Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді қоса алғанда, Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 878 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы келісімді ратификациялау туралы» 2015 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді қоса алғанда, Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын қаржыландыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қызылорда облысының бюджетіне республикалық бюджеттен аударылған ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуын мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 31 қазандағы
№ 878 қаулысымен   
бекітілген      

Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді қоса алғанда, Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын қаржыландыру
ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Осы Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді қоса алғанда, Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы келісімді ратификациялау туралы» 2015 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді қоса алғанда, Қызылорда облысының Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын (бұдан әрі – ұйымдар) қаржыландыру тәртібін айқындайды.
      2. Ұйымдарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді Қызылорда бюджетіне аудару арқылы жүзеге асырылады. Ұйымдар шығыстарын жоспарлау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      3. Қызылорда облысының бюджетіне республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының негізінде республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
      4. Ағымдағы нысаналы трансферттер:
      1) Қазақстан Республикасындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге;
      2) Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдары үшін белгіленген тәртіппен ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды ұстауға және оларға қызмет көрсетуге, бұл ретте коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу Байқоңыр қаласының тарифі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәрі-дәрмекті, оқу, әдістемелік, анықтамалық әдебиеттерді, кеңсе және шаруашылық тауарларын, негізгі құрал-жабдықтарды, материалдарды, басқа да жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормативтерге сәйкес ағымдағы жөндеу жүргізуге жұмсалады.
      5. Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары:
      1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептерді есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ұсынуды;
      3) ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша толық және анық ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

Коммуналдық көрсетілетін  
қызметтерге ақы төлеуді қоса
алғанда, Байқоңыр қаласындағы
білім беру ұйымдарын қаржыландыру
қағидаларына қосымша     

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарының тізбесі 

Р/с №

Білім беру ұйымдарының атауы

Мекенжайы

1

«Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№ 272 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы,
Қызылорда облысы
Байқоңыр қаласы,
Шубников көшесі, 11-үй

2

«Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№ 273 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы,
Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Горький көшесі, 23-үй

3

«Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№ 274 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы,
Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Бейбітшілік көшесі, 6-үй

4

«Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№ 275 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы,
Қызылорда облысы
Байқоңыр қаласы,
5-шағын аудан, 11А үй

5

«Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№ 276 бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы,
Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
7-шағын аудан, 27А үй

6

«Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№ 277 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы,
Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
6а шағын аудан, 19-үй

7

«Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№ 24 балабақша» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қазақстан Республикасы,
Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
6а шағын аудан, 19А үй

Об утверждении Правил финансирования организаций образования города Байконур, включая оплату коммунальных услуг

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2015 года № 878.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 июля 2015 года "О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о передаче образовательных организаций города Байконур" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила финансирования организаций образования города Байконур, включая оплату коммунальных услуг.

      2. Министерству образования и науки Республики Казахстан обеспечить мониторинг использования целевых текущих трансфертов, перечисленных из республиканского бюджета бюджету Кызылординской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 31 октября 2015 года № 878

ПРАВИЛА
финансирования организаций образования
города Байконур, включая оплату коммунальных услуг

      1. Настоящие Правила финансирования организаций образования города Байконур, включая оплату коммунальных услуг, (далее — Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 июля 2015 года "О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о передаче образовательных организаций города Байконур" и определяют порядок финансирования организаций образования города Байконур Кызылординской области, включая оплату коммунальных услуг, согласно приложению (далее – организации) к настоящим Правилам.

      2. Финансирование организаций осуществляется путем перечисления бюджету Кызылординской области целевых текущих трансфертов, выделяемых из республиканского бюджета в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан. Планирование расходов организаций производится в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      3. Перечисление целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета бюджету Кызылординской области осуществляется на основании утвержденных администратором бюджетных программ индивидуальных планов финансирования по обязательствам и платежам в соответствии с действующим бюджетным законодательством Республики Казахстан за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете.

      4. Целевые текущие трансферты используются на:

      1) оплату труда работников организаций с учетом социальных отчислений в соответствии с системой оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий в Республике Казахстан;

      2) содержание и обслуживание зданий, сооружений, оборудования в порядке, установленном для организаций образования в Республике Казахстан, при этом оплата коммунальных услуг производится в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан по тарифам города Байконур;

      3) приобретение медикаментов, учебной, методической, справочной литературы, канцелярских и хозяйственных товаров, основных средств, материалов, прочих работ и услуг в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;

      4) проведение текущего ремонта в соответствии с нормативами, установленными законодательством Республики Казахстан.

      5. Местные исполнительные органы Кызылординской области обеспечивают:

      1) своевременное и целевое использование выделенных целевых текущих трансфертов;

      2) представление в Министерство образования и науки Республики Казахстан отчетов об использовании выделенных целевых текущих трансфертов до 5-го числа месяца, следующего за отчетным;

      3) предоставление полной и достоверной информации по целевым текущим трансфертам.

  Приложение
к Правилам финансирования
организаций образования
города Байконур, включая оплату
коммунальных услуг

Перечень организаций образования города Байконур
Кызылординской области, финансируемых из
республиканского бюджета

№ п/п

Наименование организаций образования

Адрес

1

Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 272" Кармакшинского районного отдела образования"

Республика Казахстан, Кызылординская область, город Байконур, ул. Шубникова, д. 11

2

Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 273" Кармакшинского районного отдела образования"

Республика Казахстан, Кызылординская область, город Байконур, ул. Горького, д. 23

3

Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 274 Кармакшинского районного отдела образования"

Республика Казахстан, Кызылординская область, город Байконур, ул.Бейбітшілік, д. 6

4

Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 275 Кармакшинского районного отдела образования"

Республика Казахстан, Кызылординская область, город Байконур, мкр. 5, д.11А

5

Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа № 276 Кармакшинского районного отдела образования"

Республика Казахстан, Кызылординская область, город Байконур, мкр. 7, д. 27А

6

Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 277" Кармакшинского районного отдела образования"

Республика Казахстан, Кызылординская область, город Байконур, мкр. 6а, д.19

7

Коммунальное государственное казенное предприятие "Детский сад № 24" Кармакшинского районного отдела образования"

Республика Казахстан, Кызылординская область, город Байконур, мкр. 6а, д.19А