Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 30 қаңтардағы
№ 43 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 тамыздағы № 805 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 327-құжат).
      2. «Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi қылқан жапырақтылар мен сексеуiл екпелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 239-құжат).
      3. «Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1133 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 519-құжат).
      4. «Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 579-құжат).
      5. «Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 63 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 27-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі   460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 568 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 38, 329-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 17-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).
      8. «Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерінің нысандары мен оларды табыс ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 212 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 288-құжат).
      9. «Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 1, 4-құжат).
      10. «Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1329 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 37-құжат).
      11. «Астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелу қағидаларын, астық қолхаттарының үлгіcіне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1395 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 80-құжат).
      12. «Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 30 қарашадағы № 1401 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 83-құжат).
      13. «Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1603 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 198-құжат).
      14. «Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын, шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгісін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 868 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 829-құжат).
      15. «Жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қазандағы № 1327 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1096-құжат).
      16. «Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1165-құжат).
      17. «Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қарашадағы № 1477 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 80, 1187-құжат).
      18. «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1497 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 7-құжат).
      19. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 390 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 27, 423-құжат).
      20. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4148,  62-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).
      21. «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 815 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 48, 670-құжат).
      22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1383 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 73, 964-құжат).
      23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 1386 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 73, 965-құжат).
      24. «Мақта саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 94 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 6, 62-құжат).
      25. «Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілетін тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 тамыздағы № 805 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 310 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 202-құжат).
      26. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 274-құжат).
      27. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 900 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 522-құжат).
      28. «Аудандық ветеринариялық зертханаларды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1025 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 560-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады