"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 тамыздағы № 700 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат):
      1) мазмұны:
      41-тарау мынадай мазмұндағы 283-1 және 283-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «283-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері»;
      «283-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің бағыттары»;
      2) 1-бап мынадай мазмұндағы 61-1) және 61-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «61-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдердің (тауарлардың) және олардың орамдарының тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, уақытша сақтауды, тасымалдауды, өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша өнімдерді (тауарларды) өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері;
      61-2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдердің (тауарлардың) және олардың орамдарының тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, уақытша сақтауды, тасымалдауды, өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік емес заңды тұлға (мемлекеттік емес заңды тұлғалар) құрған ұйым;»;
      3) 17-бапта:
      29) тармақшаның отыз бірінші абзацындағы «қағидаларын бекітеді;» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші және отыз бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      «өндірушінің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдердің тізбесін;
      өндірушінің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын;
      өнімдердің (тауарлардың) және олардың орамдарының тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемді есептеу әдістемесін;
      индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп экологиялық таза автомобиль көлік құралдары мен олардың құрамбөліктерінің өндірісін ынталандыру тәртібін бекітеді;»;
      4) мынадай мазмұндағы 283-1 және 283-2-баптармен толықтырылсын:
      «283-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері
      1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдер тізбесіне сәйкес өнімдер (тауарлар) өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасы аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдердің (тауарлардың) және олардың орамдарының тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, уақытша сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды:
      1) меншік, шаруашылық жүргізу және (немесе) жедел басқару, жалдау, өтеусіз пайдалану құқығындағы стационарлық және (немесе) жылжымалы қабылдау дайындау пункттерін және (немесе) тұтыну қалдықтарын жинауға және жоюға арналған арнайы контейнерлерді, оларды түрлер бойынша бөлу үшін өндірістік желілерді (цехтер, зауыттар) және жиналған тауар қалдықтары мен орама қалдықтарын өз бетінше немесе өзге тұлғаларды қатыстырып залалсыздандыруды және пайдалануды қамтитын тауар қалдықтарын және тұтыну қалдықтарынан орама қалдықтарын жинаудың өзіндік жүйесін (бұдан әрі – қалдықтарды жинаудың өзіндік жүйесі) қолдану.
      2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен өнімдердің (тауарлардың) және олардың орамдарының тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату шартын жасау және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банк шотына өнімдердің (тауарлардың) және олардың орамдарының тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, уақытша сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақы енгізу арқылы қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдердің (тауарлардың) және олардың орамдарының тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемді есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Осы тармақтың 1) тармақшасының талаптары автомобиль құралдарын өндірушілерге және импорттаушыларға қолданылмайды.
      2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша қойылатын талаптар:
      1) өндірушілерге оларды өндіру үшін өңделген майлардың, пластмасса, шыны, қағаз және картон қалдықтарының кемінде отыз пайызын пайдаланған жағдайларда өндірілген майларды, полимерлік, шыны, қағаз және (немесе) картон орамдары бөлігінде тиісінше;
      2) өндірушілерге және импорттаушыларға Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) оған әкелінген, оның шегінен тысқары жерлерде өткізілген бөлігінде;
      3) өндірушілерге және импорттаушыларға Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) оған әкелінген, оның шегінен тысқары жерлерде өткізілген полимерлік, шыны, қағаз және (немесе) картон орамдары, орауға арналған және (немесе) тауарлар оралған аралас материалдардан жасалған орамдар бөлігінде қолданылмайды.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында өнімдерді (тауарларды) өндіруді және (немесе) әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар коммерциялық емес заңды тұлға нысанында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын құруға құқылы.
      283-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің бағыттары
      Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өзінің банк шотына келіп түскен қаражатты:
      1) жеке және заңды тұлғаларға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдердің (тауарлардың) және олардың орамдарының тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болған қалдықтарды (өндіріс қалдықтарынан алынған және (немесе) заңды тұлғалардан немесе дара кәсіпкерлерден заңды тұлғаларға немесе дара кәсіпкерлерге берілген өнімдердің (тауарлардың) және олардың орамдарының тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болған қалдықтарды қоспағанда, оларда осы қалдықтар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болған), бұл қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін берген жағдайларда жеке жинау және қайта өңдеу бойынша шығыстардың өтемақысына;
      2) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4-экологиялық сыныпқа және одан жоғарыға сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамбөліктерінің өндірісін ынталандыруға, оларды өндірушілерге мынадай бағыттар бойынша:
      жұмыс орындарын ұстауға;
      энергоресурстарды пайдалануға;
      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыруға;
      өнімдерді шығаруға байланысты сынақтарды өткізуге;
      кепілді міндеттемелерді қолдауға қаржы бөлу арқылы төлем түрінде жібереді.
      Экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының және олардың құрамбөліктерінің өндірісін ынталандыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мыналарды:
      қаржыландыру мерзімі мен көлемдерін көрсете отырып, экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының өндірушілері және өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт нысанын;
      экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының өндірісі туралы есептілік нысандарын және өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторына оларды ұсыну мерзімдерін;
      экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын өндірушілерге қойылатын талаптарды белгілейді;
      3) Қазақстан Республикасы аумағында олар үшін залалсыздандыру және (немесе) пайдалану бойынша объектілері жоқ, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдердің (тауарлардың) және олардың орамдарының тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарын Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде залалсыздандыру және (немесе) пайдалану үшін сақтауды және беруді ұйымдастыруды;
      4) қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді, жарнама, білім беру қызметін, қалдықтармен және қосалқы ресурстармен жұмыс істеу саласындағы маркетингтік зерттеулерді қаржыландыруды;
      5) қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату саласындағы эксперименттік, тәжірибелік, жобалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруды;
      6) қалдықтарды жинау және қосалқы шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын енгізуді, қатты тұрмыстық қалдықтар мен қосалқы ресурстарды сұрыптау және (немесе) пайдалану бойынша зауыттар (өндірістер) салуды, қосалқы ресурстарды жинауды және (немесе) пайдалануды, коммуналдық қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруді;
      7) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өз функцияларын жүзеге асыруына байланысты қызметті қаржыландыруды;
      8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының заңнамасы айқындайтын өзге де қызметті белгілейді.».
      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; 2015 жылғы 22 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 21 шілдедегі Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 тамыздағы Заңы):
      1) 39-2-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Республикалық бюджеттен төленетін:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ғана қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға;
      2) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорын құру, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларда үлестік қатысу үшін ғана дербес кластерлік қорға өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады.»;
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дербес кластерлік қор, ұйымдар тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелілігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады.»;
      2) 67-баптың 12-1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дербес кластерлік қордың, ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.».
      3. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7-құжат, 10; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114; 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 57-құжат; 2015 жылғы 22 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 21 шілдедегі Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 тамыздағы Заңы):
      1) 99-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы «инвестициялық табыстары алып тастауға жатады.» деген сөздер «инвестициялық табыстары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорын құру, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорлардағы үлестік қатысу үшін ғана бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасымен айқындалған дербес кластерлік қордың кірісі алып тастауға жатады.»;
      2) 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бөлім. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға және инвестициялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу»;
      3) 231-баптың 3-тармағының 22) тармақшасындағы «басқаруы өткізу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «басқаруы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
      «23) Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасымен айқындалған дербес кластерлік қордың, трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорын құру, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорлардағы үлестік қатысу үшін ғана бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен нысаналы аударымға бағытталған төлемдер алуы өткізу бойынша айналым болып табылмайды.»;
      4) 255-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінің 13) тармақшасындағы «заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «заттардың импорты;» деген сөздермен ауыстырылып мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
      автоқұрауыш мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген;
      осындай автоқұрауышты әкелу Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көзделген құжаттарда ресімделген;
      қосылған құн салығын төлеуші кеден органына талап қою мерзімі шегінде әкелінетін автоқұрауыштарды пайдалану міндеттемесін моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана берсе, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен моторлық көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеуші пайдаланатын автоқұрауыштар қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме үш данада уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша толтырылады.
      Еркін айналым үшін не Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күнінен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын автоқұрауыштар бойынша қосылған құн салығы Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға, оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, төлеуге жатады;
      15) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
      шикізат және (немесе) материалдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекіткен инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорттау кезінде қосылған құн салығынан босатылған шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесіне енгізілген;
      шикізатты және (немесе) материалдарды әкелу Кеден Одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көзделген құжаттарда ресімделген;
      қосылған құн салығын төлеуші кеден органына талап қою мерзімі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды тек қана инвестициялық келісімшарт шеңберінде пайдалану туралы міндеттемені ұсынған кезде инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі шикізат және (немесе) материалдар қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме үш данада уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша толтырылады.
      Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортына қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1-күнінен бастап келесі бес жыл бойғы мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасымен екі немесе одан көп тіркелген активтерді енгізу көзделген болса, ондай жағдайда инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортына қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген актив пайдалануға енгізілген айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі.
      Еркін айналым үшін не Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға, оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, төлеуге жатады.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 13) тармақшаларында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      276-15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
      автоқұрауыш мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген;
      қосылған құн салығын төлеуші салық органына талап қою мерзімі шегінде әкелінетін автоқұрауыштарды пайдалану міндеттемесін моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана берсе, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен моторлық көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеуші пайдаланатын автоқұрауыштар қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме үш данада уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша толтырылады.
      Салық төлеуші импортталған тауарларды есепке алу күнінен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын автоқұрауыштар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға, оларды әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, төлеуге жатады;
      4) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
      шикізат және (немесе) материалдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекіткен инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорттау кезінде қосылған құн салығынан босатылған шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесіне енгізілген;
      қосылған құн салығын төлеуші салық органына талап қою мерзімі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды тек қана инвестициялық келісімшарт шеңберінде пайдалану туралы міндеттемені ұсынған. Міндеттеме үш данада уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша толтырылады.
      Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортына қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1-санынан бастап кезекті бес жыл ішіндегі мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасымен екі немесе одан көп тіркелген активтерді енгізу көзделген болса, ондай жағдайда инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортына қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген актив пайдалануға енгізілген айдың 1-санынан бастап жүргізіледі.
      Салық төлеуші импортталған тауарларды есепке алу күнінен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға, оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, төлеуге жатады.».
      4. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
      1) 6-баптың 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-2) осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасына сәйкес пайдаланылатын қаражатты қоспағанда, неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға байланысты, сондай-ақ энергия аудиті қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижесінде, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған тарифтік сметаға салынған шығындардың жете пайдаланылмаған бөлігіне дербес иелік етуге;»;
      2) 15-3-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инвестициялық бағдарламада (жобада) олар табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағаның, алымдар мөлшерлемелерінің) және олардың шекті деңгейлерінің өсуіне алып келмейтін шарттарда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға, сондай-ақ бір немесе бірнеше инвестициялық жобаны қамтитын, техникалық-экономикалық нәтиже алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражат айқындалады.».
      5. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
      25-1) әуе кемесін жалдаушы туроператор – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жолаушыларды және багажды тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше рейстерге бір әуе кемесінің (немесе бірнеше әуе кемесінің) экипажымен қоса барлық сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін пайдалануға беру туралы әуемен тасымалдаушымен (әуе кемесімен жалданушымен) әуе кемесін жалдау (чартер) шартын жасасқан туристік операторлық компания;»;
      2) 10-бап мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1) уәкілетті орган өткізген конкурс негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;
      10-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, қызметін шығу туризмі саласында іске асыратын туроператорлар мен әуе кемесін жалдаушы туроператорлар үшін банк кепілдіктерінің сомаларын, шығу туризмі саласындағы Қазақстан Республикасы азаматтары құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің шотына аударылуы тиіс сомаларын бекітеді;»;
      3) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
      «4-1-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі
      27-1-бап. Жалпы ережелер
      Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, әуе кемесін жалдаушылар туроператорлардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің және Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін уәкілетті органдар арасындағы құқықтық қатынастар жиынтығын білдіреді.
      27-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері.
      1. Мыналар:
      1) шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорлар;
      2) шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын әуе кемесін жалдаушы туроператорлар;
      3) шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын турагенттер;
      4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері болып табылады.
      2. Уәкілетті орган айқындаған, жалғыз қызмет түрі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметін атқару болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің кәсіпкерлік қызметті және басқа қызмет түрлерін жүзеге асыруға, қарыз алуға, үшінші тұлғалардың қарыздары бойынша кепілгер болуға, мүлікті кепілге өткізуге құқығы жоқ.
      4. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметі осы Заңның 27-3-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес іске асырылатын аударымдар сомасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде ұстап қалынатын комиссиялық алым есебінен қаржыландырылады.
      5. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің түсім алушылары туристер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын болып табылады.
      27-3-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің міндеттемелері
      1. Шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорларға және әуе кемесін жалдаушы туроператорларға мынадай міндеттемелер жүктеледі:
      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі айқындаған үшінші тұлғалардың пайдасына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерінде ақша сомасын төлеуді көздейтін Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес туроператор мен екінші деңгейдегі банк арасында жасалған банк кепілдігі шартының түпнұсқа данасын немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесін шығу туризмі саласында туроператорлық қызметті іске асыра бастағанға дейін ұсыну;
      туроператорлық қызметке лицензия алған кезден бастап дереу Жүйе әкімшісінің немесе Жүйе әкімшісі айқындаған туроператорлар үшін кемінде 10 миллион теңге және әуе кемесін жалдаушы туроператор үшін;
      2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің банк шотына туроператор қалыптастырған және турагент туристке өткізген әрбір туристік өнімнен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде ақша сомасын аудару.
      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің осы бапта аталған міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісіне жүктеледі.
      3. Осы бапта көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісті дәрежеде орындамайтын туроператордың немесе әуе кемесін жалдаушы туроператордың Қазақстан Республикасы азаматтарына шығу туризмі саласында туристік қызмет көрсеткенін анықтаған жағдайында, уәкілетті орган осындай жағдайлар туындаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес лицензияны тоқтата тұруды жүзеге асыруға міндетті.
      27-4-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқығын қорғау тетігі
      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша әрекеттерді жүзеге асыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі уәкілетті органмен келісу бойынша келесі жағдайларда қабылдайды:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының шығу туризмі саласында оның құқықтары бұзылған жағдайда оның жазбаша немесе ауызша өтініші болғанда;
      2) шығу туризмі саласындағы Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініші болғанда;
      3) сондай-ақ шығу туризмі саласындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне және денсаулығына қауіп төнген басқа жағдайларда.
      2. Қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі туроператордың немесе әуе кемесін жалдаушы туроператордың басшысын, туристер орналасқан елдегі Қазақстан Республикасының консулдығын (елшілігін) бір тәулік ішінде хабардар етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.
      3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында белгіленеді.».
      6. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 14-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) шикізат және (немесе) материал – бұл инвестициялық жобаны іске асыру, оның ішінде инвестициялық жобаның технологиялық процесі арқылы дайын өнімді алу үшін пайдаланылатын, кез келген құрауыш, пайдалы қазба, құрамбөлік, бөлшек немесе өзге де тауар.»;
      2) 12-бап мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
      «2-3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын тұлғаларға инвесторлық виза алу үшін өтініш хатты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен береді.»;
      3) 13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) кедендік баждарды салудан және импортқа қосылған құн салығын салудан босату»;
      4) 15-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік жиырма төрт айдан аспай жүзеге асырылса;»;
      2-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      3-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің импорты кезінде 5 жылға дейінгі мерзімге кедендік баж салудан босату тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.
      Шикізат және (немесе) материалдар импорты кезінде кедендік баж салудан босату жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтерді пайдалануға енгізген күннен бастап 5 жыл мерзiмге беріледі.
      Кедендік баж салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтерді пайдалануға енгізген күннен бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге беріледі. Егер жұмыс бағдарламасында екі немесе одан көп тіркелген активтерді пайдалануға енгізу көзделсе, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуге кедендік баж төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бірінші тіркелген актив пайдалануға енгізілген күннен бастап жүргізіледі.»;
      6) 18-4-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық жобаларды (инвестициялық басым жобаларды қоса) іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.
      2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
      1) инвестициялық басым жобалар үшін:
      есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
      жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
      мүлікке салынатын салықты салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеу;
      2) инвестициялық жобалар үшін (инвестициялық басым жобалардан басқа) – инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі шикізат және (немесе) материалдарға қосылған құн салығынан босату.»;
      6) 19-бапта:
      5) тармақша алып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер инвестициялық преференциялар беруге өтінім инвестициялық субсидиялар беруді көздейтін болса, инвестициялық басым жобаны іске асыру кезеңі ішінде инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен, мөрімен куәландырылған жоба алдындағы және (немесе) жобалық құжаттаманың сараптама қорытындысын ұсынады.».
      7. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат):
      1) 1-бапта:
      1-1) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер, табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектордың субъектілері;»;
      12-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-2) энергия аудиторы – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудитордың аттестаты бар жеке тұлға;»;
      16-1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17-1) Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық дамыту институты – Мемлекеттік энергетикалық тізілімді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;
      17-2) энергия тиімділігі картасы – қаржыландыру көзі, жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар кестелері және жоспарлары бар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі;»;
      2) 5-бапта:
      6-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-4) Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық дамыту институты айқындайды;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) энергия тиімділігі картасын әзірлеуді және іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ технологиялық әзірлемелерді жүргізуді қалыптастырады және үйлестіреді»;
      13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-1) оқу орталықтарына және энергия аудиторларына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
      13-2) энергия аудиторларының тізілімін жүргізеді;
      13-3) энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      13-4) және 13-5) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 13-6) және 13-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13-6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудитордың аттестаты нысанын бекітеді;
      13-7) энергия тиімділігі бойынша үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды таңбалау нысанын бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 17-2), 17-3) және 17-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17-2) энергия тиімділігі картасын бекітеді;
      17-3) энергия тиімділігі картасын жасау және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін айқындайды;
      17-4) энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу тәртібін бекітеді;»;
      3) 7-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
      4) 9-бапта:
      1-тармақтың 6-1) тармақшасы алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты 3), 4), 6) және 6-1) тармақшаларын қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері мемлекеттік мекемелер үшін, қағаз және электрондық жеткізгіштерде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық дамыту институтына жыл сайын бірінші сәуірге дейін ұсынады.»;
      5) 11-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Энергия тиімділігі бойынша қолданыстағы үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды таңбалау энергия аудитін жүргізу қорытындысы бойынша белгіленеді және энергия аудитінің қорытындысында көрсетіледі.»;
      6) 17-бап мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) энергия-сервистік шарттар шеңберінде жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
      9) энергия тиімділігі картасы шеңберінде жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.»;
      7) 18-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Энергия үнемдеу және пайдалынатын энергетикалық ресурстардың энергия тиімділігін арттыру мақсатында жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілері энергия сервистік компаниялармен энергия сервистік шарттар жасасуы мүмкін.
      Мемлекеттік мекемелер үлгілік энергия сервистік шартқа сәйкес мемлекеттік мекемелер үшін 6 жылдан аспайтын мерзімде энергия сервистік шарттар жасайды.»;
      8) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық дамыту институты
      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық дамыту институты:
      1) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастырады және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оны жүргізуді қамтамасыз етеді;
      2) энергия тиімділігі картасын қалыптастыруды және оны жүргізуді, оның ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергия тиімділігі картасына жобаларды енгізуді қамтамасыз етеді;
      3) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің ақпаратты беруден жалтарған немесе бұрыс ақпарат берген субъектілері туралы ақпаратты уәкілетті органға береді;
      4) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнен және аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғалардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
      5) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеді;
      6) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүзеге асыратын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар тиімділігін бағалау мен талдауды, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия ресурстарын тұтынуды талдау, алдағы өткен жылмен салыстырмалы талдау, жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы бойынша және Қазақстан Республикасында энергия ресурстарын тиімді пайдалану, үлестік шығыстар және Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергияны пайдалану нормативтерін аналитикалық зерттеу, осы Заңды іс жүзінде іске асыруды талдау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын ілгерлету бойынша ұсыныстар және уәкілетті органға жиынтық ақпаратты ұсынады;
      7) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергия аудиттер қорытындыларына талдау жүргізеді және ақпаратты уәкілетті органға ұсынады;
      8) энергия тиімділігі картасы шеңберіндегі ақпаратты, талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
      9) энергия үнемдеуді дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
      10) уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сараптау қорытындыларын және (немесе) ұсыныстар береді.».
      8. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2016 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 57-құжат):
      2-қосымша:
      мынадай мазмұндағы 369-2-жолмен толықтырылсын:
      «

369-2

Энергия аудиторларына үміткерді аттестаттау

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудитордың аттестаты


                                                                  ».

      9. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат, № 23 (2672), 143-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) технологиялық дамыту орталығы – инновациялық технологияларды дамытуға және құруға жәрдемдесетін, сондай-ақ өндірістік технологияларды күту және жүзеге асыруды қоса алғанда, жетілдіру бойынша оқытумен айналысатын орталық;
      6) трансұлттық корпорация – негізгі ұйым мен бірнеше елдер аумағындағы филиалдардан, еншілес ұйымдардан тұратын заңды тұлға (заңды тұлғалар жиынтығы);
      7) шетелдік инвестициялық қор – Қазақстан Республикасында айрықша қызмет түрі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін шоғырландыру және инвестициялау болып табылатын резидент емес заңды тұлға.»;
      2) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Қор сондай-ақ инновациялық кластер қатысушыларының тізіміне шетелдік инвестициялық қорды қосады.»;
      3) 8-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) трансұлттық корпорациялармен бірге технологиялық даму орталықтары нысанындағы бірлескен кәсіпорындарды құру, басқару және үйлестіруге қатысу;
      5-2) шетелдік инвестициялық қорларға қатысу;»;
      4) 10-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) бюджеттен нысаналы аударым;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Қордың бюджеттен алған нысаналы аударымы:
      1) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталының елу пайызға дейінгі мөлшерінде Қорды қоса қаржыландыру кезінде технологиялық даму орталығы нысанында бірлескен кәсіпорын құру;
      2) Қордың шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысуы мақсатында пайдаланылады.».
      2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2, 3, 5-тармақтарын, 6-тармағының 3) және 6) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады