"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 905 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2015 жылғы « »    
№ Жарлығына     
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2001 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 691 Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН       

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының
Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру
жөніндегі комиссияның
ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ

Әбдіқалықова                    - Қазақстан Республикасының
Гүлшара Наушақызы                 Мемлекеттік хатшысы, төрайым

Майлыбаев                       - Қазақстан Республикасы Президенті
Бағлан Асаубайұлы                 Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                                  төрайымның орынбасары

Қошанов                         - Қазақстан Республикасы
Ерлан Жақанұлы                    Премьер-Министрі Кеңсесінің
                                  Басшысы, төрайымның орынбасары

Уәлиев                          - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Қуатжан Серікқазыұлы              және спорт министрлігінің жауапты
                                  хатшысы, хатшы

Комиссия мүшелері:

Абайділдин                       - Қазақстан Республикасы Парламенті
Талғатбек Жәмшитұлы                Сенатының Экономикалық саясат,
                                   инновациялық даму және кәсіпкерлік
                                   комитетінің төрағасы (келісім
                                   бойынша)

Бижанов                          - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ақан Құсайынұлы                    Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму
                                   және ғылым комитетінің төрағасы
                                   (келісім бойынша)

Тараков                          - жазушы (келісім бойынша)
Александр Юрьевич

Дьяченко                         - Қазақстан Республикасы
Сергей Александрович               Парламентінің Мәжілісі Төрағасының
                                   орынбасары (келісім бойынша)

Ыдырысов                         - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Ерлан Әбілфайызұлы                 істер министрі

Сәрінжіпов                       - Қазақстан Республикасының Білім
Аслан Бәкенұлы                     және ғылым министрі

Мұсақожаева                      - Қазақ ұлттық өнер университетінің
Айман Қожабекқызы                  ректоры (келісім бойынша)

Ықсанова                         - Қазақстан Республикасы Парламенті
Гүлнар Мұстахимқызы                Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму
                                   комитетінің төрайымы (келісім
                                   бойынша)

Оразалин                         - Қазақстан Жазушылар одағы
Нұрлан Мырқасымұлы                 басқармасының төрағасы, Қазақстан
                                   Республикасы Парламенті Сенатының
                                   депутаты (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады