Байланыс формасы

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар мен "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті органды айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 437 қаулысы.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті орган болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.07.2019 № 501 қаулысымен.

      2. "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 77 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 244-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады