2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 940 қаулысы.

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 940 қаулысымен
бекітілген

2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 12-тармағына сәйкес әзірленді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, біржолғы қайта есептеу жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылғанда оларды толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеледі.

      3. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшiлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда, жеке зейнетақы шотында қалған, бюджет қаражаты есебінен қалыптастырылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатады.

2. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін қайта есептеу тәртібі

      4. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық емес көлемде алушыларға (бұдан әрі – алушылар) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысында (бұдан әрі – Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау қағидалары) айқындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      5. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері алушының қызметтен босатылған (жеке құрамның тізімінен алып тасталған) күнгі еңбек сіңірген жылдары, еңбек өтілі, ақшалай қамтылуы ескеріле отырып, зейнеткерлік ісінде бар құжаттар бойынша Заңның 65-бабына сәйкес қайта есептеледі.

      6. Қайта есептелген зейнетақы төлемдерінің мөлшері Заңның 4-бабының 4-тармағын ескере отырып, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерін толық емес көлемде алған барлық кезең үшін индекстеу ескеріле отырып арттырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.11.2016 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Зейнетақы төлемдерінің қайта есептелген мөлшері:

      1) 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлік ісінің деректері бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен төмен болмауға тиіс.

      Егер осы Қағидалардың шарттарымен қайта есептелген зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен төмен болса, онда 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері сақталады;

      2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 109 еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық болмауға тиіс.

      8. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы растау-анықтама (бұдан әрі – анықтама) алынғаннан кейін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

      9. Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар анықтаманы алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" филиалдарына Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес 1-ВС-нысаны бойынша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің өзгергені туралы зейнеткерлік iстен үзiндi береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.11.2016 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады