Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қызғылт семізот (Rhodiola rosea) пен сафлор тәрiздес аюдәрiні (Rhaponticum carthamoides) алудың 2016 жылға арналған көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 223 қаулысы

      2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арнайы жасалған жағдайларда көбейту үшін Шығыс Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген өсiмдiктердiң мынадай түрлерін алудың 2016 жылға арналған көлемдері бекітілсін:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Медведь орманшылығы 15-орамының 5-телімі және 13-орамының 12-телімі аумағында 25,2 га алаңнан дымқыл түрдегі қызғылт семізот (Rhodiola rosea) – 2500 килограмм (781 дана);
      2) Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Күршім орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Пугачев орманшылығы 128-орамының 5-телімі және 145-орамының 2-телімі аумағында 187,5 га алаңнан дымқыл түрдегі сафлор тәрiздес аюдәрi (Rhaponticum carthamoides) – 16100 килограмм (51111 дана).
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады