"2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 787 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 35-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-1-жолмен толықтырылсын:
      «

34-1

АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-тің профилактикасын, диагностикасын және емдеуді ұйымдастыру

Қазақстан Республикасындағы АИТВ-инфекциясының жағдайлары мен таралуын эпидемиологиялық қадағалау, эпидемиологиялық ахуалды бағалау және талдау. АИТВ-инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және емдеу мәселелері жөніндегі ЖИТС орталықтарының, медициналық және қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру-әдістемелік басшылық ету. АИТВ және ЖИТС-байланысқан инфекцияларын скринингтік, референс зерттеулерді орындау. Ғылыми-зерттеу жұмысы, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК

011 «Жергілікті деңгейде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету» 100 «Мамандандырылған медициналық көмек көрсету»

101 057

                                                                 ».

      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады