Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 873 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы құны 86239050,0 (сексен алты миллион екі жүз отыз тоғыз мың елу) теңге тұратын «Қостанай қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту жобаларына инвестициялар негіздемесі» негіздемесі бойынша құжаттама республикалық меншіктен «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Қостанай облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен және Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 31 қазандағы
№ 873 қаулысына    
қосымша       

«Қостанай қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін
жаңғырту жобаларына инвестициялар негіздемесі» негіздемесі
бойынша құжаттама

Р/с

Құжаттаманың атауы

Құжат
түрі

Дана саны

Парақ
саны

1.

«Қостанай қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту жобасына инвестициялар негіздемесі»:



3582

2.

1-том, 1-бөлім. Жалпы түсіндірме жазба. Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау/өңдеу

кітап

3

792

3.

1-том, 2-бөлім. Жалпы түсіндірме жазба. Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау/өңдеу, қаржы-экономикалық талдау

кітап

3

258

4.

2-том. Жалпы түсіндірме жазба. ЭӘӘБ (Экономикалық және әлеуметтік әсерді бағалау)

кітап

3

228

5.

3-том. Жалпы түсіндірме жазба. Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау (алдын ала ҚОӘБ)

кітап

3

261

6.

4-том (альбом). Графикалық материалдар

кітап

3

366

7.

5-том. Жиынтық сметалық есеп-қисап

кітап

3

213

8.

6-том. Сметалық есеп-қисап

кітап

3

879

9.

7-том. Қосымшалар (шығыс-рұқсат құжаттары)

кітап

3

582

10.

2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 13-0175/13 мемлекеттік сараптама қорытындысының түпнұсқасы


1

53

11.

Қостанай қаласы бойынша жобаның электрондық нұсқасы

диск

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады