"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 33 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.06.2020 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) лизинг берушінің сараптамалық бағасы – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, медициналық техниканың тиімді техникалық сипаттамаларының және клиникалық-техникалық негіздемесінің сараптамалық бағалауын жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес лизинг беруші жүзеге асыратын баға;";

      50-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сатып алу туралы шарттың немесе қаржылық лизинг шартының күшіне енуі және тендерлік құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендер жеңімпазының енгізу сәтінен бастап кері қайтарады.";

      51-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тендер жеңімпазы болып анықталған, бірақ сатып алу немесе қаржылық лизинг шартын уақтылы жасаспаған жағдайларда әлеуетті өнім берушіге қайтарылмайды.";

      8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сатып алу туралы шартты немесе қаржылық лизинг шартын орындауды қамтамасыз етуді енгізу тәртібі";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Сатып алу туралы шартты немесе қаржылық лизинг шартын орындауды қамтамасыз ету мынадай түрде ұсынылуы мүмкін:

      1) банкте орналастырылатын ақшалай кепілдік;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі.

      Ақшалай кепілдік түрінде шарттың, қаржылық лизинг шартының орындалуын қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушының тиісті шотына салады.

      Сатып алу туралы шартты немесе қаржылық лизинг шартын орындауды қамтамасыз ету мөлшері шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайды.

      Сатып алу туралы шарттың немесе қаржылық лизинг шартының сомасы тиісті қаржы жылындағы екі мың есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда, сатып алу туралы шартты немесе қаржылық лизинг шартын орындауды қамтамасыз ету енгізілмейді.";

      72, 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Сатып алу туралы шартты немесе қаржылық лизинг шартын орындауды қамтамасыз етудің мазмұнын, нысаны мен енгізу шартын осы Ережеге сәйкес тендерді ұйымдастырушы айқындайды, тендерлік құжаттамада көрсетіледі және сатып алу туралы шартта немесе қаржылық лизинг шартында ескеріледі.

      73. Өнім беруші сатып алу туралы шарттың немесе қаржылық лизинг шартының орындалуын қамтамасыз етуді, егер осы шартта өзгеше көзделмесе, өнім беруші шарт күшіне енгеннен кейін он жұмыс күні ішінде енгізеді.";

      77-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77-2. Жеткізу мерзімдерін Бірыңғай дистрибьютордың бұзуына байланысты дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін уақтылы көрсету үшін тапсырыс берушілерде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтары болмаған жағдайда, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын бағамен үш айдан аспайтын қажеттілік кезеңіне сатып алуға жол беріледі.";

      88-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген құны 5000000 (бес миллион) теңгеге дейінгі медициналық техниканы сатып алуды осы Ереженің 133-139-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарымен келісу рәсімдерін және лизинг берушінің сараптама бағалауын жүргізбей міндетті түрде өтінім беру арқылы тапсырыс беруші жүзеге асырады.";

      88-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88-3. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы қаржылық лизинг шарттарында сатып алынбайтын құны 5000000 (бес миллион) теңгеден 50000000 (елу миллион) теңгеге дейінгі медициналық техниканы, құны 50000000 (елу миллион) теңгеден жоғары, сондай-ақ біріздендіруді талап ететін медициналық техниканы осы Ереженің 8-2-тарауына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алады. Сұрау салынған медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесіне, тиімді техникалық сипаттамасына және құнына сараптама бағалауын лизинг беруші жүргізеді.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша медициналық техниканы сатып алуды осы Ереженің 133-139-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарымен келісу рәсімдерін және лизинг берушінің сараптама бағалауын жүргізбей міндетті түрде өтінім беру арқылы тапсырыс беруші жүзеге асырады.";

      88-5-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты ұсынған сәттен бастап қырық жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау ұйымының медициналық техниканы қабылдауға және тиісті түрде пайдалануға дайындық деңгейін, медициналық техниканың денсаулық сақтау ұйымы көрсететін қызметтерге сәйкестігін айқындау, сондай-ақ өтінім берілген медициналық қызметтерге медициналық техниканың анағұрлым жарамды техникалық сипаттамаларын айқындау мақсатында, әрбір атауы бойынша медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесі, тиімді техникалық сипаттамасы және құны бөлігінде сараптама бағалауын жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті бекіте отырып сараптамалық қорытынды шығарады.

      Біріздендіруді талап ететін медициналық техниканы сараптама бағалауының нәтижелері бойынша бірыңғай біріздендірілген бір техникалық ерекшелікке сараптамалық қорытынды әрбір тапсырыс беруші бойынша шығарылады.";

      88-6-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "88-6. Денсаулық сақтау ұйымдары қаржылық лизинг шартында сатып алынатын, бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілмеген медициналық техниканың техникалық сипаттамасының (техникалық ерекшеліктердің) оңтайлы параметрлерін айқындау үшін клиникалық-техникалық негіздемені, техникалық ерекшелікті және өзге де құжаттарды оңтайлы техникалық сипаттамаларды, клиникалық-техникалық негіздемесін және құнын сараптамалық бағалауды, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестігіне ұйымдастырушылық сараптама және сараптама жүргізу үшін лизинг беруші айқындаған тәртіппен және құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынады.

      Лизинг беруші оңтайлы техникалық сипаттамаларды, клиникалық-техникалық негіздемесін және құнын сараптамалық бағалауды, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестігіне ұйымдастырушылық сараптама және сараптама жүргізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде сатып алу жоспарланған медициналық техниканың тізбесін әзірлейді, оны алған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде медициналық техниканың тізбесін келісуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға саны және жеткізу орны бөлігінде келісуге жібереді.";

      88-10-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "88-10. Денсаулық сақтау ұйымдары қаржылық лизинг шартында бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген медициналық техниканы сатып алу үшін клиникалық-техникалық негіздемені, техникалық ерекшелікті, әлеуетті өнім берушінің атауын және басқа да құжаттарды оңтайлы техникалық сипаттамаларды, клиникалық-техникалық негіздемесін және құнын сараптамалық бағалауды, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестігіне ұйымдастырушылық сараптама және сараптама жүргізу үшін лизинг берушіге ұсынады.

      Лизинг беруші оңтайлы техникалық сипаттамаларды, клиникалық-техникалық негіздемесін және құнын сараптамалық бағалауды, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестігіне ұйымдастырушылық сараптама және сараптама жүргізгеннен кейін он жұмыс күні ішінде сатып алу жоспарланған, отандық өндіруші өндірген медициналық техниканың тізбесін қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға саны, мерзімі және жеткізу орны бөлігінде келісуге жібереді, ол оны алған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде медициналық техниканың тізбесін келісуді жүзеге асырады.";

      129-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "129-1. Тендер жеңімпазының қағаз және doc* форматында электрондық түрдегі техникалық ерекшеліктерінің көшірмелерін қоса бере отырып, медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариат куәландырған көшірмелерін, сонымен қатар өнім беруші ұсынған шарттың немесе сатып алуға ұсынылған медициналық техниканы өткізуге өнім берушінің құқығын растайтын оның өндіруші не ресми дистрибьютор не өндірушінің ресми дистрибьюторы мәртебесін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелерін тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушілердің тендер жеңімпаздарымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес жасалған медициналық техниканы сатып алу шарттарын (бұдан әрі – сатып алу шарты) немесе қаржылық лизинг шартын жасасу үшін қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге беруге тиіс.";

      133-75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "133-75. Бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасау мүмкін болатын және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары жоқ бірыңғай дистрибьютордың қолданыстағы тізіміндегі дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы көрсетілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен номенклатураны алғаннан кейін ұзақ мерзімді шарт жасау үшін осы Ереженің 10-тарауына сәйкес екі кезеңді рәсімді пайдалана отырып тендер өткізеді.

      2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жасалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді жеткізу шарттары тараптардың келісімі бойынша дәлелденген клиникалық тиімділігі жоқ дәрілік препараттарды алып тастап, номенклатураны өзгерту арқылы конкурстық рәсімдер өткізілмей 10 жыл мерзімге ұзартылуы мүмкін.";

      133-80-тармақтың 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген;";

      "6) жеткізу кестесі ұсынылған кезде әрбір қаржы жылы ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде, оның ішінде 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша тиісті қаржы жылына көлемін, бағасын, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу шарттарын көрсете отырып, қосымша келісім жасасу арқылы сатып алуды жүзеге асырады.";

      133-82-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Отандық тауар өндірушілер сараптамалық бағалауды жүргізу үшін лизинг берушіден тиісті сұрауды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде лизинг берушіге өздері өндіретін медициналық техниканың тізбесін, техникалық ерекшелігін және жиынтығын, өндіруге жеткілікті, бірақ 150 күннен аспайтын жеткізу мерзімін, медициналық техниканың әрбір атауы бойынша бір бірлікке ұсынылған және жинақтама бөлінісіндегі құнын ұсынады.

      Лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган 133-82-тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ отандық тауар өндірушілер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты ұсынған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде отандық тауар өндірушілер жасаған медициналық техниканы, техникалық сипаттамасын, әрбір атауы және жиынтық бөлінісіндегі медициналық техниканың құнын, жеткізу мерзімін, сатып алынатын медициналық техниканы отандық тауар өндірушілер жасаған техникамен ауыстыру мүмкіндігін айқындау бөлігінде ұсынылған медициналық техника атауларына сараптама бағалауын жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптама қорытындысының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті бекітіп, сараптамалық қорытындысын шығарады.";

      133-115-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұсынылған өтінім осы Ереженің 133-103-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін болса;";

      133-138-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілерден ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алған ақпаратты клиникалық-техникалық негіздеме бөлігінде сараптамалық бағалауды жүргізу және сараптамалық қорытынды шығару үшін лизинг берушіге жібереді.

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ақпарат берген кезден бастап, сондай-ақ медициналық техниканы жергілікті бюджет есебінен сатып алатын тапсырыс берушілерден алған ақпараттарды ұсынған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымының медициналық техниканы қабылдауға және тиісінше пайдалануға дайындық деңгейін, медициналық техниканың денсаулық сақтау ұйымы көрсететін қызметтерге сәйкестігін айқындау мақсатында клиникалық-техникалық негіздемесі бөлігінде сараптамалық бағалауды жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды шығарады.";

      133-141-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "133-141. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған шекті құнының және (немесе) техникалық сипаттамаларының жақсару жағына қарай өзгерісі негізінде лизинг беруші шекті құнының және (немесе) қарай техникалық сипаттаманың жақсару жағына қарай өзгерісін растайтын сараптамалық бағалау жүргізгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор қосымша келісім жасау жолымен ұзақ мерзімді шартқа жылына бір реттен асырмай өзгеріс енгізеді.";

      140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "140. Өнім беруші осы шарт бойынша өз міндеттемелерін шартта көрсетілген мерзімде толық және тиісінше орындағаннан кейін оның жазбаша өтініші бойынша сатып алу туралы шарттың (жеткізу шарты) немесе қаржылық лизинг шартының орындалуына енгізілген қамтамасыз ету өнім берушіге қайтарылады.";

      көрсетілген Ережеге 7-қосымшада:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Алдағы төлемде қажетті құжаттар:

      1) шарттың көшірмесі немесе өнім беруші ұсынатын және оның өндіруші, ресми дистрибьютор не ресми өндіруші өкілдің мәртебесін растайтын басқа да құжаттар;

      2) _______________________________

      (шот-фактура немесе қабылдау-тапсыру акті немесе т.б.)";

      көрсетілген Ережеге 12-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк кепілдігі (жеткізу шартын/сатып алу шартын/қаржылық лизинг шартын орындауды қамтамасыз ету нысаны)";

      "Өнім беруші" _____________(өнім берушінің атауы) тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасындағы______ж. №_________ жеткізуге (орындауға, көрсетуге) медициналық техниканы сатып алу шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасқанын (жасасатынын)*" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өнім беруші" _____________(өнім берушінің атауы) тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасындағы______ж. №_________ жеткізуге (орындауға, көрсетуге) медициналық техниканы сатып алу шартын/қаржылық лизинг шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасқанын (жасасатынын)*".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729 "Об утверждении Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 33. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2021 года № 375,

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.06.2021 № 375.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729 "Об утверждении Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 47-48, ст. 444) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:

      "5-1) экспертная оценка лизингодателя – оценка, осуществляемая лизингодателем в соответствии с методикой осуществления экспертной оценки оптимальных технических характеристик и клинико-технического обоснования медицинской техники, утвержденной уполномоченным органом в области здравоохранения;";

      подпункт 6) пункта 50 изложить в следующей редакции:

      "6) вступления в силу договора о закупе или договора финансового лизинга и внесения победителем тендера обеспечения исполнения договора о закупе или договора финансового лизинга, предусмотренного тендерной документацией.";

      подпункт 2) пункта 51 изложить в следующей редакции:

      "2) был определен победителем тендера, но своевременно не заключил договор о закупе или договор финансового лизинга.";

      заголовок раздела 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Порядок внесения обеспечения исполнения договора о закупе или договора финансового лизинга";

      пункт 70 изложить в следующей редакции:

      "70. Обеспечение исполнения договора о закупе или договора финансового лизинга может быть предоставлено в виде:

      1) залога денег, размещаемых в банке;

      2) банковской гарантии, выданной в соответствии с нормативными правовыми актами Национального Банка Республики Казахстан.

      Обеспечение исполнения договора о закупе, договора финансового лизинга в виде залога денег вносится потенциальным поставщиком на соответствующий счет организатора тендера.

      Размер обеспечения исполнения договора о закупе или договора финансового лизинга составляет три процента от общей суммы договора.

      Обеспечение исполнения договора о закупе или договора финансового лизинга не вносится в случае, если сумма договора о закупе или договора финансового лизинга не превышает двухтысячекратный размер месячного расчетного показателя на соответствующий финансовый год.";

      пункты 72, 73 изложить в следующей редакции:

      "72. Содержание, форма и условия внесения обеспечения исполнения договора о закупе или договора финансового лизинга определяются организатором тендера в соответствии с настоящими Правилами, указываются в тендерной документации и оговариваются в договоре о закупе или договоре финансового лизинга.

      73. Обеспечение исполнения договора о закупе или договора финансового лизинга вносится поставщиком в течение десяти рабочих дней после вступления договора в силу, если иное не предусмотрено данным договором.";

      пункт 77-2 изложить в следующей редакции:

      "77-2. Закуп лекарственных средств и изделий медицинского назначения на период не более трехмесячной потребности по ценам, не превышающим установленных уполномоченным органом, допускается в случаях отсутствия у заказчиков остатков лекарственных средств и изделий медицинского назначения для своевременного оказания гарантированного объема бесплатной медицинской помощи в связи с нарушением сроков поставок Единым дистрибьютором по наименованиям лекарственных средств и изделий медицинского назначения.";

      часть вторую пункта 88-1 изложить в следующей редакции:

      "Закуп медицинской техники стоимостью до 5000000 (пять миллионов) тенге, включенной в список единого дистрибьютора в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, осуществляется заказчиком в обязательном порядке путем подачи заявки согласно пунктам 133-139 настоящих Правил без проведения процедуры согласования с уполномоченным органом в области здравоохранения или местными органами управления здравоохранения и экспертной оценки лизингодателя.";

      пункт 88-3 изложить в следующей редакции:

      "88-3. Медицинская техника стоимостью от 5000000 (пять миллионов) тенге до 50000000 (пятьдесят миллионов) тенге, не приобретаемая на условиях финансового лизинга, медицинская техника стоимостью свыше 50000000 (пятьдесят миллионов) тенге, а также требующая унификации, приобретается организатором закупа медицинской техники за счет средств республиканского бюджета, включая целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на материально-техническое оснащение медицинских организаций на местном уровне, в соответствии с главой 8-2 настоящих Правил. Экспертная оценка клинико-технического обоснования, оптимальных технических характеристик и стоимости на запрашиваемую медицинскую технику проводится лизингодателем.

      Закуп медицинской техники за счет средств местного бюджета по списку единого дистрибьютора проводится путем подачи заявки согласно пункту 133-139 настоящих Правил без проведения процедуры согласования с уполномоченным органом в области здравоохранения или местными органами управления здравоохранения и экспертной оценки лизингодателя.";

      части вторую и третью пункта 88-5 изложить в следующей редакции:

      "Лизингодатель в течение сорока рабочих дней с момента представления уполномоченным органом в области здравоохранения информации, указанной в части первой настоящего пункта, в целях определения уровня готовности организации здравоохранения в принятии и надлежащей эксплуатации медицинской техники, соответствия медицинской техники услугам, предоставляемым организацией здравоохранения, а также определения наиболее приемлемых технических характеристик медицинской техники к заявленным медицинским услугам, проводит экспертную оценку в части клинико-технического обоснования, оптимальных технических характеристик и стоимости медицинской техники по каждому наименованию и по ее результатам выносит экспертное заключение с утверждением технической спецификации, являющейся неотъемлемой частью экспертного заключения.

      По результатам экспертной оценки медицинской техники, требующей унификации, на одну единую унифицированную техническую спецификацию экспертное заключение выносится по каждому заказчику.";

      части первую и вторую пункта 88-6 изложить в следующей редакции:

      "88-6. Организации здравоохранения для определения оптимальных параметров технических характеристик (технических спецификаций) приобретаемой медицинской техники, не включенной в список единого дистрибьютора, на условиях финансового лизинга представляют клинико-техническое обоснование, техническую спецификацию и иные документы в порядке и согласно перечню документов, определяемых лизингодателем для проведения экспертной оценки оптимальных технических характеристик, клинико-технического обоснования и стоимости, а также организационной экспертизы и экспертизы на соответствие условиям и требованиям финансового лизинга.

      Лизингодатель после проведения экспертной оценки оптимальных технических характеристик, клинико-технического обоснования и стоимости, а также организационной экспертизы и экспертизы на соответствие условиям и требованиям финансового лизинга в течение десяти рабочих дней составляет перечень планируемой к закупу медицинской техники, направляет его на согласование в уполномоченный орган в области здравоохранения в части количества и места поставки, который осуществляет согласование перечня медицинской техники в течение пятнадцати календарных дней с момента получения.";

      части первую и вторую пункта 88-10 изложить в следующей редакции:

      "88-10. Организации здравоохранения для приобретения медицинской техники, включенной в список единого дистрибьютора, на условиях финансового лизинга представляют клинико-техническое обоснование, техническую спецификацию, наименование потенциального поставщика и иные документы лизингодателю для проведения лизингодателем экспертной оценки оптимальных технических характеристик, клинико-технического обоснования и стоимости, а также организационной экспертизы и экспертизы на соответствие условиям и требованиям финансового лизинга.

      Лизингодатель после проведения экспертной оценки оптимальных технических характеристик, клинико-технического обоснования и стоимости, а также организационной экспертизы и экспертизы на соответствие условиям и требованиям финансового лизинга в течение десяти рабочих дней составляет перечень планируемой к приобретению медицинской техники, произведенной отечественными производителями, и направляет его на согласование в уполномоченный орган в области здравоохранения в части наименования, стоимости, количества, срока и места поставки, который осуществляет согласование перечня медицинской техники в течение пятнадцати календарных дней с момента получения.";

      пункт 129-1 изложить в следующей редакции:

      "129-1. Нотариально засвидетельствованные копии протокола об итогах тендера с использованием двухэтапных процедур по закупу медицинской техники с приложением копии технических спецификаций победителя тендера в бумажном и электронном виде в формате doc*, а также копии договора или иных документов, представленных поставщиком, подтверждающих его статус производителя либо официального дистрибьютора либо официального представителя производителя, подтверждающих право поставщика на реализацию предлагаемой к закупу медицинской техники, в течение пяти рабочих дней со дня подведения итогов тендера подлежат передаче организатором закупа медицинской техники заказчикам по акту приема-передачи для заключения заказчиками с победителями тендера договоров закупки медицинской техники, составленных в соответствии с приложением 7 к настоящим Правилам (далее - договор закупки), или договора финансового лизинга.";

      пункт 133-75 изложить в следующей редакции:

      "133-75. Единый дистрибьютор для заключения долгосрочного договора поставки проводит тендер с использованием двухэтапных процедур, согласно главе 10 настоящих Правил, после получения номенклатуры, утвержденной уполномоченным органом в области здравоохранения, с указанием наименования лекарственных средств, изделий медицинского назначения из действующего списка единого дистрибьютора, по которым возможно заключение долгосрочного договора поставки и отсутствуют ранее долгосрочные договора поставки, заключенные до 1 января 2015 года.

      Долгосрочные договора поставки лекарственных средств, изделий медицинского назначения, заключенные в период до 1 января 2015 года, могут быть продлены по соглашению сторон сроком на 10 лет, без проведения конкурсных процедур с изменением номенклатуры с исключением лекарственных препаратов, не имеющих доказанную клиническую эффективность.";

      абзац первый и подпункт 1) пункта 133-80 изложить в следующей редакции:

      "133-80. Единый дистрибьютор каждый финансовый год осуществляет закуп по долгосрочным договорам поставки в течение срока его действия, в том числе по долгосрочным договорам поставки, заключенным до 1 января 2015 года, путем заключения дополнительного соглашения с указанием объема, цены, обеспечения исполнения обязательств и условий поставок лекарственных средств, изделий медицинского назначения на соответствующий финансовый год, при:

      1) включении лекарственных средств, изделий медицинского назначения в список единого дистрибьютора;";

      части вторую и третью пункта 133-82 изложить в следующей редакции:

      "Отечественные товаропроизводители для проведения экспертной оценки в течение 5 (пять) рабочих дней с момента получения соответствующего запроса от лизингодателя представляют лизингодателю перечень производимой ими медицинской техники, техническую спецификацию и комплектацию с указанием сроков поставок, достаточных для производства, но не более 150 (сто пятьдесят) дней, предлагаемую стоимость за единицу и в разрезе комплектации по каждому наименованию медицинской техники;

      Лизингодатель в течение 20 (двадцать) рабочих дней с момента представления уполномоченным органом в области здравоохранения информации, указанной в части первой пункта 133-82, а также представления информации отечественными товаропроизводителями, указанной во второй части настоящего пункта, проводит экспертную оценку представленных наименований медицинской техники в части определения медицинской техники, изготавливаемой отечественными товаропроизводителями, оптимальных технических характеристик, стоимости медицинской техники по каждому наименованию и в разрезе комплектации, сроков поставки, возможности замещения закупаемой медицинской техники, изготавливаемой отечественными товаропроизводителями, и по ее результатам выносит экспертное заключение с утверждением технической спецификации, являющейся неотъемлемой частью экспертного заключения.";

      подпункт 1) пункта 133-115 изложить в следующей редакции:

      "1) представленная заявка не соответствует требованиям пункта 133-103 настоящих Правил;";

      части вторую и третью пункта 133-138 изложить в следующей редакции:

      "Уполномоченный орган в области здравоохранения в течение 10 (десять) рабочих дней со дня получения информации от заказчиков направляет полученную информацию лизингодателю для проведения экспертной оценки в части клинико-технического обоснования и вынесения экспертного заключения.

      Лизингодатель в течение двадцати рабочих дней с момента представления информации уполномоченным органом в области здравоохранения, а также информации от заказчиков, приобретающих медицинскую технику за счет средств местного бюджета, в целях определения уровня готовности организаций здравоохранения в принятии и надлежащей эксплуатации медицинской техники, соответствия медицинской техники услугам, представляемым организацией здравоохранения проводит экспертную оценку в части клинико-технического обоснования и по ее результатам выносит экспертное заключение.";

      часть первую пункта 133-141 изложить в следующей редакции:

      "133-141. На основании представленной уполномоченным органом в области здравоохранения изменений по предельной стоимости и (или) техническим характеристикам в сторону улучшения после проведения лизингодателем экспертной оценки, подтверждающей изменение предельной стоимости и (или) технических характеристик в сторону улучшения, единый дистрибьютор не более одного раза в год вносит изменения в долгосрочный договор путем заключения дополнительного соглашения.";

      пункт 140 изложить в следующей редакции:

      "140. Внесенное обеспечение исполнения договора о закупе (договора поставки) или договора финансового лизинга возвращается поставщику по его письменному обращению после полного и надлежащего исполнения поставщиком своих обязательств по этому договору в сроки, указанные в договоре.";

      в приложении 7 к указанным Правилам:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Необходимые документы, предшествующие оплате:

      1) копия договора или иные документы, представляемые поставщиком и подтверждающие его статус производителя, официального дистрибьютора либо официального представителя производителя;

      2) ________________________________________________________

      (счет-фактура или акт приемки-передачи или т.п.)";

      в приложении 12 к указанным Правилам:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Банковская гарантия (форма обеспечения исполнения договора поставки/договора закупки/договора финансового лизинга)";

      строку "Поставщик" заключил (ит)* договор поставки/договор закупки _________________ между заказчиком и поставщиком № __ от ______ г. (далее - договор) на поставку (оказание)" изложить в следующей редакции:

      "Поставщик" заключил (ит)* договор поставки/договор закупки/договор финансового лизинга _________________ между заказчиком и поставщиком № __ от ______ г. (далее - договор) на поставку (оказание)".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов