"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 954 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат;  № 19-І, № 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат):
      1) 4-баптың 1-тармағының 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «38) пошта операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасына және (немесе) Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;».
      2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, № 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
      1) 152-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «152-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын бұзу
      Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасынан тыс жерге жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын темiржол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе көлiгi және пошта операторының қызметкерлері жасаған бұзушылық –
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.».
      3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж.,
№ 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, № 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
      1) 30-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы баптың 2-тармағының 1), 3), 5), 9) және 12) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Ұлттық пошта операторы уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.»;
      2) 31-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Банк клиенттерді тарту жөніндегі, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру жөніндегі, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарттың (келісімнің) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның (бұдан әрі – банкке қызмет көрсететін тұлға) құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен жасалған тиісті шарты (келісімі) талаптарына байланысты жауапты болады.
      Банк пен банкке қызметтер көрсететін тұлға арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуға жатады және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауапкершілігі міндетті түрде қамтылуға тиіс.
      Банк және банкке қызметтер көрсететін тұлға арасында жасалған шарт (келісім) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның қызметі тәртібі уәкілетті орган бекітетін банкке клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі қызметтер көрсету қағидаларында белгіленеді.».
      4. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, № 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 13, 65-құжат):
      1) 9-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) теміржол станцияларындағы, теңіз және өзен порттарындағы (айлақтарындағы), әуежайлардағы, автовокзалдардағы (автостанциялардағы), ішкі сауда объектілеріндегі, пошта операторларының өндірістік объектілеріндегі және өзге де объектілердегі карантиндік аймақтарда осы объектілердің иелері - жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;»;
      2) 12-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) ішкі сауда объектілері, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, өзен порттары, айлақтары, пошта операторларының өндірістік объектілері;»;
      3) 13-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантинге жатқызылған, әкетiлетiн өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн жүктi тиеп-жөнелтудiң бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезiнде теңiз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темiржол станцияларында, пошта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектiлерде қайтадан белгiлейдi. Қайта тиеусiз әкету кезiнде шекаралық пунктте және бекетте тиеп-жөнелту орнында берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн қадағалау ғана жүзеге асырылады.».
      5. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 10, 52-құжат):
      55-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «55-бап. Пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау
      1. Пошта операторларына тұрақты рейстер жасайтын кемелерде белгiленген ақыға өз қызметкерлерiнiң iлесiп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау құқығы берiледi.
      Пошта операторлары қызметкерлерiнiң iлесiп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдайтын кемелерде пошта қызметiн жүзеге асыру, пошта жөнелтiлімдерiн сақтау және пошта операторлары қызметкерлерiнiң демалуы үшiн белгiленген тәртiппен ақылы негiзде орынжайлар ұсынылады.
      2. Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау тәртiбiн пошта саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.
      3. Тасымалдаушының кiнәсiнен пошта жөнелтiлімдерiнiң жоғалғаны, жетіспеушілігі, зақымданғаны (бүлiнгенi) және (немесе) жеткізілуінің кешіктірілгені үшiн тасымалдаушының пошта операторлары алдындағы жауаптылығы пошта операторларының жөнелтушi немесе адресат алдында көтеретін жауапкершілігі мөлшерiнен аспауға тиiс.».
      6. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
      1) 1-бапта:
      1), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) автомобиль көлiгi – негiзгi қызмет аясы автокөлiк құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы;»;
      «7) автомобильмен тасымалдау – автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер және пошта жөнелтілімдері тасымалы;
      8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрi – тасымалдаушы) – меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде автокөлік құралдарына иелiк ететін, жолаушыларды, багажды, жүктердi және пошта жөнелтілімдерін тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететiн заңды немесе жеке тұлға;»;
      2) 8-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) пошта жөнелтілімдерін тасымалдау болып бөлiнедi.»;
      3) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-тарау. Жүктерді және пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау»;
      4) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-бап. Пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау
      1. Тасымалдаушылар пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдауды пошта операторларымен жасалған, пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шарты негiзiнде жүзеге асырады.
      2. Пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшiн әдейiлеп арналған автокөлiк құралы пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шартына сәйкес қатаң тiкелей мақсатында пайдаланылуға тиiс. Мұндай автокөлiк құралында пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдауға қатысы жоқ бөгде адамдарды тасымалдауға тыйым салынады.
      3. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерiн ұсынатын пошта операторы көлiгiнiң автомобиль, темiржол, су станциялары мен вокзалдарының, әуежайлардың аумақтарында орналасқан жүк және багаж кешендерiне өтуi пошта жөнелтiлімдерiн алмасу үшiн бiрiншi кезекте және ақысыз жүзеге асырылады.
      4. Егер пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шартында өзгеше белгiленбесе, пошта жөнелтілімдерін тиеудi және түсiрудi, сондай-ақ оған iлесiп жүрудi және оның жүру жолында сақталуын пошта операторлары қамтамасыз етедi. Егер шарт талаптарынан өзгеше жағдай туындамаса, автомобильмен тасымалдау кезiнде пошта жөнелтілімдерінің сақталуы мен тұтастығы үшiн пошта операторы жауапты болады.».
      7. «Қазақстан Республикасының әуе кеңестігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I,  № 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      85-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «85-бап. Пошта жөнелтілімдерінің жоғалғаны, жетiспеушілігі, зақымданғаны (бүлінгені) және (немесе) жеткiзiлуiнiң кешіктірілгені үшiн тасымалдаушының жауапкершілігі
      Тасымалдаушының кінәсінен пошта жөнелтілімдерінің жоғалғаны, жетiспеушілігі, зақымданғаны (бүлінгені) және (немесе) жеткiзiлуiнiң кешiктiрiлгенi үшiн пошта операторлары жөнелтушілердің немесе адресаттардың алдында жауаптылықта болған мөлшерде тасымалдаушы пошта операторларының алдында материалдық жауапкершілікте болады.».
      8. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12,  57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 2-баптың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) арнаулы байланыс – Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әрі заңмен қорғалатын кез келген құпия және құндылықтар, оның ішінде бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар бар арнаулы және өзге де жөнелтілімдерді қабылдауды, өңдеуді, күзетуді, тасымалдауды және жеткізуді (табыс етуді) қамтамасыз ететін курьерлік байланыс түрі;»;
      2) 24-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Пошта байланысы қызметтерiн байланыс операторлары көрсетуге құқылы.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады