Байланыс формасы

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 44 қаулысы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 260-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктері бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 44 қаулысымен    
бекітілген      

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін 1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру шарттары

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру шарттары:
      1) қаржы агентінің кредит беруге қатысу мөлшері жоба сметасы сомасынан 80 % (сексен пайыз) аспайды;
      2) кредит беру жиырма жылдан аспайтын мерзім болып табылады.
      2. Кредит беру ұлттық валютада жүзеге асырылады.

2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру тетіктері

      3. Қаржы агенті индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы институттарының тізбесін жалпының назарына бұқаралық ақпарат құралында ақпарат орналастыру арқылы жеткізеді.
      4. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруге қатысу үшін қаржы институты қаржы агентінің талаптарына сәйкестігін растайтын, тиісті өтінішпен және құжаттарымен қаржы агентіне жүгінеді, олардың тізбесі бас келісімде көрсетіледі.
      5. Қаржы агенті индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруге қатысу үшін қаржы агентінің ішкі құжаттармен белгіленген мерзімде қаржы агентінің құжаттарын қарайды және бас келісім жасасуды мақұлдау туралы немесе қаржы институтына бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      6. Бас келісім мынадай елеулі шарттарды қамтуы тиіс:
      1) бас келісімнің мәні мен қолданылу мерзімі;
      2) бас келісімінің сомасы (индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруін іске асыру үшін қаржы институтында қаржы агентінің қаражат орналастыру сомасы), оларды орналастыру мерзімдері мен тәртібі;
      3) кредит беру мақсаты;
      4) кредит беру іске асыру шарты;
      5) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      6) тәуекелдерді беру, проблемалы кредиттермен жұмыс, дағдарыстан кейін қызмет көрсету, қарыз алушының дефолтын мойындау, қарызды қайта құрылымдау және өтініш берушінің мерзімін ұзарту, қарыз алушыны дефолт деп таныған жағдайда берешекті өндіріп алу және қайтару мәселелерін қоса алғанда, тараптардың өзара іс-қимылдарының шарттары мен тәртібі;
      7) бас келісімнің қолданысын тоқтату, қолданысын ұзарту негіздемесі мен тәртібі.
      8) тараптардың жауапкершілігі.
      7. Қаржы агенті жасалған бас келісімдердің есебін жүргізеді.
      8. Қаржы институтында орналастырылуға жататын сома бас келісімде көрсетілген шотқа қаржы агентімен аударылады.
      9. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру үшін қаржы институты осы шарттар мен тетіктердің 13-тармағында көрсетілген шоттағы қаржы агенті орналастырған қаражатты пайдаланады.
      10. Қаржы институты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру бойынша орналастырылған қаражат игеру бойынша қаржы агенті алдында есеп береді. Есептер берудің тәртібі, нысаны және кезеңділігі бас келісімде белгіленеді.
      11. Игерілген қаражат деп осы шарттар мен тетіктерге сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруге нақты қаржы институты жіберген қаражат есептеледі.
      12. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі қаржы институтына кредит беруге арналған өтініш беру жолымен кредит алу үшін қаржы институтына жүгінеді және қаржы институтының ішкі кредиттік рәсімдерге сәйкес құжаттарды ұсынады.
      13. Қаржы институты өзінің ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген мерзімдеріне, алдын ала кредит беру болып табылатын немесе кредит беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Қаржы институтының шешімдері уәкілетті органның/уәкілетті органдарында тиісті отырыс хаттамаларымен ресімделеді.
      14. Қаржы институтының кредиттік саясатына бойынша кредит беруден бас тарту жүзеге асырылады.
      15. Қаржы институты үшін кредит берудің қол жетімділік кезеңі бас келісіммен анықталады.
      16. Қаржы институты банктік қарыз шартын жасаған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оның көшірмесін қаржы агентіне жібереді, сондай-ақ өздерінің жасалған банктік қарыз шарттарының есебін жүргізеді.
      Қаржы агенті барлық қаржы институттары жасасқан банктік қарыз шарттарының есебін жүргізеді.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 44 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1012 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж. № 65, 910-құжат).
      2. 15-тармағына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы  № 1115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж. № 60, 827-құжат).
      3. 23-тармағына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж. № 72, 951-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады