"1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 258 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған
егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі
солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға
өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы

      2015 жылғы 15 қазанда Астанада жасалған 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған
егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі
солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге
Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы
Хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      «Центральная» кен орнының көмірсутек ресурстарын бірлесіп игеруге өзара мүдделілікті негізге ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге 2002 жылғы 13 мамырда қол қойылған Хаттаманың 4-бабының 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ресей Федерациясының Үкіметі, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынға жалпы салық салу режимін қолдана отырып, 7 жыл мерзімге жер қойнауын геологиялық зерттеу кезеңімен 25 жыл мерзімге аукцион өткізбей жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін шегінде «Центральная» құрылымы орналасқан жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын береді.
      Жер қойнауын геологиялық зерттеу кезеңі аяқталғаннан кейін кәсіпорын жалпы салық салу режимін қолдана отырып, тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалануды жалғастыруға немесе осы Хаттаманың 6-бабының 3-тармағына сәйкес Ресей Федерациясының Үкіметімен өнімді бөлу туралы келісім жасасуға құқылы.
      Кәсіпорын шегінде «Центральная» құрылымы орналасқан жер қойнауы учаскесінде кен орнын игеруге арналған жобалау құжаттамасын белгіленген тәртіппен бекіткеннен кейін 3 ай ішінде бірлескен лицензия бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін аукцион өткізбей пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланғаны үшін Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген біржолғы төлем төлейді».».

2-бап

      Осы Хаттама оған қол қойылған күнінен бастап 30 күн өткен соң уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы жазбаша нысандағы соңғы хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.

      2015 жылғы 15 қазанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы үшін     Ресей Федерациясы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады