Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 509 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жалпы құны 1200441766 (бір миллиард екі жүз миллион төрт жүз
қырық бір мың жеті жүз алпыс алты) теңге болатын «Қарағанды қаласындағы көзі нашар көретін балаларға арналған 250 орындық мектеп-интернат» құрылысы аяқталмаған объектісі жобалық-сметалық құжаттамамен бірге республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің теңгерімінен Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қарағанды облысының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп,
заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген
мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады