1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған, мөлшері 2006 жылғы 1 маусымнан бастап арттырылмаған зейнетақы төлемдерін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 928 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысымен

      "1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған мөлшері 2006 жылғы 1 маусымнан бастап арттырылмаған зейнетақы төлемдерін қайта eceптеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған мөлшері 2006 жылғы 1 маусымнан бастап арттырылмаған зейнетақы төлемдерін қайта eceптеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы 928 қаулысымен бекітілді.

      Қағидалар "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 73-бабы 13-тармағына сәйкес әзірленген, оған сәйкес мөлшері 2006 жылғы 1 маусымнан бастап арттырылмаған, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайта есептеледі.

      Осы норманы іске асыру нәтижесінде прокуратура органдарының қызметкерлеріне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған зейнетақы төлемдері құқық қорғау органдарының басқа қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерімен салыстырмалы шеңберге келтірілетін болады.

      Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін сүйемелдеу" 027 республикалық бюджеттік бағдарламасы "Ортақ зейнетақыларды төлеу" 100 кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде және сол қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз