оның ішінде 2014 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚЦБ арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік уағдаластық (бұдан әрі - Әріптестік туралы келісім) шеңберіндегі осындай бағдарламаларды, жобаларды немесе іс-шараларды («Бағдарлама») іске асыруға қатысты техникалық көмек пен өзге де консультациялық қолдауды ұсынуға және көрсетуге ниетті.».
      1.3. Келісімнің 8-бабы мынадай мазмұндағы 8.5-тармақпен толықтырылсын:
      «8.5. 8.3-тармақтың ережелері, егер қосымша келісімге сәйкес тікелей нысанда өзгеше көзделмесе, Келісімнің 3.2-тармағында көзделген қосымша келісімге сәйкес жүзеге асырылған толықтыруға қатысты қолданылмайды. Әрбір тиісті жылдың басында Тараптар өз өкілдері арқылы жыл сайынғы бағдарламаға енгізілуге жататын іс-шараларды талқылайды. Жыл сайынғы бағдарлама Үкімет атынан Ұлттық экономика министрлігі және ЕҚДБ арасында жасалады және іс-шаралар тізбесін, оларды іске асыру сомалары мен мерзімдері көрсетілген бір жылға арналған болжамды жұмыс жоспары болып табылады, сондай-ақ жыл бойы жаңа жобаларды енгізуді көздейді. Кейінгі жылға ұсынылған тапсырмаларды қаржыландыруға жоспарланған бюджетке қосымша жыл сайынғы бағдарлама барысында игерілмеген қаражат Шотта қолжетімді болып қалады.».
      1.4. Келісімнің 16-бабы мынадай мазмұндағы 16.5-тармақпен толықтырылсын:
      «16.5. 16.2, 16.3 және 16.4-тармақтарға қарамастан, Келісімнің 3.2-тармағында көрсетілген толықтыру туралы келісім есептілікке қойылатын, оның ішінде осындай Толықтыру туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылған толықтыруды игеруге қатысты есепті кезеңдер мен есептердің мазмұны бойынша ерекше талаптарды көздеуі мүмкін.».

2-БАП. ШОТТЫ ТОЛЫҚТЫРУ

      2.1. Үкімет, егер Келісімнің 20.2-тармағында өзгеше көзделмесе, Келісімге және осы Қосымша келісімге сәйкес Әріптестік туралы келісім шеңберінде тапсырмаларды қаржыландыру мақсаттары үшін Шотты толықтыру ретінде 11500000 евро көлеміндегі соманы өтелмейтін негізде бөледі (бұдан әрі - толықтыру).
      2.2. Толықтыруды Үкімет ЕҚДБ төлем талабында көрсеткен Банктің Шотына ақша нысанында ЕҚДБ-ға мынадай түрде:
      (а) осы Қосымша келісім күшіне енген күннен бастап 3000000 евро сомасындағы бірінші толықтыру Банктің төлем талабын алғаннан кейін 15 күннің ішінде;
      (б) 8500000 евро көлеміндегі екінші төлем 2015 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірмей Банктің төлем талабын алған күннен бастап 15 күннің ішінде төленеді. Тиісті есеп қоса берілетін Банктің төлем талабы тікелей алдыңғы төлемнің кемінде 70 %-ы Бағдарлама шеңберіндегі жобаларға/іс-шараларға бөлінгенін растауы тиіс.
      2.3 Банк Үкіметке толықтыруды игеру бойынша есептерді мынадай түрде ұсынады:
      (а) Толықтыру ресурстарын игеру бойынша жартыжылдық есептер;
      (б) Банктің есептілік нысанына сәйкес толықтыру қаражатына жүзеге асырылған әрбір жекелеген тапсырма бойынша жылдық есептер.
      2.4. Осы Қосымша келісім осы Қосымша келісімнің 1-бабымен енгізілген өзгерістерге сәйкес Келісімде көрсетілген шарттармен регламенттеледі және Келісімнің шарттары осы Қосымша келісімге толық көлемде енгізілген және бұдан әрі осы Қосымша келісімде көрсетілген шарттармен толықтырылған болып есептеледі.

3-БАП. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      3.1. Осы Қосымша келісім екі Тараптың соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
      3.2. Егер Қосымша келісімнің 1-бабында өзгеше көзделмесе, Келісімнің барлық басқа шарттары өзгеріссіз қалады, осы Қосымша келісімде қамтылған, Келісімге жасалған барлық сілтемелер осы Қосымша келісіммен енгізілген өзгерістер ескерілген, Келісімге жасалған сілтемелер деп саналады.
      3.3. Осы Қосымша келісімде пайдаланылған, Келісімде анықтама берілген барлық терминдер, егер осы Қосымша келісімде тікелей нысанда өзгеше көзделмесе, Келісімде оларға берілген мағынаға ие болады.
      3.4. Осы Қосымша келісімнің Тараптары осы Қосымша келісімнің кез келген ережесін түсіндіру немесе қолдану кезінде немесе оған байланысты туындайтын барлық дауларды немесе келіспеушіліктерді немесе талап-арыздарды консультациялар мен келіссөздер барысында бейбіт келісім тәртібімен реттейді.
      3.5 Осы Қосымша келісімде ештеңе де Банкке, Банктің тапсырмаларын орындайтын оның басқарушыларына, директорларына, директорларының орынбасарларына, лауазымды адамдарына, қызметшілеріне немесе сарапшыларға берілген артықшылықтардан, иммунитеттер мен алып қоюлардан анық немесе болжамды бас тарту ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН төменде қол қоюшылар, өздерінің тиісті түрде өкілеттік берілген өкілдері арқылы әрекет ете отырып, осы Қосымша келісімге әрқайсысы екі төлнұсқа данада қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қол қойды. Осы Қосымша келісімнің қолданылуы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған күннен бастап тоқтатылады. Үш тілдегі нұсқалар арасында әртүрлі оқулар немесе қайшылықтар болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқа басым күшке ие болады.

      Қазақстан Республикасының        Еуропа Қайта құру және
            Үкіметі үшін                  Даму Банкі үшін

Қосымша келісімге
А қосымша

Әріптестік шеңберінде шотты толықтыру үшін техникалық ынтымақтастық іс-шараларын бекіту нысаны

1. Қысқаша сипаты

Бөлім


Тапсырманың атауы


Өңір


Сектор


Іске асыру мерзімдері


Инвестицияларға бекітілуі

Иә/Жоқ

Стратегиялық диалог

Иә/Жоқ

Түсіндірмелер



Бюджет





Үйлестіру кеңесі мақұлдады, Күні



Бенефициар




Тапсырманың
мақсаты



Міндеттері мен қызметі

Тапсырманың сипаты






Тәуекелдер

Болжамды




Нәтижелер

Жоспарлы




ЕҚДБ қаржыландыруы (кредит және т.б.)

Иә/Жоқ

Көлемі (евро)




2. ЕҚДБ нысаны бойынша техникалық тапсырма
3. Егжей-тегжей болжамды бюджет
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдады:

Сомасы, евро


Т.А.Ә.


Қолы


Лауазымы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады