"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 тамыздағы № 702 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотының арнайы мәртебесі бар.»;
      2) 4-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы бапта көзделген талаптар «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотына қолданылмайды.»;
      3) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қажет болған кезде судьяның міндетін атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен судья лауазымында болудың шекті жасына жетпеген отставкадағы судьяларға жүктеледі.»;
      4) 16-баптың 1-тармағының 9-1) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 16-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) тәртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;»;
      6) 17-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi.»;
      2-тармақтың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1) Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары мен сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) жасақтайды;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кадр резервін жасақтау және оның жұмысын ұйымдастыру тәртібін Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы бойынша Жоғары Сот Кеңесі бекітеді.»;
      7) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Жоғарғы Соттың жанында жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін арттыруды және мамандандырылған магистратурада оқытуды жүзеге асыратын Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді.»;
      8) 20-бапта:
      1-тармақтың 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) заңда көзделген негіздер бойынша сот актілерін қайта қарау туралы ұсыным енгізеді;»;
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымының бос орындарына кандидатураларды балама негізде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына енгізеді;»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесіне облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде ұсынады;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) сот төрелігін жүргізу үшін судья лауазымында болудың шекті жасына жетпеген отставкадағы судьяларды тартады;»;
      9) 22-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) сот практикасы мәселелерi бойынша нормативтiк қаулылар қабылдайды, түсiндiрмелер береді және заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
      Нормативтік қаулылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот судьялары санының білікті көпшілік даусымен және Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санының кемінде төрттен үшінің кворумы болған кезде қабылданады;»;
      7-1) тармақша алып тасталсын;
      10) 22-1-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) тәртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы он мүшеден – Жоғарғы Соттың Төрағасынан және сот алқаларының төрағаларынан, Судьялар одағының төрағасынан, Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасынан, Сот жюриінің төрағасынан, Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссияның төрағасынан, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге жіберетін екі судьядан тұрады.»;
      11) 28-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Судьялар судья жұмысында жиырма бес жылдан астам өтілі бар судьяларды қоспағанда, әр бес жыл сайын Сот жюриінде кәсіби қызметін бағалаудан өтеді.»;
      12) 29 және 30-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар
      1. Аудандық соттың судьясы болып:
      1) отыз жасқа толған;
      2) жоғары заң бiлiмi, мiнсiз беделі және заң мамандығы бойынша сот ісін жүргізуге тікелей қатысы бар (сот отырыстарының хатшылары, судьялар консультанттары (көмекшілері), сот процесіне қатысатын прокурорлар мен адвокаттар, төрешілер) кемiнде бес жыл өтілі бар;
      3) судья практикасынан нақты жағдайларды модельдейтін практикалық тапсырмалардан тұратын біліктілік емтиханын тапсырған (мамандандырылған магистратурада оқуды бітірген және онда біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуы аяқталған күннен бастап төрт жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады);
      4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растаған;
      5) сотта негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, ақы төленетін бір жылдық тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған (мамандандырылған магистратурада оқуды бiтiрген және онда біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуы аяқталған күннен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады);
      6) психологиялық тестілеуден және полиграфологиялық зерттеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын және жоғары тұрған соттың бір судьясының немесе отставкадағы бір судьяның немесе судья болып табылмайтын бір адамның жазбаша нысандағы кепілдемесін алған азамат облыстық соттың судьясы бола алады.
      Кепілдеме берілгенге дейін екі жыл ішінде тәртіптік жазаға тартылған судья кепілдеме бере алмайды.
      Судья кепілдеме берген кезде объективті болуға, өзіне белгілі дұрыс деректерді басшылыққа алуға міндетті. Кепілдеме берген кезде судья белгіленген өлшемшартарды ескереді:
      1) судьяның кепілдеме берілетін адаммен таныс болған кезеңі, сондай-ақ танысу мән-жайлары;
      2) кепілдік беріп отырған адаммен бірлесіп жұмыс істеу тәжірибесі;
      3) кепілдеме берілетін адамның кәсіби және коммуникативтік, жеке және іскерлік қасиеттері туралы судьяға белгілі мәліметтер;
      4) судьяға анық белгілі өзге де мәліметтер мен деректер.
      Судья болып табылмайтын, кепілдеме берілетін адамдар заңгерлердің кәсіби қауымдастықтарында тұруға тиіс.
      Судья болып табылмайтын адам кепілдеме берген кезде осы тармақта белгіленген өлшемшарттар ескеріледі.
      Жұмыс iстеп жүрген судьялар үшін тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы талап етілмейді.
      Тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысына Жоғарғы Соттың жалпы отырысына шағым жасалуы мүмкін.
      Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын кандидат Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады.
      3. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде жиырма жыл жұмыс өтілі бар, оның ішінде кемінде бес жыл облыстық сот судьясы жұмыс өтілі болатын он жыл судьялық жұмыс өтілі бар, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын және жоғары тұрған соттың бір судьясының және/немесе орнынан түскен бір судьяның және судья болып табылмайтын бір адамның жазбаша кепілдемесін алған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.
      4. Судьялыққа кандидаттар тұрақты негізде сотта негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, ақысы төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтеді. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.
      30-бап. Соттың судьясы, төрағасы, сот алқасының
              төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктеу
      1. Судья қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан қызметке орналасуға тең құқық қамтамасыз етіледі.
      2. Аудандық соттың төрағасы және судьялары, облыстық соттың судьялары және Жоғарғы Соттың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттар іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос орынға орналасуға өтініш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар арасынан конкурстық негізде жүзеге асырады.
      3. Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі баламалы негізде қарайды.
      4. Аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялардың немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдардың арасынан ұсынылады.
      Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялардың немесе судья лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар адамдардың арасынан ұсынылады.
      Бұл ретте аудандық сот төрағасының, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьяларының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық беріледі.
      Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы лауазымына кандидат Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады.
      Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа да соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды.
      Жоғарғы Соттың Төрағасы лауазымына кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды.
      Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының, судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды.»;
      13) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:
      «30-1-бап. Судьяның кәсіби қызметін бағалау
      1. Судьяның кәсіби қызметін бағалау деп оның кәсіби білімінің деңгейін және оларды әділ сот ісін жүзеге асыру кезінде қолдана білуін, сот қызметінің нәтижелерін, судьялардың адамгершілік, іскерлік қасиеттерін және оның осы Конституциялық заңда және Сот этикасының кодексінде қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау танылады.
      Судьяның кәсіби қызметін бағалау судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кәсіби біліктілігінің өсуін бағалау және ынталандыру, істерді қарау кезінде заңдылықты нығайтуға жапуапкершілікті арттыру, азаматтардың құқықтары мен қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында жүргізіледі.
      Судьяның кәсіби қызметін бағалау алғаш рет судья лауазымындағы жұмыстың бір жылдағы нәтижелері бойынша жүргізіледі. Кейіннен судьяның кәсіби қызметін бағалау әрбір бес жыл сайын, сондай-ақ жоғары сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына конкурсқа қатысу кезінде жүргізіледі.
      Кәсіптік қызметті кезеңдік бағалаудан жиырма бес және одан да көп жыл судьялық өтілі бар судьялар босатылады.
      2. Бір жылдық мерзім өткеннен кейін судья жұмысының нәтижелері Сот жюриінің біліктілік комиссиясының отырысында қаралады және оны Жоғары Сот Кеңесі бекітеді.
      Судья жұмысының нәтижелері мынадай өлшемшарттардың:
      1) сот төрелігін іске асыру сапасының көрсеткіштері;
      2) судья этикасы нормалары мен еңбек тәртібін сақтау негізінде қаралады.
      3. Судьяның кәсіптік қызметін бағалауды Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жүзеге асырады.
      4. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      14) 31-бап:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Аудандық соттың судьясы лауазымына алғаш рет ұсынылған адамдар судья лауазымына тағайындалар алдында Жоғарғы Сот ұйымдастыратын курстардан өтеді.
      Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген курстардан өтпеу тиісті ұсынымның күшін жоюға және судьяны тағайындаудан бас тартуға негіз болып табылады»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жергiлiктi және басқа соттардың төрағаларын Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға бес жыл мерзiмге тағайындайды.
      Аудандық соттардың төрағалары, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары тиісті сотта өздері атқарып отырған лауазымға қатарынан екі жылдан артық тағайындала алмайды.»;
      15) 33-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судьяның өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы Сот жюриінің шешiмi болса;»;
      16) 34-бапта:
      1-тармақта:
      5) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі сатыда қылмыстық істің тоқтатылуы;»;
      «11) судьяның кәсiби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сәйкес келмейтiнi туралы Сот жюриінің біліктілік комиссиясының шешiмi;»;
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриінің тәртіптік комиссиясының шешімі;»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Судьялардың өкілеттіктерін тоқтатудың осы баптың 1-тармағының 5), 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздері теріс себептер болып табылады.»;
      17) 34-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-1-бап. Судья лауазымында болудың шектi жасы
      1. Жоғарғы Соттың судьялары мен алқаларының төрағалары, жергілікті соттардың төрағалары мен алқаларының төрағалары және судьялары өз өкілеттіктерін шектi жасқа – 70 жасқа толғанға дейiн жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған судьялардың өкілеттіктері шекті жасқа толғанға дейін, олардың келісімі болған кезде, тоқтатылуы мүмкін.»;
      18) 35-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мiнсiз беделi, кемiнде жиырма бес жыл судьялық жұмыс өтiлi бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығына тиесiлiгiн, жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiн және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерiн сақтай отырып, лауазымынан құрметпен кету нысанында өкiлеттiктер тоқтатуы отставка болып табылады.
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Судья отставкаға кетер кезде оған жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде бiржолғы шығу жәрдемақысы төленедi.»;
      мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «6. Отставкада жүрген және судья лауазымында болудың шекті жасына толмаған судьялар, олардың келісімі болған кезде, судьяның уақытша болмауы кезеңінде, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге сот төрелігін іске асыруға тартылуы мүмкін.
      7. Отставкадағы судьяны сот төрелігін іске асыруға тарту туралы шешімді Жоғарғы Соттың Төрағасы қабылдайды.»;
      19) 36 және 38-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-бап. Жоғары Сот Кеңесi
      1. Жоғары Сот Кеңесі Кеңестің Төрағасынан және басқа да мүшелерінен тұрады.
      Кеңестің төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
      Кеңестің құрамына лауазымы бойынша Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор, Әділет министрі, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның басшысы, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісті бейінді комитеттерінің төағалары кіреді.
      Кеңес мүшелерінің жартысы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында судьялардың, отставкадағы судьялардың арасынан сайланады.
      Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының Президенті, сондай-ақ басқа да мүшелер, оның ішінде заңгер ғалымдар, адвокаттар, шетелдік сарапшылар, сот бірлестіктерінің төрағалары тағайындалуы мүмкін.
      2. Жоғары Сот Кеңесінің дауыс беру құқығы жоқ және лауазымы бойынша Жоғары Сот Кеңесі аппаратының басшысы болып табылатын хатшысы болады.
      3. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі мен жұмысын ұйымдастыру заңда айқындалады.»;
      «38-1-бап. Сот жюриі
      1. Жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіптік қызметін бағалау, судьяның отставкаға кету және оны тоқтату құқығын растау, сондай-ақ судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді, тәртіптік істерді қозғау туралы мәселені қарау үшін Сот жюриі құрылады.
      Сот жюриі біліктілік және тәртіптік комиссиялардан тұрады.
      Біліктілік комиссиясы жеті мүшеден – облыстық соттардың екі судьясынан, Жоғарғы Соттың екі судьясынан және отставкадағы үш судьядан тұрады.
      Тәртіптік комиссия тоғыз мүшеден – аудандық соттардың үш судьясынан, облыстық соттардың үш судьясынан және Жоғарғы Соттың үш судьясынан тұрады.
      2. Жоғарғы Соттың, облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысы төралқасының шешімі, сондай-ақ облыстық және оларға теңестірілген соттардың басшылары тиісті шаралар қолданбаған судьялардың әрекеттеріне азаматтардың расталған шағымдары судьяға қатысты материалдарды Сот жюрінің тәртіптік комиссиясының қарауы үшін негіз болып табылады.
      Сот жюриi мен оның комиссияларын қалыптастыру тәртiбi және оның жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ Сот жюриінде материалдарды, тәртiптiк iстердi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.»;
      20) мынадай мазмұндағы 38-2-баппен толықтырылсын:
      «38-2-бап. Жоғарғы Соттың жоғары оқу орны
      Жоғарғы Соттың жоғары оқу орны – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
      Жоғарғы Сот оны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
      Жоғарғы Соттың жоғары оқу орнының құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекет болып табылады.
      Жоғарғы Соттың жоғары оқу орнының мәртебесі мен жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
      21) 39-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Судья тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
      Нәтижесінде осы Конституциялық заңның және (немесе) Сот әдебі кодексінің ережелері бұзылған, сот билігі беделіне нұқсан және судьяның беделіне нұқсан келтіруге әкеп соққан қызметтік міндеттерін атқару не қызметтен тыс қызмет кезінде кінәлі әрекет (әрекетсіздік) тәртіптік теріс қылық болып табылады.
      Судья:
      1) сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты өрескел бұзғаны үшiн;
      2) судья әдебiне қайшы келетiн терiс қылық жасағаны үшiн;
      3) еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкін.»;
      «3. Судьялық қате, сондай-ақ сот актiсiнiң күшiн жою немесе оны өзгерту, егер бұл ретте жоғары тұрған сот сатысының сот актiсiнде көрсетiлген заңды өрескел бұзуға жол берiлмеген болса, судьялардың жауаптылығына әкеп соқпайды.
      Судьяның кінәлі әрекеттеріне байланысты емес материалдық немесе процестік құқық нормаларын дұрыс түсіндірмеуге және қолданбауға әкелген әрекет судьялық қате болып танылады.»;
      22) 42-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргізу жеке тұлғалардың өтініші бойынша тәртіптік іс жүргізуді қозғауды қоспағанда, қызметтiк тексеру мен судьяның дәлелдi себептермен жұмыста болмаған уақытын есепке алмағанда, терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей және терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей қозғалуы мүмкiн.»;
      мынадай редакциядағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жеке тұлғалардың өтініші бойынша судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргізу қызметтiк тексеру мен судьяның дәлелдi себептермен жұмыста болмаған уақытын есепке алмағанда, өтініш түскен күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қозғалуы мүмкiн.»;
      23) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «44-бап. Сот жюриінің шешімдері
      1. Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін бағалау туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша мынадай:
      1) атқаратын лауазымына сәйкестігін тану;
      2) жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына тағайындау үшін ұсыну;
      3) жоғары тұрған лауазымға (жоғары тұрған сот сатысына) кадр резервіне есепке алу үшін ұсыну;
      4) басқа сотқа, басқа мамандыққа ауыстыру үшін ұсыну;
      5) кәсіби жарамсыздығына орай атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешімдердің бірін шығарады.
      Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген біліктілік комиссиясының шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
      2. Кәсіби жарамсыздығына орай атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді деп тану туралы шешім судьялардың кәсіби қызметін мерзімді бағалау кезінде теріс нәтиже алған судьяларға қатысты қолданылмайды.
      Бұл жағдайда Сот жюриі судьяның біліктілігін арттыру және бір жыл өткен соң кәсіби қызметті қайтадан бағалауды жүргізу туралы шешім шығарады.
      Судьялардың кәсіби қызметін қайталама мерзімді бағалаудың теріс нәтижелері болған жағдайда Сот жюриі судьяны кәсіби жарамсыздығына орай атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді деп тану туралы шешім шығарады.
      Лауазымға тағайындаған күннен бастап бір жылдың қорытындылары бойынша судьяның кәсіби қызметін қанағаттанарлықсыз бағалау туралы біліктілік комиссиясының шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының оны судья лауазымынан бостау туралы ұсынуды Жоғары Сот Кеңесіне енгізуіне негіз болып табылады.
      3. Сот жюриінің Тәртіптік комиссиясы тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды қарау нәтижелері бойынша мынадай:
      1) тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы;
      2) тәртіптік іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
      Тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша мынадай:
      1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртiптiк жаза қолдану туралы;
      2) тәртiптiк iс жүргiзудi тоқтату туралы шешімдердің бірі шығарылады.
      Сот жюриінің Тәртіптік комиссиясы судьяның отставкаға құқығын растау туралы өтініші бойынша материалды, сондай-ақ отставканы тоқтату туралы материалды қарау нәтижелері бойынша мынадай:
      1) судьяның отставкаға құқығын растау туралы;
      2) судьяның отставкаға құқығын растаудан бас тарту туралы;
      3) судьяның отставкасын тоқтату туралы;
      4) судьяның отставкасын тоқтатудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
      4. Сот жюриі комиссиясының шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының судьяны жоғары тұрған сот сатысына, басқа сотқа тағайындау туралы, сондай-ақ төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымнан босату туралы тиісті ұсынуды Жоғары Сот Кеңесіне енгізуіне негіз болып табылады.
      5. Сот жюриі комиссиясының шешіміне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасай алады.
      6. Жоғары Сот Кеңесінің судьяны жоғары тұрған сот сатысына, басқа сотқа тағайындауға, төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымнан босатуға ұсыным беруден бас тартуы не Жоғары Сот Кеңесінің судьяға қандай да бір тәртіптік жаза қолданудың негізсіздігі туралы шешімі Сот жюриінің тиісті алқалары шығарған шешімнің күшін жоюға және оны қайта қарауға негіз болып табылады.».
      2-бап. Осы Конституциялық заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады