"Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1145 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1190 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 66, 612-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды ұңғысыз атыс қаруын және қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру қағидаларында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидалары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру тәртібін айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 3-бөліммен толықтырылсын:
      «3. Техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру тәртібі
      26. Техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған 1-ші және 2-ші санаттағы қаруды беру үшін құқық қорғау органының басшысы Ішкі істер министрінің атына заттай тиесілік нормаларының және өтініш берілген калибрлер негізінде есептелген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына және газды қаруға жиынтық қажеттілікті көрсете отырып, жазбаша өтінішхат жолдайды.
      27. Құқық қорғау органының өтінішхатын қарау бір ай мерзімде жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығы шығарылады.
      28. Ішкі істер министрінің бұйрығы негізінде қару өтінішхатпен жүгінген құқық қорғау органына ІІМ теңгеріміне қабылданбай одан әрі олардың теңгеріміне қою үшін беріледі.
      29. Қаруды беру осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген комиссия қорытындысында айқындалған оның атауы, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы, сондай-ақ санаты мен құны көрсетіліп, қабылдап алу-беру актісі бойынша жүзеге асырылады.
      Қабылдап алу-беру актісіне тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қояды, оны тиісті құқық қорғау органдарының басшылары бекітеді.
      30. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың, көліктегі ішкі істер департаменттеріне, ІІМ білім беру ұйымдарына, мамандандырылған күзет қызметінің аумақтық басқармаларына, ІІМ-ге ведомстволық бағынысты басқа да ұйымдарға қаруды беру осы Қағидалардың 2627,  28және 29-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      31. Құқық қорғау органдары қажет етпеген қару уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жойылуға жатады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады