"Қазимпэкс" республикалық орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 619 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс (арнаулы мақсаттағы телекомуникация желілерін қоспағанда), коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы мен тіршілікті қамтамасыз ететін басқа да жүйелері саласындағы шаруашылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйым болып белгіленсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

О некоторых вопросах акционерного общества "Республиканский центр "Казимпэкс"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 619

      В соответствии с пунктом 3 статьи 23 Закона Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года «Об органах национальной безопасности Республики Казахстан» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить акционерное общество «Республиканский центр «Казимпэкс» организацией, осуществляющей хозяйственное обеспечение в области энерго-, водо- и теплоснабжения, транспорта, связи (за исключением сетей телекоммуникаций специального назначения), коммуникаций, коммунального и жилищного хозяйства и других систем жизнеобеспечения органов национальной безопасности Республики Казахстан.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    К. Масимов