"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 912 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      мынадай мазмұндағы 114-33) тармақшамен толықтырылсын:
      «114-33) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу тәртібін айқындау;»;
      ведомстволардың функцияларында:
      229) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «229) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны тиісті мемлекеттік органдарға электрондық түрде жіберу;»;
      229-1) тармақша алып тасталсын;
      229-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «229-2) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін жасау;»;
      229-3) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 229-5) және 229-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «229-5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адвокаттарды қоспағанда, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7)12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асыру;
      229-6) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адвокаттарды қоспағанда, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7)12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;»;
       мынадай мазмұндағы 229-7) және 229-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «229-7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
      229-8) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге енгізу;»;
      мынадай мазмұндағы 229-9), 229-10) және 229-11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «229-9) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғаның мүлкіне, оның ішінде заңды тұлғалардағы оқшауланған мүлкіне қамақ салу туралы мәселені шешу үшін мұндай мүлік туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына беру;
      229-10) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны жүргізу не жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      229-11) ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау туралы өтінішті қарау;»;
      233) және 234) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «233) шет мемлекеттiң құзыреттi органының сұрау салуы бойынша жүзеге асырылатын қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы ақпараттар, мәліметтер мен құжаттар беру;
      234) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруден бас тарту үшін негiздердi көрсете отырып, шет мемлекеттiң сұрау салған құзыреттi органына бас тарту туралы хабарлау;»;
      17-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) күдікті операция белгілері анықталған жағдайда, үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату туралы шешім шығару;».
      2. Осы қаулы:
      1) 2016 жылғы 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын;
      2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады