"Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 202 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 437 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 116-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларында:

      14-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) жергілікті қамтудың елу пайыздан аспауға тиіс ең төмен мөлшері;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажетті, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi қамтылуға тиіс;";

      15-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) жергiлiктi қамтудың елу пайыздан аспауға тиіс мөлшері;";

      27-тармақтың 6), 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;

      7) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері;";

      54-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес барлау және (немесе) өндіру".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады