"Айт-Отель" Қазақстан-Түркия бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Респубикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 98 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 193220-баптарына және «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Айт-Отель»
Қазақстан-Түркия бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қатысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, «Эксимбанк Қазақстан» акционерлік қоғамы және қоғам арасында жасалған 2003 жылғы 10 маусымдағы № 4ТУР002Г келісімге (бұдан әрі – Келісім) сәйкес мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты туындаған республикалық бюджет алдындағы берешегі бойынша жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану немесе оңалту рәсімін енгізу шеңберінде заңнамада белгіленген тәртіппен, оның ішінде:
      1) негізгі борышты өтеу және сыйақы төлеу мерзімдерін 2030 жылды қоса алғанда өзгертуді;
      2) қоғамға қатысты жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану немесе оңалту рәсімін енгізу туралы сот шешім шығарған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген АҚШ долларының теңгеге ресми бағамына сәйкес Келісім бойынша берешек валютасын өзгертуді;
      3) сыйақыны төлеуді бастау күнін – 2016 жылғы 22 желтоқсанға, негізгі борышты өтеуді бастау күнін 2017 жылғы 22 желтоқсанға айқындауды;
      4) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 184-бабының 4-тармағына сәйкес Келісім бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгертуді көздейтін қоғамның оңалту жоспарын келісуді қамтамасыз етсін.
      2. Сот қоғамға қатысты жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану немесе оңалту рәсімін енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен іс жүзінде есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар) сомаларын есепке ала отырып, осы қаулының 1-тармағының 1)2)3),  4) тармақшаларында көрсетілген шарттарды қамтитын Келісімге қосымша келісім жасасу жолымен қоғамның республикалық бюджет алдындағы берешегін қайта құрылымдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады