Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысы.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2), 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.

      2. "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1590 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 62-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 395 қаулысына
қосымша

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 724 (16.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы

1

2

3

1-сынып - "қызметке берілетін рұқсаттар"

1.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік

2.

Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою

Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік

3.

Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке, қайта есепке қою

Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік

4.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке, қайта есепке қою

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке, қайта есепке қою туралы анықтама


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады