Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 22 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес сыртқы жылу желілері республикалық меншіктен «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөнінде қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 22 қаулысына   
қосымша      

Республикалық меншіктен Астана қаласының
коммуналдық меншігіне берілетін
мүліктің тізбесі

Р/с

Объектінің атауы

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Техникалық сипаттамасы

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қаласындағы Есіл өзенінің сол жағалауында № 19 көшенің оңтүстігіне карай орналасқан «Нұра» мемлекеттік резиденциясы

жылумен жабдықтаудың сыртқы желілері (жылу трассасы)

метр

175,95

2Ду 76/160 мм ППУ-ПЭ (жерасты)

метр

527,87

2Ду 108/200 мм ППУ-ПЭ (жерасты)

метр

532,58

2Ду 133/225 мм ППУ-ПЭ (жерасты)

метр

3175,66

2Ду 159/250 мм ППУ-ПЭ (жерасты)

метр

23,20

2Ду 426/630 мм ППУ-ПЭ (жерасты)

метр

65,00

2Ду 159/250 мм ППУ-ПЭ (жерасты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады