Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 54 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Комиссияның құрамы және қажет болған жағдайда ол туралы ереже, сондай-ақ жұмыс тобының құрамы, оның міндеттері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен айқындалады.
      Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады, бұл туралы Комиссия туралы ережеде көрсетіледі.
      Бұл ретте, Комиссия туралы ережеде міндеттері, комиссия отырыстарының кезеңділігі, сондай-ақ жұмыс органы көзделеді.
      Бекітілген лауазымдық құрам негізінде комиссияның дербес құрамы хаттамалық шешіммен айқындалады.»;
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) комиссияға/жұмыс тобына жүктелетін міндеттер;»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 1) тармақшаcында көзделген жағдайда комиссияны/жұмыс тобын құруға бастама жасаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес мүдделі министрліктермен және ведомстволармен келісілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкімінің жобасын әзірлеп, Үкіметке енгізеді.»;
      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Комиссияның/жұмыс тобының міндеттері
      13. Комиссияның/жұмыс тобының міндеттері Премьер-Министрдің өкімінде белгіленеді.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Комиссияны құруға бастама жасаған мемлекеттік орган болып табылатын оның жұмыс органы не комиссия төрағасы болып табылатын лауазымды тұлға Комиссия туралы ережеде көрсетіледі.
      Комиссияның қызметін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс органы:
      1) комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуге тиіс;
      2) комиссия отырыстарына мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың өкілдерін және тұлғаларды (келісім бойынша) шақырады;
      3) мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдарың өкілдерінен және тұлғалардан (келісім бойынша) қажетті ақпарат сұратады;
      4) мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың мамандарын және тұлғаларды (келісім бойынша) тартады.»;
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      «16-1. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақытын және орнын комиссия төрағасы айқындайды.
      Комиссия отырыстары, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды болып саналады.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді оны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган жүзеге асырады, ол жұмыс тобы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оларды, жұмыс тобының отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хаттама жобасымен қоса жұмыс тобының мүшелеріне жібереді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады