Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 655 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 20 тамыздағы
№ 655 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 54, 596-құжат).
      2. «Қарағанды қаласы арқылы өтетін автомобиль жолын республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесіне енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1389 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 473-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы № 849 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 35, 350-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 541 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21, 275-құжат).
      5. «Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қыркүйектегі № 935 қаулысының 4-тармағы.
      6. «Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының құрамын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 683 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 28, 349-құжат).
      7. «Ақтау – Құрық және Құрық – Жетiбай автомобиль жолдарын республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне қосу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қарашадағы № 1095 қаулысының 3-тармағы.
      8. «Казталов – Жәнiбек – Ресей Федерациясының шекарасы және Ленинск – Ақсу – Көктөбе – Yлкен Ақжар - Курчатов қаласы автомобиль жолдарын республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамына енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 3 қаулысының 3-тармағы.
      9. «Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 9, 43-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1192 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 35, 336-құжат).
      11. «Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 ақпандағы № 75 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 17, 200-құжат).
      12. «Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдаланудың үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 477 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 448-құжат).
      13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 761 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 607-құжат).
      14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 24-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат).
      15. «Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 наурыздағы № 251 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 21, 347-құжат).
      16. «Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 427 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 29, 446-құжат).
      17. «I-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 29, 448-құжат).
      18. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).
      19. «Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 737 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 625-құжат).
      20. «Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 427 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 823 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 48, 675-құжат).
      21. «І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 1039 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 790-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады