"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 531 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2015 жылғы      
№ Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлерiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) әскери нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы № 3228 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 47, 451-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) әскери нышандары туралы»;
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін (Республикалық ұлан) мемлекеттік сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
      1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) (бұдан әрі – Объектілерді қорғау қызметі) әскери нышандары мыналар болып белгiленсiн:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің туы (оның iшiнде, әскери-теңiз туы, корабльдер мен кемелердiң жалаушалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдарының тулары мен брейд-жалаушалары), Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тулары;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің, Объектілерді қорғау қызметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлімдерінің, жоғары әскери оқу орнының жауынгерлік жалаулары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және оған бағынысты органдардың жалаулары;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Объектілерді қорғау қызметінің нышандары.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының туларының бейнесi мен сипаттамасы (түрлi-түстi және графикалық бейнелерi мен сипаттамаларының мәтiндерi қоса берiлiп отыр);
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлімдерінің, жоғары әскери оқу орнының жауынгерлік жалауларының сипаттамасы (осы Жарлықтың 3-тармағы);
      3) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жалауының және Объектілерді қорғау қызметі бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының бейнесi мен сипаттамасы (түрлi-түстi және графикалық бейнесi мен сипаттама мәтiнi қоса берiлiп отыр);
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің нышандарының бейнесi мен сипаттамасы (түрлi-түстi бейнелерi мен сипаттамаларының мәтiндерi қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрамалары мен бөлiмдерiнiң жауынгерлiк жалаулары – көлемi, пiшiмдiк шешiмi және дайындалған материалдары бойынша «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 шiлдедегi № 3068 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің құрамалары мен бөлiмдерiнiң жауынгерлік жалауларына сәйкес келедi, бiрақ матаның iшкi жағының ортасына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi нышанының орнына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тиiстi нышаны, ал төменгi жиегiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы құрамасының, бөлiмiнiң атаулары кестеленiп жазылады;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының жалаулары көлемi, пiшiмдiк шешiмi мен дайындалған материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жалауына сәйкес келедi, бiрақ матаның бет жағының төменгi жиегiне iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, жоғары оқу орнының атауы кестеленiп жазылады;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің құрамалары мен бөлiмдерінiң жауынгерлiк жалауларын, сондай-ақ өздерiне бағынысты органдардың жалауларын сақтау, ұстау және алып шығу тәртібінің мәселелерiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларының тиiстi ережелерiн басшылыққа алады деп белгіленсін.
      4. Мыналар:
      1) әскердiң қай түрiне қатысты екенiне қарамастан, әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери жиынға шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің құрамалары мен бөлiмдерiнiң туларын, жауынгерлiк жалауларын, нышандарын құрмет тұтуы, ұрыс қимылдары кезiнде жауынгерлiк жалауларды жанқиярлықпен қорғауы және олардың қарсыластың қолына түсiп кетуiне жол бермеуі қажет;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің нышандарының қорлануына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады деп белгіленсін.
      5. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тулары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кабинеттерінде орнатылады, әскерлердің шеруіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қатысуымен байланысты басқа да қажетті жағдайларда алып шығарылады (тігіледі);
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдерi мен кемелерiнiң әскери-теңiз туы, лауазымды адамдарының жалаушалары, тулары мен брейд-жалаушалары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери (корабльдiк) жарғыларында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдерi мен кемелерiне тiгiледi;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Объектілерді қорғау қызметінің нышандары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Объектілерді қорғау қызметінің орталық аппаратының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы штабтарының, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты органдарының, бөлiмдер мен құрамалар штабтарының, әскери-оқу, оқу және өзге де орындардың ғимараттарында тiгiледi;
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бұйрықтарымен немесе өзге де актілерімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің нышандарының бейнелерін міндетті түрде жаңғыртудың басқа да жағдайлары көзделуі мүмкін деп белгiленсiн.»;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкi әскерлерi нышанының сипаттамасы осы өзгерістер мен толықтыруға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкi әскерлерi туының сипаттамасы осы өзгерістер мен толықтыруға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 15, 141-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде:
      36-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) теріс себептермен қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО-ның Қарулы Күштеріндегі, ішкі, шекара әскерлеріндегі, Ұлттық ұланындағы, басқару органдарындағы және азаматтық қорғаныс бөлімдеріндегі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен бұрынғы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіндегі, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі сержант пен офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, мерзімнен тыс қызмет әскери қызметшілерінің әскери қызмет өткерген;»;
      3. «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына:
      жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
      мына:
«Төрағаның орынбасары (кадр, қаржы-          - ұлттық қауіпсіздік
шаруашылық мәселелеріне жетекшілік                 генерал-майоры
ететінді қоспағанда)                                            »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Төрағаның орынбасары                        - ұлттық қауіпсіздік
                                                 генерал-майоры»;
      мына:
«Шекара қызметі өңірлік                          - генерал-майор,
басқармасының бастығы                              контр-адмирал»
      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Шекара қызметі академиясының                    - генерал-майор
бастығы                                                        »;
      жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      жоғарыда аталған Жарлыққа 8-қосымша алып тасталсын.
      4. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінде:
      86-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде берет – ашық жасыл түсті;»;
      127-тармақтың екінші бөлігінің 3), 4) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінде ортасында тудың ақшыл көгілдір түсті матасына салынған күн және оның астында сары алтын түсті қалықтаған қыран орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН», төменгі бөлігінде «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН» деген жазу;
      4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдарының әскери қызметшілерінде «көгілдір түсті жер шары», оның ортасында – «ақ түсті жел бағыты» бейнесі, оның ортасында қызғылт сары шеңбер бар, оның ішінде көк түсті үшбұрыш сипатталған. Жоғарғы бөлігінде – «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу, төменде – «ТЖК» деген әріптер, олардың астында алтын түстес қалықтаған қыран;»;
      «9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілерінде ашық жасыл түсті шеңбер, ортасында – күн бар, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – «ҚАЗАҚСТАН», төменде – «ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ» деген жазу;»;
      133-тармақтың 1), 3), 5), 6), 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салтанатты және күнделікті фуражкаларға арналған эмблемасы бар кокарда (Әскери-теңіз күштерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен, Объектілерді қорғау қызметінен, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдарынан басқа) қызыл түсті жұлдызды білдіреді, жұлдыздың ортасында ені бойынша жартылай сопақша нысанды лавр бұтақшаларымен айшықталып көмкерілген алтын түстес күн мен оның астында қалықтаған қыран. Эмблемасы бар кокарда негізі фуражка төбесіндегі мата түсіндегі алтын түстес металл қосылған, жұлдыз бен қыран жібек, лавр бұтақшалары алтындатылған зер жіппен, жиегі көмкермемен төбесіндегі мата түсіндегі жіппен кестеленген (аға және кіші офицерлер құрамы, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздар үшін – алтын түстес зер жіп);»;
      «3) Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдары әскери қызметшілерінің салтанатты және күнделікті фуражкаларына арналған эмблемасы бар кокарда осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген эмблемасы бар кокардаға ұқсас, бірақ кокарда ортасында – ақ түсті «жел бағыты», оның ортасында қызғылт түсті шеңбер, ішінде көк түсті үшбұрыш;»;
      «5) күнқағары бар малақайларға арналған кокарда (Әскери-теңіз күштерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен, Объектілерді қорғау қызметінен, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдарынан басқа) –жартылай сопақша нысанды. Көгілдір негізде бесбұрышты жұлдыз түрінде түсті металл қоспасынан жасалады, оның астында алтын түстес қалықтаған қыран. Кокарданың жиектері алтын түстес сәуле түрінде жасалған;
      6) далалық фуражкаларға арналған кокарда (Әскери-теңіз күштерінің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдерінің, Объектілерді қорғау қызметінің әскери қызметшілерінен, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдарынан басқа) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгенге ұқсас, тек қорғаныш түсті болады;»;
      «8) Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдары әскери қызметшілерінің күнқағары бар малақайларына арналған кокарда осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген кокардаға ұқсас, бірақ кокарда ортасында – ақ түсті «жел бағыты», оның ортасында қызғылт түсті шеңбер, ішінде көк түсті үшбұрыш;
      9) Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдары әскери қызметшілерінің далалық фуражкаларына арналған кокарда осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кокардаға ұқсас, тек бүркеніш түсті, кокарда ортасында – «жел бағыты», оның ортасында шеңбер, ішінде үш бұрыш;»;
      135-тармақтың екінші бөлігінің 1) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бесбұрышты жұлдыз, жұлдыз ортасында күн және оның астында қалықтаған қыран (Аэроұтқыр әскерлерінен, Әскери-теңіз күштерінен, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен, Объектілерді қорғау қызметінен, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдарынан басқа);»;
      «7) ортасында қызғылт түсті шеңбер бар «жел бағыты», оның ішінде көк үшбұрыш (Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдары үшін).»;
      139-тармақтың 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бесбұрышты жұлдыз, жұлдыз ортасында күн және оның астында қалықтаған қыран (Әскери-теңіз күштерінен, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен, Объектілерді қорғау қызметінен, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдарынан басқа);»;
      «4) «жел бағыты» және оның астында қалықтаған қыран (Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдары үшін).»;
      140-тармақтың екінші бөлігінің 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың (Әскери-теңіз күштерінен, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен, Объектілерді қорғау қызметінен, Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінен басқа) әскери қызметшілерінде - диаметрі 44 мм бесбұрышты жұлдыз, жұлдыз ортасында - күн және оның астында қалықтаған қыран;»;
      «4) Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдарының әскери қызметшілерінде – көлемі 44 мм - 30 мм «жел бағыты» және осы бейне астында қалықтаған қыран.»;
      141-тармақтың екінші бөлігінің 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) аға және кіші офицерлер құрамында, келісімшарт бойынша сержанттар мен сарбаздарда, орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттарында, Кадет корпусының және «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерінде (Әскери-теңіз күштерінен, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен, Объектілерді қорғау қызметінен, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдарынан басқа) бесбұрышты жұлдыз, жұлдыздың ортасында күн және оның үстінде алтын түстес қалықтаған қыран бейнеленген;»;
      «5) Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдарының әскери қызметшілерінде «жел бағыты» бейнеленген.»;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттеріне 1-қосымшада:
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің фуражкаларындағы айнала жиектер мен жиектердің, пилоткаларындағы жиектердің, тельняшкаларындағы жолақтардың, шалбарларындағы жиектер мен лампастардың, мундирлері мен кительдеріндегі жиектердің түсінде, береттерінің түсінде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті*» деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы*»;
«

Орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттары



-

берет
қара жусан түстес

-

-

                                                                   »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Әскери оқу орындарының курсанттары



-

берет
қара жусан түстес

-

-

                                                                  »;

      «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті»;
      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
      «* Ұлттық ұланның біліктілік сынақтарынан өткен арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне теңбіл түсті берет пен тельняшка беріледі және оларды кию құқығы беріледі.»;
      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттеріне 2-қосымшада:
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері
мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің погондарындағы
жолақтардың, көмкермелердің, негіздер мен жапсырмалардың түсінде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті» деген кіші бөлімдерде:
      тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы»;
«

Орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттары

қара жусан түстес

теңбіл

алтын түстес

                                                                   »

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

Әскери оқу орындарының курсанттары

қара жусан түстес

теңбіл

алтын түстес

                                                                  »;

      «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі» деген кіші бөлімдердің тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті»;
      «Жоғарғы Бас қолбасшының жеңдегі белгісі, сондай-ақ әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тиістілігін көрсететін жеңдегі белгілер» деген 195-суретте:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті» деген жеңдегі белгі осы өзгерістер мен толықтыруға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі» деген жеңдегі белгі осы өзгерістер мен толықтыруға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген жеңдегі белгі осы өзгерістер мен толықтыруға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің бас киімдеріндегі эмблемасы бар кокардалар» деген 201-суретте:
      Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлімдері жоғары, аға және кіші офицерлер құрамының, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарының құлақшынына, фуражкасына, пилоткасына, беретіне кокарданың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдары жоғары, аға және кіші офицерлер құрамының, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарының құлақшынына, фуражкасына, пилоткасына, беретіне кокарда»;
      Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлімдері жоғары, аға және кіші офицерлер құрамының, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарының далалық фуражкасына кокарданың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдары жоғары, аға және кіші офицерлер құрамының, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарының далалық фуражкасына кокарда»;
      Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлімдері аға және кіші офицерлер құрамының, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарының салтанатты және күнделікті фуражкаларына эмблемасы бар кокарданың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдары аға және кіші офицерлер құрамының, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарының салтанатты және күнделікті фуражкаларына эмблемасы бар кокарда»;
      «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің беретіне жапсырма» деген 203-суретте:
      Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлімдері әскери қызметшілерінің беретіне жапсырманың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдары»;
      Ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің беретіне жапсырманың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық ұлан»;
      «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары аға және кіші офицерлер құрамының, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттарының (старшиналарының), сарбаздарының (матростарының) салтанатты белдігіне тоға» деген 205-суретте:
      Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлімдері әскери қызметшілерінің салтанатты белдігіне тоғаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдары әскери қызметшілерінің салтанатты белдігіне тоға»;
      «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттарының (старшиналарының), сарбаздарының (матростарының), орта және жоғарғы әскери оқу орындары курсанттарының, Кадет корпусы және «Жас ұлан» республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің салтанатты белдігіне тоға» деген 206-суретте:
      Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлімдері әскери қызметшілерінің салтанатты белдігіне тоғаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау басқару органдары әскери қызметшілерінің салтанатты белдігіне тоға»;
      «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің нысанды киім-кешегіне түймелер» деген 207-суретте:
      Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлімдерінің аға және кіші офицерлер құрамы, келісімшарт бойынша сержанттары мен сарбаздары, орта және жоғарғы әскери оқу орындарының курсанттарының нысанды киім-кешегіне түймелердің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті азаматтық қорғау басқару органдарының аға және кіші офицерлер құрамы, сержанттары мен сарбаздары (келісімшарт бойынша), орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттары».

Қазақстан Республикасы Президентінің
                2015 жылғы            
№ Жарлығымен бекітілген      
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін  
өзгерістер мен толықтыруға     
1-ҚОСЫМША             

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
1996 жылғы 20 қарашадағы
№ 3228 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН        

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы нышанының сипаттамасы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының нышаны төменгi жағынан көк түстi қалықтаған қыранның кескiндi бейнесiмен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының элементi) қамтылған күн шұғылалары бейнесі ретінде бейнеленген, сәулелердің ортаңғы бөлігінде алтын-сары түстес шаңырақтың бейнесi (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының элементi) орналасқан, оның үстінде атпен шауып келе жатқан, қолында теңбіл түсті сабы бар ту ұстаған салт атты адам бейнеленген. Күн сәулелері мен қалықтаған қыранның кескінді бейнесінің арасында қазақ тілінде «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН» деген жазу орналасқан. Жазу, сәулелердің бейнесі мен қыранның кескiндi сұлбасы алтын-сары түспен көмкерiлген.

Қазақстан Республикасы Президентінің
                2015 жылғы            
№ Жарлығымен бекітілген      
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін  
өзгерістер мен толықтыруға     
2-ҚОСЫМША              

      Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
1996 жылғы 20 қарашадағы
№ 3228 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН       

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы туының сипаттамасы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының туы – ортасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының нышаны орналасқан көк түстi тiк бұрышты екi жақты мата.
      Тудың жалпы енi мен ұзындығының арақатынасы 1:2. Тудың жекелеген элементтерінің дәлме-дәл арақатынастары мен өлшемдері қоса беріліп отырған графикалық бейнеде берiлген.

Қазақстан Республикасы Президентінің
                2015 жылғы            
№ Жарлығымен бекітілген      
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін  
өзгерістер мен толықтыруға     
3-ҚОСЫМША             

      Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
      2000 жылғы 12 мамырдағы
№ 392 Жарлығына    
3-ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары офицерлік және басшы құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар тізбесі

Ішкі істер министрі                     - полиция генерал-полковнигі
Министрдің бірінші                      - полиция генерал-лейтенанты
орынбасары
Министрдің орынбасары                   - полиция генерал-майоры
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы              - генерал-лейтенант
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының           - генерал-майор
бірінші орынбасары                      – Бас штаб бастығы
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының           - генерал-майор
орынбасары
Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылық         - генерал-майор
қолбасшысы
Өңірлік қолбасшылық                     - генерал-майор
қолбасшысының бірінші орынбасары        – штаб бастығы
Ұлттық ұлан Әскери институтының         - генерал-майор
бастығы
Қылмыстық-атқару жүйесі                 - әділет генерал-майоры
комитетінің төрағасы
Төтенше жағдайлар комитетінің           - генерал-майор
төрағасы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының      - полиция генерал-майоры
Терроризмге қарсы орталығындағы
өкілетті өкіл
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының      - полиция генерал-майоры
аумағындағы Ұйымдасқан қылмысқа
және қылмыстың өзге де қауіпті
түрлеріне қарсы күресті үйлестіру
жөніндегі бюродағы өкілетті өкіл
Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,        - полиция генерал-майоры
Қарағанды, Қостанай, Павлодар,
Оңтүстік Қазақстан облыстарының,
Астана және Алматы қалаларының
ішкі істер департаменттерінің
бастықтары
Академия бастығы                        - полиция генерал-майоры

Қазақстан Республикасы Президентінің
                2015 жылғы            
№ Жарлығымен бекітілген      
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін  
өзгерістер мен толықтыруға     
4-ҚОСЫМША            

Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланы

Қазақстан Республикасы Президентінің
                2015 жылғы            
№ Жарлығымен бекітілген      
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін  
өзгерістер мен толықтыруға     
5-ҚОСЫМША            

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті

Қазақстан Республикасы Президентінің
                2015 жылғы            
№ Жарлығымен бекітілген      
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін  
өзгерістер мен толықтыруға     
6-ҚОСЫМША             

Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады