Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1032 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақтағы орталық аппарат функциялары:
      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «21-1) Бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;
      26)27) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «26) Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
      27) Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      28) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
      28-1) Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      29) және 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «29) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      30) Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 31-1), 42-1), 49-1), 95-42), 95-43), 95-44) және 95-45) тармақшалармен толықтырылсын:
      «31-1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуі жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;
      «42-1) Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;
      «49-1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің жолаушылар поездарына ілесіп жүруі жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;»;
      «95-42) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кинологиялық қызметі жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      95-43) Iшкi iстер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы ережені әзірлейді;
      95-44) жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерін лауазымға тағайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      95-45) Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;»;
      21-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына кандидатты тағайындау туралы ұсыну енгізеді;».
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады