"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 261 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-VІ, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2015 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12) әскери тасымалдаулар – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен барлық көлік түрлерімен мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тізбе бойынша әскерлерді, әскери жүктерді, әскери қызметшілер мен өзге де адамдарды тасымалдаулар;
      13) әскери жүктер – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тасымалданатын қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, әскери техника мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың, бұйымдардың, құжаттардың, багаждың және жүк-багаждың барлық түрлері;
      14) бірыңғай әскери тариф – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген әскери тасымалдаулар үшін көлік түрлеріндегі (қатынастарындағы) тасымалдаушыға төленетін тариф.»;
      2) 10-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ішкі республикалық қатынастардағы әскери тасымалдаулар үшін есеп айырысулар бірыңғай әскери тарифтер негізінде, ал халықаралық қатынаста – қатысушы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық келісімдердің, шарттардың (келісімшарттардың) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.».
      2. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар):
      1) 8-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарын тiкелей iске асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін ұйымдастыру және оларға жүктелген міндеттерді іске асыру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер шығарады;»;
      2) 12-бапта:
      16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті және жауынгерлік қызметті ұйымдастыруға және атқаруға;»;
      мынадай мазмұндағы 20-2) және 22-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20-2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік істерін психологиялық-әлеуметтік қамтамасыз етуді жүзеге асыруға;»;
      «22-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және ілгерілету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;»;
      3) 13-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) көрсетілген мемлекеттік органдармен бірлескен нормативтік құқықтық актілерде, ал ұйымдармен – келісімдерде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен ұсынылатын ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан, әскери құралымдардан, бөлiмдер мен ұйымдардан өтеусiз және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алу;»;
      4) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты қызметтен шығарылған және жиырма және одан астам күнтізбелік жыл еңбек сіңірген жылдары бар ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің ерекше салтанатты және салтанатты арнайы киім нысанын киіп жүру құқығы сақталады.».
      3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 ж., № 20-VІ, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2015 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне байланысты қатынастарды реттейді.»;
      2) 13-баптың 8-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1) еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің отбасы мүшелері, бейбіт уақытта әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелері (қайтыс болу (қаза табу) әскери қызметшілердің құқыққа сыйымсыз әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (оларға ұқсас заттардан) масаңдануы немесе өзіне қандай да бір дене жарақатын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіруі себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайлардан басқа), сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелері;»;
      3) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай, осы Заңның 98-1 және 99-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезек ретiмен берiледi.»;
      4) 77-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
      «3-2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарының тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжай тұрғынжай беру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде беріледі.
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдары тұрғын үй комиссиялары қызметінің тәртібін уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.»;
      5) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «99-бап. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан әскери қызметшілерге берілетін қызметтік тұрғынжайлардың құқықтық режимі
      1. Тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер (мерзімді қызмет әскери қызмешілерінен, курсанттар мен кадеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін қоспағанда) мен олардың отбасы мүшелері – ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алынған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) балалары, күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын (асырап алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) жиырма үш жасқа толмаған балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа толмаған мүгедек балалары (асырап алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; әскери қызметшінің асырауындағы ата-аналары – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес әскери қызмет өткеру кезеңінде Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекмелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.
      Әскери қызметші (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден, курсанттар мен кадеттерден басқа) мен оның отбасы мүшелеріне қызметтік тұрғынжай осы Заңда белгіленген мөлшерде беріледі.
      Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшіге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, курсанттар мен кадеттерді қоспағанда), ал осы Заңда көзделген жағдайларда оның отбасы мүшелеріне олардың баянаты (өтініші) бойынша Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес тұрғынжайды жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметшілерінің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) тұрғынжайға құқығын іске асыруы осы Заңның 13-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғынжаймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілері (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) оны осы Заңда көзделген тәртіппен жекешелендіреді.
      3. Әскери қызметші осы елді мекенде оның және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің жеке меншік құқығында тұрғынжай немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген өзге де тұрғынжайы болмаған жағдайда тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбелер бойынша әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және өзге де жабық объектілердегі тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.
      5. Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы мүшелері (қайтыс болу (қаза табу) әскери қызметшілердің құқыққа сыйымсыз әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (оларға ұқсас заттардан) масаңдануы немесе өзіне қандай да бір дене жарақатын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіруі себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайлардан басқа) өтеусіз негізде басқа тұрғын үй берілмейінше, тұрып жатқан тұрғынжайларынан шығарылмайды. Тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін оларға Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес тұрғынжайды жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.
      6. Шетелге әскери қызмет өткеру үшін жіберілген әскери қызметшілердің тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайлары шетелде болған барлық уақытына сақталады.»;
      6) 101-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
      7) 101-1-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы немесе штаттың қысқартылуы бойынша қызметтен шығарылған кезде олар тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтен шығарылған күні төленген айырма шегеріле отырып, қызметтің бүкіл кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.»;
      8) 101-8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй төлемдері қаза тапқан адамның қызмет өткеру кезеңінде бұрын жүзеге асырылған барлық тұрғын үй төлемдерін шегере отырып, ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның оның ресми сайтында жарияланатын деректеріне сәйкес ол қаза тапқан кездегі отбасы құрамына, қызметкер қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жаңа тұрғын үйді сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейтілген пайдалы ауданның нормасына сәйкес келетін сатып алу құнына тең мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі.».
      4. «Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 15-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 17, 78-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-бапта:
      1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар жарақтандырылатын қару-жарақ, әскери және арнайы техника, оқ-дәрілер, құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері, өндіріске және әскери мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) сынауға арналған жабдық, сондай-ақ оларға жиынтықтаушылар және басқа да мүлік;
      2) қорғаныстық тапсырыстың мемлекеттік тапсырыс берушісі (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс беруші) – қорғаныс мұқтажы, мемлекеттегі әскери қауіпсіздікті және құқық тәртібін, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін сатып алынатын әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді әзірлеуге, зерттеуге, шығаруға, жеткізуге тапсырыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
      3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы (бұдан әрі – орындаушы) – оператормен, уәкілетті ұйыммен және/немесе мемлекеттік тапсырыс берушімен жасаған шарт негізінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты басты орындаушылар (бұдан әрі – басты орындаушылар) – операторлар және уәкілетті ұйым;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) – азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың мемлекеттiк тапсырыс берушiлерi әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) ретiнде пайдалануы не кейiннен қайта бейiмдеуi және пайдалануы мүмкiн өнiм мен технологиялар;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) әскери мақсаттағы жұмыстар – қорғаныс объектілерінің және әскери мүліктің құрылысымен, күрделі жөндеумен және жаңғыртумен, жаңа қару-жарақ пен әскери техниканы, арнайы құралдарды, ақпараттық, телекоммуникациялық және геоақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған басқару жүйелерін және басқа да заттай нәтижесі бар әскери мүлікке немесе мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жұмыстарды (оның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық) құрумен байланысты қызмет;
      4-2) әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер – заттай нәтижесі жоқ қызмет;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс) – қорғаныс мұқтажы, мемлекеттегі әскери қауіпсіздікті және құқық тәртібін, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін және көлемін бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және осы Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес қызметті жүзеге асыратын ұйым;»;
      мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар (бұдан әрі – операторлар) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделген қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
      9) отандық тауар (өнім) өндіруші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және мемлекеттік тапсырыс берушілердің тапсырмалары бойынша әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) жасау үшін қажетті өндірістік қуаты, әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) шығару және анағұрлым тиімді экономикалық жағдайларда сапаны талап ететін әскери мақсаттағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру қабілеті бар заңды тұлға;
      10) әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізуші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға.»;
      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-бап. Қорғаныстық тапсырыстың құрамы
      1. Қорғаныстық тапсырыстың құрамына:
      1) қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дәрілерді және әскери және қосарланған мақсаттағы өнімді, сондай-ақ оларға жиынтықтаушыларды шығаруға және сынауға арналған жабдықты шығару және жеткізу;
      2) мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, тәжірибелік үлгілерді әзірлеу, мемлекеттік тапсырыс берушілерді жарақтандыруда тұрған қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дәрілерді және әскери және қосарланған мақсаттағы өнімді, сондай-ақ оларға жиынтықтаушыларды шығаруға және сынауға арналған жабдықты жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
      3) қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дәрілерді және әскери және қосарланған мақсаттағы өнімді, сондай-ақ оларға жиынтықтаушыларды шығаруға және сынауға арналған жабдықты жөндеу, жаңғырту және регламенттелген техникалық қызмет көрсету;
      4) пайдаланылмайтын әскери мүлікті қатерсіздендіру;
      5) пайдаланылмайтын қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы, техникалық құралдарды, жабдықтар мен оқ-дәрілерді жою (кәдеге жарату, құрту, көму) және қайта өңдеу;
      6) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, әскери, арнайы объектілерді салу және жөндеу, сондай-ақ оларды күтіп-ұстау және пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтер;
      7) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері және арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін әскери және арнайы киім нысанын, айырым белгілері мен жеке қорғану құралдарын шығару кіреді.
      2. Қорғаныстық тапсырыс:
      1) жеткізілетін әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) және көлемін, сондай-ақ осы жеткізулердің мерзімдерін;
      2) жалпы қорғаныстық тапсырыстың, сондай-ақ оның бөлімдері мен оны өткізудің жекелеген кезеңдері бойынша құнын (бағасын);
      3) мемлекеттік тапсырыс берушілердің тізбесін;
      4) басты орындаушылардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін орындаушылардың тізбесін қамтуға тиіс.»;
      3) 4-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Басты орындаушыларды уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Орындаушыларды таңдау операторлар қорғаныстық тапсырысты орналастыру кезінде мемлекеттік тапсырыс берушілермен (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) келісу бойынша анағұрлым тиімді экономикалық жағдайларда сапаны талап ететін қажетті өндіріс шарттарын, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне, әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) шығару және әскери мақсаттағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру қабілеттеріне сүйене отырып, отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер арасынан жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары орындаушыларды таңдауды қорғаныстық тапсырысты қалыптастару кезінде уәкілетті органмен келісу бойынша анағұрлым тиімді экономикалық жағдайларда сапаны талап ететін қажетті өндіріс шарттарын, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне, әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) шығару және әскери мақсаттағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру қабілеттеріне сүйене отырып, отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер арасынан жүргізеді.
      3. Операторлар отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер арасынан орындаушыны айқындай алмаған жағдайда әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды жеткізу (импорттау) және әскери мақсаттағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сүйене отырып, уәкілетті ұйым басты орындаушы болып танылады.
      Арнаулы мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер және (немесе) уәкілетті ұйым арасынан орындаушыны айқындай алмаған жағдайда орындаушы шетелдік заңды тұлғалар арасынан айқындалады.»;
      4) 7-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторларды айқындайды;»;
      2-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын басты орындаушыларға жеткізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) отандық өндірушілердің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің тізілімін жасау және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      3-2) қорғаныстық тапсырыстың басқа да мемлекеттік тапсырыс берушілерімен келісу бойынша әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) отандық өндірушілердің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің тізілімін әзірлейді және бекітеді;
      4-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде басты орындаушылардың қызметін үйлестіреді және бақылайды;»;
      5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Орындаушылардың функциялары
      1. Операторлар мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) отандық өндірушілердің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің тізіліміне енгізілген ұйымдар қатарынан мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындаушыларын таңдауды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;
      3) мемлекеттік тапсырыс берушімен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға шарт жасайды және оның орындалуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады;
      4) әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) отандық өндірушілердің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің тізілімін жасайды және жүргізеді;
      5) әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) отандық өндірушілердің, әскери мақсаттағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің тізіліміне енгізілген орындаушылармен жасалған шарттар негізінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты уақтылы және тиісті түрде орындау жөнінде шаралар қабылдайды;
      6) уәкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпаратты ұсынады;
      7) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын тек мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға және аванс беруге пайдаланады;
      8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы әрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нәтижелерін жеке есепке алуды жүргізеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
      2. Уәкілетті ұйым:
      1) отандық тауар өндірушілер және қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде көрсетілген тауарларды өндіру үшін сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер жүзеге асыратын тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды қоспағанда, әскери қауіпсіздікті, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;
      3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын әскери мүлкін және пайдаланылмайтын мүлкін жоюды (құртуды, кәдеге жаратуды, көмуді) жүзеге асырады;
      4) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын әскери мүлкін және пайдаланылмайтын мүлкін, оның ішінде оларды жою және қайта өңдеу өнімдерін өткізуді (экспорттауды) жүзеге асырады;
      5) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын әскери мүлкін және пайдаланылмайтын мүлкін бағалауды жүргізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      6) мемлекеттік тапсырыс берушімен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға шарт жасайды және оның орындалуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады;
      7) уәкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпаратты ұсынады;
      8) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын тек мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға және аван беруге пайдаланады;
      9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы әрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нәтижелерін жеке есепке алуды жүргізеді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
      3. Орындаушылар:
      1) мемлекеттік тапсырыс берушілердің және уәкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпаратты ұсынады;
      2) басты орындаушымен және/немесе мемлекеттік тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде қорғаныстық тапсырысты орындайды және оның орындалуына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады;
      3) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің, әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) жеткізудің оператормен жасалған шарттың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
      4) әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағасын негіздейді;
      5) қорғаныстық тапсырыс бойынша жеткізілетін тауарларды (өнімді) өндіру үшін қажетті әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды жүзеге асырады;
      6) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын тек мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға және оны аванстауға пайдаланады;
      7) қорғаныстық тапсырыс туралы әрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нәтижелерін жеке есепке алуды жүргізеді.».
      5. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-VІ, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2015 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) арнаулы тасымалдаулар – мемлекет қажеттерiне арналған арнаулы жүктердi және уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жолаушылардың жекелеген санаттарын тасымалдау;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) ерекше маңызды тасымалдаулар – уәкілетті мемлекеттік органдар теміржол жылжымалы құрамның тасымалдауларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарын теміржолмен тасымалдаулар кезінде олардың жол жүру бағдарларына (қатынастарына) беретін мәртебе;»;
      64-2) және 65) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «64-2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдауларды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      65) Ұлттық теміржол компаниясы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, дамудың жалпы бағыттарын айқындайтын және теміржол көлігі саласында қызметін жүзеге асыратын ұлттық инфрақұрылым операторы, ұлттық тасымалдаушылар және өзге де үлестес заңды тұлғалар, оның ішінде әскери тасымалдауларды ұйымдастыру, жан-жақты қамтамасыз ету және орындау жөніндегі қызметінің бағыттарын үйлестіруді қамтамасыз ететін акционерлік қоғам;»;
      2) 8-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық келісімдер, шарттар (келісімшарттар) шеңберінде жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының шегінен тыс әскери тасымалдауларды акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға (экспедитор) орындайды.»;
      3) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 34-26) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) Ерекше маңызды тасымалдауларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;»;
      «34-26) Әскери тасымалдауларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;»;
      4) 15-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ұлттық тасымалдаушылар жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетедi, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен арнайы және әскери тасымалдауларды орындайды.»;
      5) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай және соғыс жағдайы енгiзiлген кезде тасымалдаушының шарттық қатынастары әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуды (анықтауды, жолын кесуді) және жоюды өз құзыретіне қарай жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жергілікті жер комендантының ұсынысы бойынша уәкілетті органның шешімдері негізінде тоқтатыла тұруы мүмкiн.»;
      6) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әскери тасымалдауларды ұйымдастыру жөніндегі шарттарды қоспағанда, жүктерді тасымалдауларды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдаулар көлемі, мерзімдері мен сапасы, көлік құралдарын және тасымалдауға жүктерді беру шарттары, сондай-ақ осы Заңда және тасымалдаулар қағидаларында көзделмеген тасымалдауларды ұйымдастырудың өзге де шарттары айқындалады.»;
      7) 88-бапта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы, оның ішінде әскери тасымалдауларды орындау кезінде осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көрсетiлген негiздерден басқа мынадай:»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тасымалдаушыны вагондарды, контейнерлердi пайдаланбайтындығы туралы жүк тиейтiн күннен кем дегенде жеті тәулiк бұрын, ал әскери тасымалдаулар бойынша тиейтін күні ескерткен жағдайларда жауаптылықтан босатылады.».
      6. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 жылғы 9 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 31-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «31-3) Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қорғаныс саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
      1) теңіз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      2) Жүзу үшін тыйым салынған және жүзу үшін уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту;
      4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу жатады.»;
      2) мынадай мазмұндағы 8-4-баппен толықтырылсын:
      «8-4-бап. Жүзу үшін тыйым салынған және жүзу үшін уақытша қауіпті аудандар
      1. Оқу-жаттығуларды өткізуді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны және күзету іс-шараларын жүргізу кезінде ішкі теңіз суларында және аумақтық теңізде жүзу, зәкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарын алудың (аулаудың) суасты құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, улаған зәкір-шынжырмен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы және қонуы (су бетіне қонуы) және басқа да істер үшін шектелген жүзу үшін тыйым салынған аудандар және уақытша қауіпті аудандар белгіленуі мүмкін.
      2. Жүзу үшін тыйым салынған аудандарда барлық кемелердің, әскери корабльдердің, басқа да мемлекеттік кемелердің және барлық өзге де жүзу құралдарының жүзуіне тыйым салынады. Жүзу үшін тыйым салынған аудандарды белгілеу және жүзу үшін оларды ашу туралы шешімді мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ұсынысы бойынша қорғаныс саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.
      Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде жүзу үшін тыйым салынған аудандарды белгілеу және жүзу үшін оларды ашу туралы шешімді республикалық жедел штабтың басшысы, ал күзету іс-шараларын жүргізу кезінде – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қабылдайды.
      3. Жүзу үшін уақытша қауіпті аудандар белгілі бір мерзімге белгіленеді. Жүзу үшін уақытша қауіпті аудандарды белгілеу туралы шешімді қорғаныс саласындағы уәкілетті орган қабылдайды. Көрсетілген шешімдер ол туралы мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды алдын ала хабардар еткеннен кейін күшіне енеді.»;
      3) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «44-бап. Навигациялық жағдай құралдары қолданылатын аймақтағы құрылыс
      Жағалауда және Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңiз жолдары навигациялық жағдайының құралдары қолданылатын аймақта гидрографиялық құрылыстар салу қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келісілуге тиiс.».
      7. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
      16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) аумақтық қорғаныс іс-шараларын жүргізу;».
      8. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 жылғы 31 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2016 жылғы 9 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарт – нормативтік-техникалық құжат, ол белгіленген және арнайы пайдалану мақсатында қорғаныс саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бекітілген, мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейді;»;
      2) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қорғаныс саласындағы уәкілетті орган әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды.».
      9. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-II, 104-құжат; № 22-І, 140-құжат):
      1) 1-бапта:
      2), 3) және 5-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) арнаулы әскерлер – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жауынгерлік қызметін (инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, әскери полиция, ақпарат қауіпсіздігі) қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы міндеттерді орындау үшін арналған әскери бөлімдер мен бөлімшелер;
      3) арнаулы құралымдар – қорғаныс жүйесінде жұмылдыру жарияланған кезде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, көлік инфрақұрылымы мен байланыс объектілерін күзету және қалпына келтіру жұмыстарын орындау, медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайларды оқшаулау және жою үшін меншік нысандарына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдар құратын құралымдар;»;
      «5-1) әскери атташе аппараты – шет мемлекетте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүдделерін білдіретін қорғаныс мәселелері жөніндегі атташе (әскери атташе), оның орынбасарлары мен көмекшілері;»;
      мынадай мазмұндағы 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-2) аумақтық әскерлер – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері мүддесінде тиісті міндеттерді орындау үшін арналған, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық қорғаныс әскери бөлімдері мен бөлімшелері (құралымдары);
      5-3) аумақтық әскерлерді арнайы өрістету – соғыс және төтенше жағдай режимдерін енгізу және қамтамасыз ету, төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою кезінде және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда резервтегілерді (әскери міндеттілерді) іс-шараларды орындау жөніндегі арнайы әскери жиындарға шақыру жолымен әскери бөлімдерді және аумақтық қорғаныс бөлімшелерін (құралымдарын) жасақтау;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) әскери бөлім (мекеме) – уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен шартты және нақты атау берілетін, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын мемлекеттік мекеме;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) жауынгерлік қабілеттілік – тағайындалуына сәйкес жауынгерлік (әскери, арнайы) іс-қимылдарды жүргізуге және өз жауынгерлік мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскерлерінің (күштерінің) жай-күйі;»;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) кәдеге жарату – арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын әскери мүлкін және пайдаланылмайтын мүлкін олардың ұрысқа тән қасиеттерін пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болдырмайтын жай-күйге келтіру, сондай-ақ олардың құрамдастарын кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу;»;
      мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3) және 18-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16-1) құрту – арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын әскери мүлкін және пайдаланылмайтын мүлкін физикалық тұрғыдан толық жою;
      16-2) көму – зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуін болдырмау мақсатында одан әрі пайдалануға жатпайтын арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын әскери мүлкін және пайдаланылмайтын мүлкін арнайы белгіленген орындарда оқшаулау;
      16-3) қайта өңдеу – арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын әскери мүлкін және пайдаланылмайтын мүлкін бұдан әрі тауарлар немесе өзге де өнім шығаруда (дайындауда) пайдаланылатын шикізат пен өзге де материалдарды бөліп ала отырып, оларды тікелей арналуы бойынша, сондай-ақ олармен жұмыс істеуді жеңілдету, олардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қасиеттерін өзгертуге пайдалануды болдырмайтын жай-күйге келтіру;»;
      «18-1) қару-жараққа және әскери техникаға жиынтықтаушылар – жиынтықта қару-жарақ пен әскери техниканың және қару-жарақ пен әскери техникаға қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтың құрылымдық тұтастығын құрайтын құрамдас бөліктер;»;
      20), 20-1) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) қорғаныс – Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекарасына қол сұғылмаушылықты қарулы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі саяси, әскери, экономикалық, ақпараттық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;
      20-1) Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде барлау және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері;»;
      «23) мемлекеттің әскери ұйымы – бірлескен қызметі Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің жиынтығы;»;
      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «28-1) Қарулы Күштердің арнайы операциялары – бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскерлерін қолданудың ерекше нысаны;»;
      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «30) материалдық-техникалық қамтамасыз ету – қару-жарақпен, әскери техникамен, оқ-дәрілермен (зымырандармен) және басқа да мүлікпен қамтамасыз ету, оларды жөндеу және қалпына келтіру, олардың жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қолдануды қолдау үшін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, медициналық, көліктік, тұрмыстық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;»;
      32) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 34), 35) және 36) тармақшалармен толықтырылсын:
      «34) қорғаныстық зерттеулер – мемлекеттің әскери ұйымын, әскери өнерді дамыту, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін жаңғырту, әзірлеу және енгізу, Қарулы Күштердің, аумақтық қорғаныстың құрылымы және қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық, қолданбалы, талдау және әлеуметтік зерттеулерді қамтитын қорғаныс және әскери қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулер;
      35) әскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйесі – бейбіт және соғыс уақытында әскерлерді (күштерді) басқару мақсатында шешімдер қабылдау, жоспарлау, міндеттер қою және оларды әскерлерге (күштерге) жеткізу, олардың орындалуын бақылау үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпарат жинау, өңдеу, сақтау, іздеу, тарату, беру және ұсыну үшін арналған жүйе;
      36) қорғаныс өнеркәсібі кешені – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары үшін әскери және арнайы техниканы, амуницияны, оқ-дәрілерді және өзге де әскери мүлікті әзірлеуді, шығаруды, сақтауды, қаруландыруға жеткізуді, жөндеуді және қалпына келтіруді, сондай-ақ әскери және арнайы техниканы, амуницияны, оқ-дәрілерді және өзге де әскери мүлікті экспорттауды орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдар кешені.»;
      2) 4-бапта:
      1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды ұйымдастыруды және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерiне бекiтiліп берiлген мүлiк республикалық меншік болып табылады.»;
      3) 5-баптың 2-тармағында:
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын, әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамаларды бекітеді;
      3) Қазақстан Рсепубликасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қолдану жоспарын, қорғаныс мүдделерінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын, сондай-ақ мемлекеттің жұмылдыру жоспарын бекiтедi;»;
      4) 7-бапта:
      бірінші бөліктің 15), 17), 19) және 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) әскери қызметке әскерге шақырылуға жататын азаматтардың санаттары мен санын айқындайды;»;
      «17) мемлекеттің азаматтық және аумақтық қорғанысын жоспарлауды және оған жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      «19) пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу, жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға (жалгерлікке) беру тәртібiн белгілейді;
      20) әскери, әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды;»;
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі әскери-саяси жағдайдың кез келген шарттарында мемлекеттің әскери ұйымының тұрақты жүмыс істеуін ұйымдастырады.
      Соғыс уақытында және соғыс жағдайын енгізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) экономиканы соғыс уақытында немесе соғыс жағдайында жұмыс істеу режиміне көшіруге;
      2) Қарулы Күштер және арнаулы мемлекеттік органдар үшін резервтерді дайындауға, адам және материалдық ресурстарды жұмылдыруға;
      3) Қарулы Күштерді және арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы күрес жүргізу үшін күштермен және құралдармен қамтамасыз етуге;
      4) ақпарат қауіпсіздігін және қарсы күресуді ұйымдастыруға;
      5) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен оған жүктелген өзге де функцияларды орындауға жауап береді.»;
      5) 9-бап мынадай мазмұндағы 6-1) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) аумақтық қорғаныс әскери бөлімінің (құралымының) бірінші басшысына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі төлейтін ақшалай үлесті төлеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекіткен саны мен құрылымы шегінде аумақтық әскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді;»;
      «7-1) соғыс жағдайы режимін енгізу және қамтамасыз ету мақсатында және соғыс уақытында облыстың және қаланың қорғаныс кеңестерін құрады;»;
      6) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының республикалық мемлекеттік мекемелері алдындағы тамақтану және монша-кір жуу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында олардың басшылары орталық мемлекеттік орган басшысы айқындаған тәртіппен тамақтану немесе монша-кір жуу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі шегінде ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалға (жалгерлікке) уақытша беруді өтеусіз жүзеге асырады.»;
      7) 17-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен басқа да ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қорғаныс қажеттiлiктерін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныстық зерттеулерді жүзеге асырады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін кадрларды даярлау ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында және жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда, сондай-ақ халықаралық шарттар және оқуға шақыртулар негізiнде шетелде әскери оқу орындарында жүзеге асырылады.»;
      8) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қарулы Күштер құрамының бiр бөлiгі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес бiрiккен (ұжымдық) күштерге (әскерлерге) кiруi немесе бiрiккен қолбасшылықта болуы мүмкiн.»;
      9) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Қарулы Күштердің жалпы құрамы
      Қарулы Күштер: әскери басқару органдарын, Қарулы Күштер түрлерiн, әскер тектерін, арнайы әскерлердi, материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлерін, аумақтық әскерлерді, әскери оқу орындарын, әскери-ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдарды қамтиды.
      Жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштердің құрамына Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі, Ұлттық ұлан және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғау басқару органдары, сондай-ақ арнайы құралымдар кiредi. Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, арнаулы құралымдарды Қарулы Күштер құрамына беру мүдделі мемлекеттік органмен немесе ұйыммен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      10) 21-баптың 2 және 3-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы соғыс уақытында және соғыс жағдайын енгізу кезеңінде Қазақстан Республикасының әскери-саяси басшылығының жоғары органы болып табылады, қорғаныстық міндеттерді орындау кезінде мемлекеттің әскери ұйымын басқаруды, Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының қызметін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады.
      3. Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасы Қарулы Күштердi басқаруды оның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бейбіт уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомствосы болып табылады.»;
      11) 22-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердi әскери-саяси, әскери-экономикалық және әскери-техникалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, мемлекеттік авиация саласындағы, пайдаланылмайтын әскери мүлікке иелік ету жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.»;
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Әскери доктринаны, әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзiрлейдi;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау құжаттарын әзірлейді;»;
      3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі бекіткен Қарулы Күштер, Қорғаныс министрлігі және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттері шегінде Бас штабтың және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағында болатын республикалық мемлекеттік мекемелердің бейбіт уақыттағы құрылымын, штат санын бекітеді;»;
      «5) Бас штаб арқылы бейбіт уақытта әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) экономиканы, мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан ұйымдарды жұмылдыра даярлауды ұйымдастыруға қатысады;
      5-2) Қазақстан Республикасы әскери полигондарының аумағына, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің аумағына топогеодезиялық ақпарат дайындауды ұйымдастырады, барлық Жер шары аумағына жергілікті жер туралы электрондық материалдар банкін құрады;
      5-3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүдделерінде топогеодезиялық ақпаратты және навигациялық деректерді алудың координаталары жүйесін, проекцияларын, түрлерін, тәсілдері мен әдістерін айқындайды;»;
      7) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) қорғаныстық зерттеулерді, қорғаныс және әскери қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ басшылық жасауды және олардың сапасын бақылауды жүзеге асырады;»;
      «13) Заңда белгіленген өз құзыретi шегінде әскери қызмет өткеру, қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi бойынша нормативтік құқықтық актілер шығарады және олардың орындалуын бақылайды;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) өз құзыреті шегінде ақпараттық кеңістікке мониторинг және оған төнетін қатер көздеріне қарсы іс-қимыл жүргізеді;»;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) бейбіт уақытта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;»;
      мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері кадр саясатының тұжырымдамасын әзірлейді және бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды және әскери атақтар беруді жүзеге асырады, лауазымдарға тағайындау және лауазымдар тізбесіне сәйкес әскери атақтар беру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне қарауға енгізеді;
      16-2) Қарулы Күштердің әскери тасымалдауларын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу, жою (құрту, кәдеге жарату, көму), сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға (жалгерлікке) беру тәртібіне сәйкес пайдаланылмайтын әскери мүлікке иелік етеді;»;
      мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17-1) қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық шарттарды сақтау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды және басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын қадағалайды;
      17-2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасайды;»;
      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «18-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландырудан қару-жарақ пен әскери техниканы алу қағидаларын бекітеді;»;
      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) әскери атташе аппараты әскери қызметшілерінің қызметін және қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 26-5), 26-6), 26-7), 26-8), 26-9), 26-10), 26-11) және 26-12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «26-1) әскери оқу орындарын бітіргені туралы төсбелгілердің, Қарулы Күштер үшін әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралар жүлдегерлеріне арналған наградтау медальдарының (белгілерінің) сипаттамасын және беру тәртібін бекітеді;
      26-2) Қарулы Күштердің әскери қалашықтары мен оқу-жаттығу орталықтары аумағында орналасқан объектілердегі ветеринария және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласын ішкі бақылауды жүзеге асырады;
      26-3) уәкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғау басқару органдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдеріне (мекемелеріне) шартты атаулар береді;
      26-4) әскери бөлімдерге (мекемелерге) және кәсіпорындарға нақты және шартты атаулар беру және оларды Қарулы Күштерде хат жазысуды жүргізу кезінде қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      26-5) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
      26-6) аумақтық әскерлер туралы ережені әзірлейді және бекітеді, өз құзыреті шегінде аумақтық қорғаныс мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер шығарады, орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс мәселелері жөніндегі ақпаратты ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
      26-7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекітеді;
      26-8) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидаларын және олардың сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;
      26-9) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қаржы және шаруашылық қызметті ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      26-10) шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланыс, мемлекеттік құпияларды қорғау, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      26-11) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігі саласындағы топогеодезиялық және навигациялық қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігі саласындағы арнайы топогеодезиялық және навигациялық жұмыстарды орындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      26-12) Арсеналдардағы, базалар мен қоймалардағы зымырандар мен оқ-дәрілерді сақтауды және жинақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;»;
      12) 23-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдануды стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) әскери-саяси жағдайды талдауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы әскери қатерлерінің сипатын және деңгейін бағалайды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік құрамын айқындайды;
      1-2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік және күнделікті қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;
      1-3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы операцияларын дайындауға және өткізуге басшылық жасайды;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әскерлерді жұмылдыра өрістету схемасын әзірлейді;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысады;»;
      «5-1) әскери операцияларды жоспарлау мүддесінде әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қарулы Күштердің қорғанысты ұйымдастыру саласында басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырады және жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) Қорғаныс мүддесінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын әзірлейді;»;
      7) тармақша алып тасталсын;
      8) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) аумақтық қорғаныс, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың іс-қимылдары жоспарларын әзірлеуді үйлестіреді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда аумақтық әскерлерге басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      «10) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекеттерінің қарулы күштерімен бірге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қолдану жоспарларына ұсыныстар әзірлейді;»;
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді ұйымдастырады;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк және моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында әскерлерді моральдық-психологиялық және идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;»;
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-тарихи және мәдени жұмысты ұйымдастырады;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және әскерлер қызметіне байланысты экологиялық қауіпсiздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі iс-шараларды жүргізедi;»;
      мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 15-3), 15-4), 15-5), 15-6), 15-7), 15-8), 15-9 және 15-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғауды, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      15-2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастырады;
      15-3) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін даярлауды ұйымдастырады;
      15-4) әскерлер қызметін ұйымдастырады және оның жай-күйіне, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери тәртіпті нығайтумен, әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етумен және құқық тәртібін қолдаумен байланысты іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге бақылауды жүзеге асырады;
      15-5) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жедел, жұмылдыру және жауынгерлік даярлау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
      15-6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде дене дайындығын ұйымдастырады, әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылық жасауды жүзеге асырады;
      15-7) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі бекіткен Қарулы Күштер, Қорғаныс министрлігі және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттері шегінде Қорғаныс министрлігінің құрылымын, Бас штабтың және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағында болатын республикалық мемлекеттік мекемелердің құрылымы мен штат санын әзірлейді және Қорғаныс министріне бекітуге ұсынады;
      15-8) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі бекіткен Қарулы Күштер, Қорғаныс министрлігі және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттері шегінде штаттарды, штаттарға табельдерді бекітеді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери басқару органдарының, құрамаларының, әскери бөлімдерінің (мекемелерінің) штаттары мен штаттарына табельдерді есепке алуды жүргізеді;
      15-9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесінде ақпараттық қарсы күресуді ұйымдастырады және жүргізеді;
      15-10) әскерлерді қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-техникалық саясаты бағыттары жөнінде ұсыныстар әзірлейді;»;
      13) мынадай мазмұндағы 23-1 және 23-2-баптармен толықтырылсын:
      «23-1-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері:
      1) Қарулы Күштерді қолдануды стратегиялық жоспарлау шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлерін жедел-стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады;
      2) әскери басқару органдарының, әскер (күштер) түрлерінің жауынгерлік, жұмылдыру әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етеді;
      3) әскери басқару органдарын, әскер (күштер) түрлерін даярлауды ұйымдастырады;
      4) әскерлерді моральдық-психологиялық даярлауды, әскер (күштер) түрлерінде әскери тәртіптің және құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      5) әскер (күштер) түрлерінде қойылған міндеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      23-2-бап. Әскери атташелер аппараты
      1. Әскери атташелер аппараты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қарамағында және штат санында болады.
      2. Шетел мемлекетіндегі әскери атташелер аппаратында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитет, еңбекақы төлеу және шарттары, әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету мәселелерінде дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі.
      3. Әскери атташелер аппаратының қызметін қаржыландыру қорғаныс мұқтажы үшін бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен теңестірілген лауазымдар бойынша жүзеге асырылады.
      4. Әскери атташелер аппараты әскери қызметшілерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналына теңестіру Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктерінің бірлескен шешімімен жүзеге асырылады.»;
      14) 24-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қарулы Күштердiң жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) жабдықтау саласында, сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерi олардың жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін және олардың негізгі қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге құқылы. Мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен кіріс Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен республикалық бюджетке аударуға жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қарулы Күштердiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемесi бірінші басшысының ұсынысы негізінде ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекітеді.»;
      15) 26-баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі нұсқауларын уәкілетті мемлекеттік органдар бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен айқындалған тәртіппен орындайды;
      6) заңнамада көзделген жағдайларда Қарулы Күштермен бiрге жедел және жұмылдыру даярлығына тартылады.»;
      16) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «31-бап. Аумақтық қорғаныс
      1. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықты, объектiлер мен коммуникацияларды қарсыластың іс-қимылдарынан, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу және қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі аумақтық қорғанысты ұйымдастырады.
      2. Аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлауға және орындауға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары тартылады.
      3. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде, соғыс уақытында аумақтық қорғанысқа жалпы басшылық жасауды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасы жүзеге асырады.
      4. Аумақтық қорғаныстың жалпы міндеттерін және оны ұйымдастыру жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
      5. Аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау үшін жергілікті атқарушы органдар аумақтық әскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді.
      6. Төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою мақсатында аумақтық әскерлерді арнайы өрістету жүзеге асырылады.
      7. Аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар және меншік нысанына қарамастан ұйымдар арнайы құралымдар құрады.».
      10. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат, № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат):
      1) 4-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы әскери полиция органдарының қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады, ұйымдық-штаттық іс-шараларды жүргізу туралы шешімдер қабылдайды және олардың құрылымын және штат санын бекітеді, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасының Заңында, өзге де заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде белгіленген әскери полиция органдарының құзыретін шегінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      2) 5-бапта:
      бірінші бөлікте:
      7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін (Ұлттық ұлан) қоспағанда, тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу;»;
      екінші бөлік мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындайтын тәртіппен және шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілерін, оның ішінде қару-жарақты, арнайы құралдарды, қауіпсіздік жүйелерін және өзге де техникалық құралдарды қолдана отырып күзету, сондай-ақ көрсетілген объектілердегі өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы органдарының міндеті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріндегі (мекемелеріндегі) тәуліктік наряд қызметін, ішкі және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асыру болып табылады.»;
      3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери полициясы органдарының өкілеттіктері
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери полициясы органдарының сотқа дейінгі тексеру ісін жүргізу бөлiгiндегi өкiлеттiктері азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшiлерiне қолданылады.»;
      4) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының өкілеттіктері
      1. Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының сотқа дейінгі тексеру ісін жүргізу бөлігіндегі өкілеттіктері арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне қолданылады.
      2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін өкілеттіктері шегінде және Заңда белгіленген тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарын ұстауға, мұндай тыйым салуға негіздеме болған себептерді жойғанға дейін, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ақаулықтар мен жағдайлар болған кезде оларды пайдалануға тыйым салуға; тораптары мен агрегаттарында жасырын, қолдан жасалған, өзгертілген нөмірлері не мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар, сол сияқты көлік құралдарын таңбалау тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда алкогольмен, есiрткiмен және уытқұмарлықпен масаң күйдегi адамдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының көлiк құралдарын басқарудан шеттетуге және оларды медициналық тексеруге жіберуге құқылы.»;
      5) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдары құзыреті шегінде оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріндегі (мекемелеріндегі) тәуліктің нарядтың қызметін, ішкі және гарнизондық қызметтерді ұйымдастыруға ішкі бақылауды жүзеге асыруға құқылы.»;
      6) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      «9-1-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдары әскери автомобиль полициясы бөлімшелерінің қызметтік істерін ұйымдастыру қағидаларын;
      2) Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының лектеріне ілесіп жүруді, автомобиль жолдарында және көшелерде осы лектер өтетін уақытта жол қозғалысын реттеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын;
      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы органдарының гауптвахталарындағы ішкі күн тәртібі және оларда күдіктілерді және айыпталушыларды ұстау тәртібі қағидаларын;
      4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы органдарының гауптвахталарындағы ішкі күн тәртібі және оларда әкімшілік қамаққа ұшыраған әскери қызметшілерді ұстау тәртібі қағидаларын;
      5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы органдарының гауптвахталарындағы ішкі күн тәртібі және оларда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларын;
      6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын;
      7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы органдарының патрульдік-бекеттік қызметін ұйымдастыру қағидаларын;
      8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын;
      9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы органдары кинологиялық қызметтерінің істерін ұйымдастыру қағидаларын;
      10) әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын;
      11) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы орандары қызметкерлерінің қызметтік этикасы қағидаларын;
      12) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскерлер қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;
      13) анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген, сондай-ақ әскери бөлімдер (мекемелер) орналасқан жерді, оның ішінде қарумен өз еркімен тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін тартуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында әскери қызметшілердің әкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарында тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді.»;
      7) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз сақтау, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ұрлау және жоғалту, сондай-ақ әскери қызметшілерді іздестіру фактілерінен сақтандыруға және оны анықтауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізу құқығы бар.».
      11. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы
29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж. № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын:
      «9-2-бап. Әскери басқару органдарының құзыреті
      Әскери басқару органдары:
      1) әскерлерде тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және насихаттау жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      2) құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібін айқындайды;
      3) әскери басқару органдарында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияларды құрады;
      4) құқық бұзушылықтарды алдын алудың үйлестіру қызметін жүзеге асырады;
      5) жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін және әскери тәртіпті нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      6) әскери полиция органдарын оларға мәлім болған дайындалудағы немесе жасалған құқық бұзушылықтар (қылмыстар) фактілері туралы хабардар етеді;
      7) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      2) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
      «23-1-бап. Әскери қызметшілерге қатысты қабылданатын құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары
      1. Әскери басқару органдары әскери қызметшілерге қатысты қауіпті топта тұрған әскери қызметшілерді қорғау (бақылау) жөніндегі шараларды, сондай-ақ әскери қызметшілердің жалпы және құқықтық мәдениетін арттыратын, жалпы адамзаттық құндылықтарға, заңға мойынсынушылық мінез-құлыққа, құқыққа қарсы мінез-құлыққа төзбеушілікке бағдарланған адамгершілік қасиеттерін дамыту арқылы криминогендік факторларды жоятын идеологиялық шараларды қолдану жолымен іске асырылатын жалпы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қабылдайды.
      2. Әскери қызметшілерге қатысты жалпы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қабылдау үшін:
      1) әскери қызметшілердің және өзге де адамдардың хабарламалары немесе өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
      2) құқық бұзушылық жасау не жасауға әрекет ету фактісін тікелей анықтау;
      3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар негіздемелер болып табылады.
      3. Әскери басқару органдарының осы бапта көзделген құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қабылдауы үшін жағдайларды анықтау, сондай-ақ қабылданған шаралардың нәтижелері туралы бір тәулік ішінде тиісті әскери полиция органдарына хабарланады.».
      12. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 64-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «64-1) мемлекеттік авиацияның қызметін бақылау және қадағалау органы – мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;»;
      2) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұшулар қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      3) 15-бапта:
      12), 18) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;»;
      «18) Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;»;
      «21) ұшулар қауіпсіздігін басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 28-1), 28-2), 28-3) 28-4), 28-5) және 28-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «28-1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автомобиль және электр-газ техникасын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
      28-2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автокөлік, ұшуларды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының және жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
      28-3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясының ұшуларын әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының жұмыс істеу нормаларын (қызмет мерзімдерін) әзірлейді және бекітеді;
      28-4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын, қону алаңдарын), ұшуларды қамтамасыз ету және басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
      28-5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында авиациялық жанар-жағармай материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
      28-6) Мемлекеттік авиацияда әуе тасымалдауларын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      4) 58-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік авиацияның қызметін бақылау және қадағалау органының әскери қызметшілеріне олардың жеке басын және өкілеттіктерін растау үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган қызметтік куәліктер береді.
      Қызметтік куәліктерді беру, пайдалану тәртібін және олардың сипаттамасын мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы бекітеді.
      Мемлекеттік авиацияның қызметін бақылау және қадағалау органы әскери қызметшісінің қызметтік куәлігі оның Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшулары қауіпсіздігінің жай-күйін тексеруге және авиациялық оқиғаларды тексерулерге қатысуға құқығын растайды.»;
      5) 66-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік авиацияның мүдделерінде пайдаланылатын сыныпталмайтын әуеайлақты, уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарына қойылатын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерін пайдалануға және тактикалық-техникалық талаптарға жарамдылық нормаларына сәйкес пайдалануға жол беріледі.»;
      6) 93-баптың 2-тармағында:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеруді мүдделі тараптардың уәкілетті өкілдерінің міндетті қатысуымен комиссия жүзеге асырады. Азаматтық және эксперименттік авиацияда комиссияны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган құрады.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік авиацияның әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаны тексеруді мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады.
      Мемлекеттік авиациядағы авиациялық инциденттерді тексеру үшін комиссиялар мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларында белгіленген тәртіппен құрылады.».
      13. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; № 23-VІ, 170-құжат; 2016 жылғы 8 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық актілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 6 суәірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2016 жылғы 8 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2016 жылғы 12 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) мемлекеттік мүлік тізілімі – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жедел басқаруында тұрған мүлікті және мемлекеттік материалдық резервтің мүлкін қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;»;
      2) 134-баптың 2-тармағының 20-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-1) арнаулы мемлекеттік органдардың қаруын, әскери техникасы мен өзге де пайдаланылмайтын әскери мүлкін және пайдаланылмайтын мүлкін жою (құрту, кәдеге жарату, көму), қорғаныс объектілерін жалға беру, пайдаланылмайтын әскери мүлікті өткізу (оның ішінде экспорттау), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін қаруды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, қосалқы және оларға жиынтықтаушы бұйымдарды, өнімдерді, жабдықты және қосарлана қолданылатын тиісті технологияларды сатып алу (оның ішінде импорттау);».
      14. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-1, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 25 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
      «19) еңбек сіңірген жылдары (өтіл) – қызметкердің күнтізбелік те, жеңілдікпен есептеумен де есептелетін әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызметте болу ұзақтығы, сондай-ақ осы Заңның 82-бабына сәйкес еңбек сіңірген жылдарына есептелген еңбек қызметінің өтілі;»;
      2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Арнаулы мемлекеттік органдар жанында консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін, олардың ережесі мен құрамын арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.»;
      3) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Әскери немесе құқық қорғау қызметін өткерген азаматтар арнаулы мемлекеттік органға қызметке тұрған кезде оның көрсетілген кезеңде өзге де заңды және жеке тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, ол әскери немесе құқық қорғау қызметінен шығарылған күннен бастап және арнаулы мемлекеттік органға қызметке қабылданған күнге дейін үш айдан аспаса, үздіксіз болып саналады.»;
      4) 9-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста немесе үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша қосымша демалыста болған уақытта қолданылудағы келісімшарттың мерзімі өткен жағдайда қызметкер демалыстан шыққаннан кейін екі ай ішінде осы Заңда айқындалған тәртіппен жаңа келісімшарт жасайды немесе қызметтен шығарылады.»;
      5) 17-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) олар жеке iсiне енгiзiлгенге дейiн өздерiнiң қызметтік әрекеті туралы пiкiрлермен және басқа да құжаттармен, жеке iсiнiң материалдарымен танысуына (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын арнайы тексеру материалдарын қоспағанда), сондай-ақ өзiнiң жазбаша түсiнiктемелерiн және басқа да құжаттар мен материалдарды жеке iске қосуына;»;
      6) 18-баптың 1-тармағында:
      4) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік органдар ішкі қызмет жарғысының талаптарын, сондай-ақ қызмет және еңбек тәртібін сақтауға;»;
      «14) бір ай мерзімінен кешіктірмей шетел мемлекетінің азаматтығын алу ниеті туралы тікелей басшысын хабардар етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергендігі туралы оны берген күні немесе алдын ала тікелей басшысына хабарлауға;»;
      7) 24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Арнаулы мемлекет органдардың кадр құрамына қатысты жеке істер жүргізіледі, оларды ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.»;
      8) 27-бапта:
      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) офицерлер құрамының арнаулы атағы жоқ, тиісті мамандыққа ұқсас жоғары кәсіптік білімі бар және штатпен офицерлер құрамы атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке тұрған қызметкерге – тиісті лауазымға тағайындау кезінде беріледі.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. «Кіші сержант» арнайы атағы әскери атағы жоқ, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматқа штатпен сержанттар құрамының атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке тұрған кезде, тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.»;
      9-тармақта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұрынғы сыныптық шенде, арнаулы немесе әскери атақта болу мерзiмi кезектi арнаулы атақ беру үшiн еңбек сiңiрген мерзiмге есептеледi.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бір арнаулы мемлекеттік органның ішінде қызметі бойынша ауыстырылған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қайта аттестатталуға жатпайды.»;
      12-тармақ алып тасталсын;
      9) 29-бап алып тасталсын;
      10) 30-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызметкер арнаулы атағына сәйкес келетін лауазымға тағайындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдар мен оларға сәйкес арнаулы және әскери атақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      1-2. Арнаулы мемлекеттік органдардағы үлгілік емес лауазымдар мен оларға сәйкес арнаулы және әскери атақтардың тізбесін осы органдардың бірінші басшылары бекітеді.»;
      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қызметкердің келісімінсіз уәкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша бір сатыға төмен емес лауазымға тағайындау жүргізіледі.»;
      11) 31-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ұйымдық-штаттық іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылатын бөлімшенің тұрақты орналасу пункті өзгерген, сондай-ақ бөлімшенің тұрақты орналасу пунктіне қарамастан, тең немесе жоғары тұрған лауазымға тағайындалған кезде қызметкерді ауыстыру арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы осы құқықты берген уәкілетті басшының шешімімен оның келісімінсіз жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Қызметкерлерді ауыстыру қағидаларын арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.»;
      12) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қызметкерді уәкілетті басшының қарамағына жіберуге осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайларда және мерзімдерде жол беріледі.
      Қарамағында болған мерзімге демалыстарда, әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде емделуде болған кезеңдер есептелмейді.»;
      40-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі және 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызметкерлерге жыл сайынғы негізгі демалыстар оларды пайдалану кезеңдерін, сондай-ақ бөлімшенің жауынгерлік әзірлігін ұстауды ескере отырып және уәкілетті басшы бекіткен демалыстар кестесіне сәйкес кез келген жыл мезгілінде беріледі. Демалыстар кестесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлер санатын ескере отырып, әрбір күнтізбелік жылға жасалады және барлық қызметкерлердің мәліметіне жеткізіледі.»;
      «5. Толық емес тәуліктердің санын дөңгелектеу ұлғайту жағына қарай жүргізіледі. Қызметкерді қызметтен уақтылы шығару (арнаулы мемлекеттік органның жеке құрамы тізімдерінен алып тастау) мүмкін болмаған жағдайда, оны шығару күні жыл сайынғы демалыстың пайдаланылмаған күндеріне есеп айырысу жүргізіліп, ол қызметкерге беріледі. Мерзімінен бұрын қызметтен шығару кезінде (келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін), егер демалыстар кестесіне сәйкес демалыс бұрын пайдаланылмаса, қызметкердің жыл сайынғы демалыс ұзақтығы осындай тәртіппен есептеледі.»;
      15) 41-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының денсаулық жағдайы ауыр немесе олар қайтыс болған (қаза тапқан);
      2) жақын туыстары, жұбайының (зайыбының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тап болған;»;
      16) 43-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Жауынгерлік іс-қимылдарға, терроризмге қарсы және бітімгершілік операцияларға қатысатын (қатысқан) қызметкерлерге жыл сайынғы демалысқа қосылатын ұзақтығы екі апта қосымша демалыс беріледі.»;
      17) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:
      «46-1-бап. Үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыс
      Қызметкерге оның баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен айқындалатын тәртіппен үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыс беріледі.»;
      18) 49-баптың 1-тармағында:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде;»;
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын;
      «12-1) аттестаттау қорытындылары бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша;»;
      19) 50-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Шекті жасқа жеткен қызметкерлер осы Заңда белгіленген тәртіппен запасқа немесе отставкаға шығарылуға жатады.
      Арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары олармен жаңа келісімшарт жасау арқылы жоғары кәсіби даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тәжірибесі бар және денсаулық жағдайы бойынша қызметті өткеруге жарамды қызметкерлердің қызмет мерзімін бес жылға дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.
      Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм осы Заңда көзделген негiздемелер бойынша қызметкердi арнаулы мемлекеттік органдардан шығару мүмкiндiгiнен айырмайды.»;
      20) 51-бапта:
      10 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуына байланысты қызметкерлерді қызметтен шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару туралы тиісті Жарлығы күшіне енген күннен бастап немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар оны жоғалтуды тіркеген күннен бастап уәкілетті басшының шешімімен жүргізіледі.»;
      «12. Қызметкерді келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметтен шығару осы Заңға сәйкес арнаулы мемлекеттік орган бөлімшесі (орган) аттестаттау комиссиясының (жоғары аттестаттау комиссиясының) жоспардан тыс отырысында осы фактілерді қарағаннан кейін жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      «13-1. Уәкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша атқаратын лауазымына сәйкес келмеуіне байланысты қызметтен шығару уәкілетті басшының бұйрығымен жүргізіледі.»;
      14-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасымалдағыштарды жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптарды бұзу;»;
      21) 55-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) қызметкерлерге бар кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар дайындау.»;
      22) 56-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер аттестатталуға жататын қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалған жағдайда олар тағайындалғаннан кейін бір жыл өткен соң аттестаттаудан өтеді.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік тілді білуіне аттестаттауға тестілеу және психологиялық-әлеуметтік зерттеулерді жүргізу;»;
      23) мынадай мазмұндағы 56-1-баппен толықтырылсын:
      «56-1-бап. Қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттау
      1. Жоспардан тыс аттестаттау Жоғары аттестаттау комиссияның отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының шешімі бойынша, басқа қызметкерлер үшін – уәкілетті басшының шешімі бойынша жүргізіледі.
      2. Жоспардан тыс аттестаттау жүргізуге негіздемелер:
      1) қызметкерді кадр резервіне қабылдау туралы мәселені шешу;
      2) қызметкерді төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы мәселені шешу;
      3) қызметкерді келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметтен шығару туралы мәселені шешу болып табылады.
      Қызметкерді кадр резервіне қабылдау туралы мәселені шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау белгіленген жоспарлы аттестаттауды жүргізу мерзімінің кемінде үштен бір бөлігі өткеннен кейін жүргізілуге тиіс.»;
      24) 57-бапта:
      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Аттестатталушының тікелей басшысы аттестатталатын қызметкердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін жан-жақты зерделеп, ол атқарып отырған лауазым бойынша жұмыстың нақты көрсеткіштерін объективті түрде талдап және бағалап, оған мінездеме беруге және аттестаттау бойынша алдын ала тұжырымдар мен ұсынымдар жасауға міндетті.»;
      7-тармақтың екінші бөлігінде:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «ауыстыру себебін көрсете отырып, тең лауазымға ауыстыру туралы;»;
      алтыншы абзац алып тасталсын:
      мынадай мазмұндағы 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
      «10. Дәлелсіз себептермен аттестаттау комиссиясының отырысына екі рет келмеген қызметкерлер осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға ұсынылады.
      11. Кезекті (жоспардан тыс) аттестаттаудан өтпеген және (немесе) өзге, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда қызметті жалғастырудан бас тартқан қызметкерлер осы Заңда белгіленген тәртіппен шығарылуға жатады.»;
      25) 58-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Аттестаттау комиссиясының құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс. Аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері аттестаттауға жататын қызметкерлердің лауазымдарына тең немесе олардан жоғары тұрған лауазымд атқаруға тиіс. Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді. Аттестаттау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда отырыс өткізілмейді.
      3. Жоғары аттестаттау комиссиясының төрағасы болып арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының бірінші орынбасары (орынбасары) тағайындалады.
      4. Аттестаттау комиссиясының құрамына органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және өзге де қызметкерлер, ал Жоғары аттестаттау комиссиясының құрамына – арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының орынбасарлары және басқа да лауазымды адамдар енгізіледі. Аттестаттау комиссиясының мүшелері және хатшысы аттестаттаудан жалпы негіздемелерде өтеді. Аттестатталуға жататын аттестаттау комиссиясының мүшелері өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.»;
      26) 59 және 60-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «59-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары
      1. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарын уәкілетті басшы бекітеді.
      Жоғары аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарын арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
      2. Уәкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары қызметкерді кадр резервіне қабылдауға, тең лауазымға тағайындауға, қызметкердің лауазымын төмендетуге немесе оны қызметтен шығаруға негіздеме болып табылады.
      60-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарына шағымдану
      1. Қызметкер уәкілетті басшы немесе арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы алдында аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарына олармен танысқан күннен бастап бір айдан кешіктірмей шағымдануы мүмкін.
      2. Уәкілетті басшы немесе арнаулы мемлекеттік органның басшысы қызметкерлерді аттестаттаудан өткізудің тәртібін бұзғандығы туралы дұрыс мәліметтер алған жағдайда, өткізілген аттестаттаудың нәтижелерін жоюға және қажет болған кезде оны қайта өткізуді тағайындауға құқылы.»;
      27) 65-бапта:
      21-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын.
      «Баяндаудан кейін уәкілетті лауазымды тұлға қызметкерді оған қатысты жүргізілген қызметтік тексеру материалдарымен оның қызметтік тексеру қорытындыларымен және ұсыныстарымен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін міндетті түрде көрсете отырып, қолын қойғызумен таныстыруға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Оған қатысты қызметтік тексеру жүргізілген қызметкер қызметтік тексеру материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда осы тармаққа сәйкес уәкілетті лауазымды тұлға тиісті акт жасайды.»;
      22-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) егер бұл мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi таратпау талаптарына қайшы келмесе, қызметтiк тексеру аяқталғаннан кейiн қызметтік тексеру материалдарымен танысуға құқылы.»;
      28) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «66-бап. Тәртіптік комиссияны құру және оның жұмыс тәртібі
      1. Тәртіптік комиссия – теріс қылық жасаудың жан-жақты, толық және объективті жағдайларын анықтау және оны жасаған тұлғаны жазалау шарасы туралы ұсынымдар шығару мақсатында қызметкердің теріс қылығына қатысты қызметтік тексеру материалдарын қарау және фактілерді зерттеу үшін арнаулы мемлекеттік органдарда құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін алқалық консультативтік-кеңесші орган.
      2. Тәртіптік комиссиялар арнаулы мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде құрылады.
      3. Тәртіптік комиссия мүшелері бөлімшенің жеке құрамының жиналыстарында анағұрлым тәжірибелі және беделге ие офицерлер қатарынан ашық дауыс берумен сайланады. Тәртіптік комиссия мүшелерінің саны тақ болуға және ол үш адамнан кем болмауға тиіс, олардың біреуі төраға болып табылады.
      4. Тәртіптік комиссияның құрамы уәкілетті басшының бұйрығымен бекітіледі. Тәртіптік комиссияның төрағасы болып уәкілетті басшының орынбасарларының біреуі тағайындалады. Бөлімшенің кадрлар аппаратының өкілі хатшы болып тағайындалады. Тәртіптік комиссияның хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
      5. Уәкілетті басшылардың және олардың орынбасарларының теріс қылықтары арнаулы мемлекеттік органның тәртіптік комиссияларында қаралады. Жоғары офицерлердің теріс қылықтары тек жоғары офицерлер қатарынан тәртіптік комиссияда, ал аға офицерлердің теріс қылықтары аға офицерлер қатарынан тәртіптік комиссияда қаралады.
      6. Тәртіптік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Тәртіптік комиссияның отырыстары тәртіптік комиссия мүшелерінің жалпы санынан үштен екісі, бірақ кемінде үш адам қатысса заңды болады. Тәртіптік комиссияның мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      7. Тәртiптiк комиссияның мүшелерi отырыстың өткiзiлетiн күнi, орны, оның күн тәртiбi туралы, сондай-ақ отырысқа материалдармен отырысқа дейiн хабардар етiлуге және таныстырылуға тиiс.
      8. Тәртiптiк комиссия мүшесiнің өз бастығының, жақын туысының немесе жекжатының терiс қылығына қатысты, сондай-ақ егер тәртiптiк комиссия мүшесiнiң тиiстi шешiм қабылдауға тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi бар болса, қызметтiк тексеру материалдарын қарауға және фактілердi зерттеуге құқығы жоқ.
      9. Тәртiптiк комиссия мүшелерiне оларға қызметтiк тексеру материалдарын қарау барысында белгiлi болған мәлiметтердi жария етуге тыйым салынады.
      10. Тәртiптiк комиссияның отырысына оған қатысты қызметтiк тексеру жүргiзiлген қызметкердің қатысуы мiндеттi.
      Оған қатысты қызметтік тексеру жүргізілген қызметкер тәртіптік комиссияның отырысына дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, осы факті тәртіптік комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.
      Оған қатысты қызметтік тексеру жүргізілген қызметкер тәртіптік комиссияның отырысына дәлелсіз себептермен келмегенде, жаза қолдану туралы шешім қабылдау туралы кедергі болмауға тиіс.
      11. Тәртiптiк комиссия өз отырысында қызметтiк тексеру материалдарын қарайды және терiс қылыққа қатысты фактілердi зерттейдi. Тәртiптiк комиссия оған қатысты қызметтiк тексеру жүргiзiлген әскери қызметшiнiң және қызметтiк тексеруді жүргiзген лауазымды адамдардың түсiнiктерiн тыңдауы мүмкiн.
      Сонымен қатар, қажет болған кезде тәртiптiк комиссияның куәгерлер мен мамандарды тыңдауға, материалдарды сұратуға және терiс қылыққа (оқиғаға) қатысты кез келген фактіні зерттеуге құқығы бар.
      12. Тәртiптiк комиссияның ұсыныстары комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      Тәртiптiк комиссияның мүшелерi өз пiкiрiн айқын айтуға және дауыс беру кезiнде қалыс қалмауға мiндеттi.
      Дауыстар тең болған кезде төрағаның даусы шешушi болып табылады.
      13. Тәртiптiк комиссия қызметтiк тексеру материалдары түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде басшыға қызметкердің тәртiптiк жауаптылығы туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi.
      Тәртіптік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тәртіптік комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды.»;
      29) 67-баптың 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтары алып тасталсын;
      30) 73-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қызметкерлер қызметті өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып және арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен мемлекет есебінен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін нормалар бойынша арнайы киім нысанымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі.»;
      31) 80-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызметкер қызмет өткеру кезеңiнде немесе қызмет өткерген кезеңiнде алған жарақаты (контузиясы), ауруы салдарынан қызметтен шыққаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлерiне қаза тапқан күнi немесе қызметтен шығарылған күні соңғы атқаратын лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі.»;
      32) 84-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкі республикалық мүлік болып табылады және оның жедел басқару құқығында болады.».
      15. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетел әскери оқу орындарында білім алатын офицерлер және сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшісі;
      2) әскери киім нысаны – Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен әскери қызметшілердің және азаматтық персоналдың Қарулы Күштерге тиесілігін айқындайтын ерекшелік және айырым белгілері бар нысанды киім (киім-кешек) және жабдық;
      3) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер – осы Заңда айқындалатын мерзімге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматы;
      4) әскерге шақыру жасына дейінгілер – әскери есепке алынғанға дейін әскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматы;
      5) әскерге шақыруды кейінге қалдыру – осы Заңда көзделген негіздемелер бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру;
      6) әскерге шақырылушылар – жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген және мерзімді әскери қызметке әскерге шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматы;
      7) әскери атақ – әскери қызметшіге және әскери міндеттіге берілетін әскери айырым белгісі;
      8) әскери билет – азаматтың әскери қызметке тиесілігін және әскери міндеттілікке қатыстылығын айқындайтын бірыңғай мерзімсіз жеке есептік-әскери құжаты;
      9) әскери бөлімнің (мекеменің) штаты – жеке құрамның құрамын, ұйымдық-штаттық құрылымын, санын және қару-жарақ кадастрына сәйкес бекітіп берілген негізгі қару-жарақ пен әскери техника санын айқындайтын құжат;
      10) әскери есепке алу – әскерге шақырылушылар, әскери қызметшілер мен жұмылдыру ресурстары туралы сандық және сапалық деректерді есепке алу және талдау жүйесі;
      11) әскери жиындар – әскери міндеттілер мен азаматтардың әскери білім алуы және оны жетілдіруі мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда әскери басқару органдары, әскери даярлық жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін іс-шаралар.
      Әскери жиындар:
      оқу-жаттығу жиындары – әскери міндеттілерді, әскери оқу орындарына түскен кезде әскерге шақырылушыларды және жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттерін даярлау және қайта даярлау мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі;
      тексеру жиындары – соғыс уақытының ұйымдық-штаттық құрылымында міндеттерді орындауға арналған әскери бөлімдердің әзірлігін тексеру мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі;
      арнайы жиындар – төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар мен олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін әскери жиындар түрі болып бөлінеді;
      12) әскери кафедра – запастағы офицерлер бағдарламалары бойынша азаматтарды әскери даярлауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны жанындағы кафедра;
      13) әскери қызмет – Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығы мен шекараларының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғауға байланысты әскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер әскери қызметшілері мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;
      14) әскери қызмет мерзімі – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметші мәртебесінде әскери қызмет өткерудің барлық кезеңі;
      15) әскери қызметтен шығару – әскери қызметшіні осы Заңда көзделген негіздемелер бойынша запасқа немесе отставкаға шығара отырып, әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару;
      16) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт – уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы азамат әскери қызмет өткерген кезеңде тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауаптылығын белгілейтін ерікті түрде әскери қызмет өткеру туралы шарт;
      17) әскери қызметшілер – Қарулы Күштерде әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
      18) әскери лауазым – әскери қызмет функцияларын орындау үшін лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер жүктелген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемесінің штаттық бірлігі;
      19) әскери міндеттілер – әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматы;
      20) әскери міндеттілер запасы (бұдан әрі – запас) – аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, Қарулы Күштерді және соғыс уақытының басқа да мемлекеттік органдарын толық жасақтау, жұмылдыра өрістету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын осы Заңда белгіленген жастағы әскери міндеттілер;
      21) әскери міндеттілік – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеті;
      22) әскери оқу орны – Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уәкілетті органына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Ұлттық ұланына ведомстволық бағынысты және әртүрлі деңгейдегі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
      23) бастапқы әскери және технологиялық даярлық – білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әскери іс, робот-техника және ІТ-технологиялар негіздері бойынша міндетті оқыту пәні (оқу пәні);
      24) далалық шығу – далалық жағдайларда жауынгерлік, жұмылдыру және жедел даярлау бағдарламалары бойынша сабақтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мүдделерінде арнайы далалық жұмыстарды орындау;
      25) докторант – докторантурада білім алатын әскери қызметші;
      26) еңбек сіңірген жылдары – азаматтың күнтізбелік сонымен қатар жеңілдікпен де есептелетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, фельдъегерлік қызметте болу ұзақтығы;
      27) жалпыға бірдей әскери оқыту – Қазақстан Республикасының азаматтарын соғыс жағдайы енгізілген кезеңде әскери даярлыққа міндетті оқыту;
      28) жеке құрам – Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары;
      29) кадет – техникалық және кәсіптік немесе ортадан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери оқу орнында білім алатын әскери қызметші;
      30) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер – осы Заңда айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерге әскери қызметке ерікті түрде кірген Қазақстан Республикасының азаматтары;
      31) курсант – оны аяқтағаннан кейін офицерлер құрамының алғашқы әскери атағы берілетін жоғары білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнында (әскери факультетте), сондай-ақ шетел әскери оқу орнында (әскери факультетте) білім алатын әскери қызметші;
      32) қолданыстағы резерв – барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындайтын әскери қызметшілер;
      33) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы – әскери-техникалық және өзге де әскери мамандықтар бойынша азаматтарды даярлауды (қайта даярлауды) жүзеге асыратын ұйым;
      34) магистрант – магистратурада білім алатын әскери қызметші;
      35) мерзімді әскери қызмет – ер азаматтарды осы Заңда айқындалған тәртіппен Қарулы Күштерге қатардағы жауынгерлер және сержанттар құрамының әскери лауазымдарына әскерге шақыруға негізделген әскери қызмет;
      36) отставка – әскери қызметтен босатылған немесе әскери есептен шығарылған, запаста болудың шекті жасына толған адамдардың немесе әскери есептен шығарылып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдардың жай-күйі;
      37) офицерлер – офицерлер құрамының тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;
      38) психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер – Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері мен азаматтарының жеке-психологиялық және психикалық-физиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған тізбесін уәкілетті мемлекеттік органның басшысы бекітетін лауазымдарда әскери қызмет өткеру үшін іріктеу кезінде жүзеге асырылатын тексеру іс-шаралары жиынтығы;
      39) резервтегі қызмет – ерекше кезеңде немесе соғыс жағдайы жарияланған кезде соғыс уақытының штаттарына дейін әскери бөлімдерді, аумақтық қорғаныс бөлімшелерін және басқа да әскери құралымдарды кепілді жасақтау мақсатында бейбіт уақытта бар әскери-есептік мамандық бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлауды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;
      40) резервші – әскери бөлімнің (мекеменің) командирімен (бастығымен) ерікті негізде бейбіт уақытта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында резервте қызмет өткеру және соғыс уақытында немесе ерекше кезеңде міндетті әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасаған Қазақстан Республикасының азаматы;
      41) ротация – әскери қызметшілерді Қарулы Күштердегі тең және өзге де лауазымдарға ауыстыру;
      42) сарбаздар (матростар) – сарбаздар (матростар) құрамының әскери лауазымдарын атқаратын әскери қызметшілер;
      43) сержанттар (старшиналар) – сержанттар (старшиналар) лауазымдарын атқаратын әскери қызметшілер;
      44) теңізге шығу – міндеттерді орындау үшін корабльдер мен кемелер экипаждарының, әскери қызметшілердің ашық теңізге шығуы;
      45) тәрбиеленушілер – әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
      46) уәкілетті лауазымды адам – Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштерде әскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) белгіленген тәртіппен келісімшарт жасауға құқық берілген лауазымды адам;
      47) уәкілетті орган – құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;
      48) ұйымдық-штаттық іс-шаралар – Қарулы Күштерде мемлекеттік мекемелерді және олардың құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру, орнын ауыстыру, бағыныстылығын өзгерту, штаттарын өзгерту бойынша, сондай-ақ Қарулы Күштердің құрамы мен штат санын өзгерту бойынша өткізілетін іс-шаралар.»;
      2) 5-бапта:
      1-тармақта:
      үшінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына (әскери факультеттерге) түскендер, егер бұған дейін олар әскери қызметшілер болып табылмаса – әскери оқу орындары үшін әскери оқу орны (әскери факультет) бастығының оқу орны жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетел әскери оқу орнына түскен кезде – уәкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады.»;
      3-тармақтың 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан;
      6) далалық шығуларда (теңізге шығуларда) болған, оқу-жаттығуларға немесе корабльдердің жорықтарына қатысқан;
      7) күн тәртібімен белгіленген қызмет уақыты ішінде немесе басқа да уақытта, егер ол қызметтік қажеттіліктен туындаған болса, әскери бөлімнің (мекеменің) аумағында болған;»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Әскери қызметшілерге олардың мәртебесін растау үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жеке нөмірлері бар жетондар, әскери қызметшінің жеке куәліктерін (әскери билеттер) және (немесе) қызметтік куәліктер береді.»;
      мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «6. Жедел-іздестіру және барлау қызметін жүзеге асыруға уәкілеттік берілген әскери барлау органдарының офицерлер құрамына олардың жеке басын және өкілеттіктерін растау үшін Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының қызметтік куәліктері беріледі.
      Қызметтік куәліктерді жасау, беру, пайдалану және сипаттау тәртібін уәкілетті мемлекеттік органның басшысы бекітеді.
      Әскери барлау органы әскери қызметшісінің қызметтік куәлігі оның қаруды, арнайы құралдарды алып жүруге және сақтауға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өзге де өкілеттіктерге құқығын растайды.
      7. Әскери полиция, әскери прокуратура органдарының және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне және қызметкерлеріне заңнамалық тұрғыдан бекітілген міндеттерді орындау мақсатында олардың жеке басын және өкілеттіктерін растау үшін қызметтік куәліктер мен төсбелгілер беріледі.
      Қызметтік куәліктер мен төсбелгілерді жасау, беру, пайдалану және сипаттау тәртібін уәкілетті мемлекеттік органның басшысы бекітеді.
      Әскери полиция, әскери прокуратура органдары мен әскери-тергеу органдары әскери қызметшілерінің және қызметкерлерінің қызметтік куәлігі олардың қаруды, арнайы құралдарды алып жүруге және сақтауға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери қызметшілер мен қызметкерлерге берілген өзге де өкілеттіктерге құқығын растайды.»;
      3) 6-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) уәкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша әскери оқу орындарына оқуға түсуге және кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және біліктілігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына әскери емес мамандықтарға оқуға түсуге (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен, курсанттар мен кадеттерден басқа);»;
      4) 7-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде уәкілетті орган басшысының оны ротациялау туралы шешімін орындауға;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) әскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауға;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Соғыс жағдайы және төтенше жағдай, азаматтық қорғау, терроризмге, экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен әскери қызметшілерге өзге де міндеттер жүктелуі мүмкін.»;
      5) 12-бапта:
      3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өтеулі негізде әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлауға мыналар:
      денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды әскери міндеттілер;
      денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма төрт жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар тартылады.
      4. Азаматтарды іріктеу, оларды жіберу және оқыту, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқыту мерзімдерін оның бірінші басшысы айқындайды.
      5. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша оқытылатын азаматтар санын жұмылдыру ресурстарына немесе кіші мамандарға қажеттілікке сүйене отырып, оның бірінші басшысы айқындайды.
      6. Азаматты әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқытудың басталуы мен аяқталуы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы басшысының қабылдау және аяқтау туралы бұйрыұтары шыққан күн болып саналады.»;
      7, 8, 9 және 10-тармақтар алып тасталсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқыту кезеңінде азаматтардың жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы кезеңде олар заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан шығарылмайды.»;
      6) 16-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді және медициналық куәландыруды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілетін Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында және Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.»;
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған азаматтар әскери есепке қабылданбайды.»;
      6-тармақта:
      бірінші бөліктің 1), 2), 3), 4), 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) комиссия төрағасы – аудан (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімінің) орынбасары;
      комиссия мүшелері:
      2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органының өкілі;
      3) ішкі істер органдары тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
      4) мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасы тиісті жергілікті органы бастығының (бас дәрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы;
      5) хатшы.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Азаматтарды әскерге шақыру пункттеріне (учаскелеріне) тіркеу кестесін жергілікті атқарушы органның басшысы бекітеді.»;
      7) 17-баптың 1-тармағында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), кенттің, селоның, селолық округтің әкімдері, сондай-ақ әскери міндеттілер және әскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде:»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) әскер жасына дейінгілерге тіркеу жүргізген және азаматтарды әскери қызметке әскерге шақырған кезде басқа жергілікті жерлерден облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру (жиын) пункттеріне азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган жергілікті әскери басқару органдарының сұрау салулары бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар болуы немесе болмауы туралы анықтамаларды жеті жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.»;
      8) 20-бапта:
      төртінші бөліктің төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «аға сержанттарға – үш жыл;
      3-сыныпты сержанттарға – төрт жыл;
      2-сыныпты сержанттарға – бес жыл;
      1-сыныпты сержанттарға – алты жыл;»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сарбаздар (матростар) құрамына, жоғары сержанттар құрамына, полковниктерге (бірінші дәрежелі капитандарға) және жоғары офицерлер құрамына әскери атақтарындағы еңбек сіңірген жылдары белгіленбейді.»;
      9) 21-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әскери қызметшiлерден әскери лауазымдарды жасақтау, тағайындау, орнын ауыстыру, әскери лауазымдардан босату, мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына ауыстыру Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес жүргiзіледi.
      Тізбесі уәкілетті мемлекеттік органның басшысы бекіткен лауазымдарға тағайындалатын Қарулы Күштердің әскери қызметшілер мен қызметшілеріне қатысты уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындаған тәртіппен психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолданумен арнайы тексеру жүргізіледі.»;
      4-1-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақта:
      4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) әскери қызметшілер Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсiздігі мүдделеріндегi жұмыстарды орындау мақсатында мемлекеттік органдарға, халықаралық және басқа да ұйымдарға iссапарға жiберілуіне байланысты уәкілетті орган басшысының қарамағында болған;»;
      «6) әскери қызметшілер әскери қызметші зайыбымен (әскери қызметші жұбайымен) бірге шетелге қызметке, оқуға жіберілген кезде уәкілетті орган басшысының қарамағында болған;»;
      7) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) күндізгі оқу нысаны бойынша оқу уақытында – магистранттардың, докторанттардың әскери оқу орны бірінші басшысының өкімінде, адъюнкттердің мемлекеттік орган бірінші басшысының қарамағында болған;
      9) оқу уақытында – курсанттар мен кадеттердің әскери оқу орны бірінші басшысының өкімінде болған;
      10) әскери тағылымдама аяқталғанға дейін – оқыту бағдарламасы оқып жатқан ел заңнамасына сәйкес әскери тағылымдаманы көздейтін шетел мемлекеті жоғары әскери оқу орнын аяқтауына байланысты офицерлер құрамының «лейтенант» алғаш әскери атағы берілген әскери қызметшілердің мемлекеттік орган бірінші басшысының қарамағында болған;
      11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымына оқуға түсетін әскери қызметшілердің командирдің (бастықтың) қарамағында болған;
      12) жиындардан өту уақытында – әскери жиындар кезеңінде мемлекеттік орган бірінші басшысының қарамағында болған жағдайларда әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткереді.»;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «6. Әскери лауазымдарда болу мерзімдері Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
      7. Қарамағында болу мерзіміне әскери қызметшінің жыл сайынғы негізгі демалыстарда, әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде емделуде болған кезеңдері есептелмейді.»;
      10) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Басқа жергілікті жерге қоныс аударуға байланысты ротациялауға мүгедек зайыбы (жұбайы) бар, мүгедек балалары (қамқоршысы болып табылатын), оның ішінде асырап алған балалары бар немесе асырауында қартайған ата-аналары бар адамдар жатпайды. Көрсетілген жағдайлар Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен актімен расталуға тиіс.»;
      11) 22-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілер аттестаттау кезінде Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде уәкілетті орган басшысының шешімі бойынша полиграфологиялық зерттеуден өтеді.»;
      12) 23-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «23-бап. Әскери киім нысаны және айырым белгілері»;
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әскери киiм нысанын киіп жүру және Қарулы Күштердің айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi белгілейдi, ал әскери киiм нысанының жекелеген заттарын киіп жүру және айырым белгiлерiн тағып жүру ерекшелiктерiн уәкілетті органдардың бiріншi басшылары белгілейдi.»;
      13) 24-баптың 2-тармағында:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әскери қызметші жұбайының (әскери қызметші зайыбының) одан әрі әскери қызмет өткеруіне (оқуға түсуіне) байланысты шетелге кеткен әскери қызметшілердің шетелде болу уақыты еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік қызмет (оның ішінде құқық қорғау қызметі) өтіліне мемлекеттік қызметші (құқық қорғау органының қызметкері) құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органдағы әскери лауазымға уақытша тағайындалған кезеңіндегі уақыт, сондай-ақ оның бір мемлекеттік органнан басқасына ауысу уақыты есептеледі.
      Мемлекеттік қызметке кірген адамдар үшін әскери қызмет өткеру уақыты мен тағайындалу кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.»;
      14) 25-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) майорға (үшіншi дәрежелi капитанға) дейiнгіні қоса алғанда, аға сержанттар құрамының және офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне – қырық жеті жас;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) подполковникке (екiншi дәрежелi капитанға) – қырық сегіз жас;»;
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шекті жасқа толған әскери қызметшілерге олардың баянаты бойынша уәкілетті органдардың басшылары мынадай:
      1) магистр академиялық дәрежесі (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы) бар болған және олар әскери оқу орындарында (әскери кафедраларда) оқытушылық қызметті жүзеге асырған;
      2) емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық қызметкерлер лауазымдарында немесе мемлекеттік авиацияда ұшқыштар құрамының лауазымдарында не әскери прокуратура органдары офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткерген және жоғары кәсіптік даярлығы, атқаратын лауазымында жұмыс тәжірибесі бар болған және денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеру үшін жарамды болған жағдайларда олармен бес жылға дейінгі мерзімге жаңа келісімшарт жасау жолымен әскери қызмет мерзімін ұзартады.»;
      15) 26-бапта:
      1-тармақта:
      6) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына немесе мемлекеттік мекемелеріне, арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына мемлекеттік қызметке ауысу;»;
      «11) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу;»;
      13) тармақшада:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «қызметтік міндеттерін орындау кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде болуы;»;
      алтыншы абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «әскери қызметке кірген кезде әскери қызметке қабылдаудан бас тарту үшін негіздемелер болып табылуы мүмкін көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер беру;
      әскери қызметші, оның кірістері мен меншік құқығында болатын мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер беру;»;
      он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтар алып тасталсын;
      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалғандар;»;
      мынадай мазмұндағы он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      «осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалға берілген мүлікті қоспағанда, оларды пайдаланудан кіріс алынатын коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталдағы үлесін, акцияларын (акциясын) және өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу;
      әскери қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау;»;
      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      «15) әскери оқу орнынан шығару.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшiлер осы баптың 1-тармағының 2), 4), 9), 10), 11) тармақшаларында, 13) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында, ал офицерлер құрамының әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілері сонымен қатар осы баптың 12) тармақшасында, 13) тармақшасының екінші абзацында көзделген негіздемелер бойынша әскери қызметтен шығарылады.»;
      6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. 2013 жылғы 1 қаңтарда әскери қызметте болу мерзімі он жылдан аз болған немесе әскери қызметке көрсетілген күннен кейін алғаш кірген әскери қызметшілер әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу жәрдемақысы:
      1) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге мынадай:
      10 жылдан аз әскери қызмет мерзімі барларға – үш айлық ақшалай қаражат;
      10-нан 20-ға дейін әскери қызмет мерзімі барларға – бес айлық ақшалай қаражат;
      20-дан 30-ға дейін әскери қызмет мерзімі барларға – жиырма айлық ақшалай қаражат;
      30 жылдан астам әскери қызмет мерзімі барларға – отыз айлық ақшалай қаражат;
      келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшері осы жұмыстан шығу жәрдемақысы бұдан бұрын жұмыстан шығу кезінде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұдан бұрын төленген жұмыстан шығу жәрдемақысын ескере отырып төленеді;»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Осы Заңның 37-бабының 6-тармағына сәйкес әскери қызметке кірген сарбаздар (матростар), сержанттар құрамының әскери қызметшілері, белгіленген мерзімді қызмет мерзімін өткермеген, жиырма алты жасқа толмаған, бірақ он сегіз жастан кіші емес, бір жылдан аз қызмет өткерген немесе оқыған және теріс себептер бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметтен шығарылған немесе әскери оқу орындарынан шығарылған әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері белгіленген тәртіппен алты ай ішінде мерзімді қызмет өткеру үшін әскери бөлімдерге жіберіледі.
      Бұрын мерзімді қызмет өткермеген, бір жылдан аз оқыған және теріс себептер бойынша оқудан шығарылған, он сегіз жасқа толмаған әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттер белгіленген тәртіппен әскери қызмет өткеру үшін мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қоюға тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі.
      Әскери оқу орнынан шығарылған, сондай-ақ әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасаудан бас тартқан әскери қызметші оқуға жұмсалған бюджет қаражатын толық көлемде мемлекетке өтеуге міндетті.
      Әскери оқу орнын бітірген әскери қызметші теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығарылған жағдайда келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін әрбір толық қызмет өткерілмеген айы үшін оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке бара-бар өтеуге міндетті.
      Әскери оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тәртібін уәкілетті органның бірінші басшысы белгілейді.»;
      16) 27-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жұмыс (оқу) орны, жергілікті әскери басқару органдарынан шақырту туралы шақырту қағазы бар болған кезде жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс (оқу) орны сақталады.»;
      17) 28-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстың, облыстық маңызы бар қаланың, ауданның әскерге шақыру комиссиялары жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша әскерге шақыруды өткізу кезеңiнде мынадай құрамда құрылады:
      1) комиссия төрағасы – жергілікті атқарушы орган басшысының (аудан, облыстық маңызы бар қала, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің) орынбасары;
      комиссия мүшелері:
      2) аудан (аудан, облыстық маңызы бар қала, республикалық маңызы бар қала және астана) жергілікті әскери басқару органының бастығы;
      3) ішкі істер органдары тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
      4) денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (аудан, облыстық маңызы бар қала, республикалық маңызы бар қала немесе астана бас дәрігерінің) орынбасары – медициналық комиссия төрағасы;
      5) хатшы.
      Оларға өзге де мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкiлдерi де кiруi мүмкiн. Әскерге шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуға тиiс.
      Облыстық (республикалық маңызы бар қала немесе астана) әскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органы басшысының орынбасары енгізіледі.
      Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
      Әскерге шақыру комиссиясының мүшелері азаматтарды заңсыз мерзімді әскери қызметке шақырғаны үшін заңнанамен белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.»;
      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
      3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері алып тасталсын;
      18) 29-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Азаматтардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау үшін астанада, республикалық маңызы бар қалада, облыстарда, қалалар мен аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тұрақты негізде:
      1) әскерге шақыру жасына дейінгілерді;
      2) әскерге шақырылушыларды;
      3) жиынға шақырылатын әскери міндеттілерді;
      4) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін, әскери оқу орындарына (әскери факультеттерге), әскери кафедраларға, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына түсетiн азаматтарды медициналық куәландырудан өткiзетін медициналық комиссиялар құрылады.»;
      2-тармақ алып тасталсын;
      19) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «33-бап. Әскери мiндеттілердi әскери жиындарға шақыру
      Әскери мiндеттiлер:
      1) орталық атқарушы органдар өткізетін жұмылдыру даярлығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізiнде;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары өткізетін жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс даярлығы жөніндегі іс-шаралар шеңберінде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысы негізінде әскери жиындарға шақырылады.»;
      20) 36-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткеретін азаматтар;»;
      21) 37-бапта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар және алты ай қызмет өткерген мерзiмдi қызмет әскери қызметшілерi Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiруге құқылы.»;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Әскерге шақыру бойынша офицерлер құрамының әскери қызметшілері әскери қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiруге құқылы.»;
      22) 38-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сәйкес келуге:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;
      2) қажетті жеке, моральдық және кәсіптік қасиеттерінің болуына, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болуына;
      3) курсанттарды қоспағанда, он сегіз жастан кіші емес және осы Заңда белгіленген әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың шекті жасынан мынадай: келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіретіндер үшін немесе сарбаздар және кіші сержанттар құрамының лауазымдарына тағайындалу үшін – он бес жас, кіші офицерлер және аға сержанттар құрамының лауазымдарына тағайындалу үшін – он жас, аға офицерлер немесе жоғары сержанттар құрамының лауазымдарына тағайындалу үшін – бес жас үлкен болмауға;
      4) әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызметті өткерген не жоғары оқу орнының әскери кафедрасынан оқытудан немесе өтеулі негізде әскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен болуға тиіс.
      Әскери қызметке кіретін адамдар жазбаша нысанда тіркелетін әскери қызметшінің қызметте болуына байланысты Заңда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді өзіне қабылдайды.
      2. Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке:
      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулi деп таныған;
      2) әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтiретін ауруы бар;
      3) сотпен айқындалған мерзім ішінде мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айырылған;
      4) әскери қызметшінің қызметте болуына байланысты Заңда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді өзіне қабылдамаған;
      5) әскери қызметке кiрер уақытында өтелмеген немесе заңнамада белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар;
      6) ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде босатылған немесе оған қатысты қылмыс жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеу жүзеге асырылып жатқан;
      7) әскери қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде әскери қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған;
      8) әскери қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшіліқ жаза қолданылған;
      9) сыбайлас жемқорлық жасаған;
      10) тізбесін уәкілетті мемлекеттік органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психикалық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куәландырудан өтпеген;
      11) қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде босатылған;
      12) егер босатылған күнінен бастап үш жыл өтпесе, мемлекеттік немесе әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, сот және әділет органдарынан терiс себептер бойынша шығарылған;
      13) арнайы тексеруден немесе наркологиялық тестілеуден өтпеген;
      14) уәкілетті мемлекеттік органның басшысы бекіткен дене дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
      15) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған;
      16) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық қудалау органы немесе сот оған қатысты қылмыстық топ құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде тоқтатқан адам қабылданбайды.
      Әскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру және наркологиялық тестілеу жүргізiледi.
      Тізбесін уәкілетті мемлекеттік органның басшысы бекітетін лауазымдарға әскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайтын тәртіппен психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолдана отырып арнайы тексеру жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Әскери қызметке кірерген кезде кандидат және оның зайыбы (жұбайы) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.»;
      23) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-бап. Азаматтардың әскери оқу орындарына (әскери факультеттерге) түсуі. Әскери оқу орындарында (әскери факультеттерде) білім алатын азаматтармен әскери қызмет өткеру туралы келiсімшарт жасау
      1. Әскери оқу орындарына түсуге:
      1) әскери қызмет өткермеген, оқуға қабылданатын күні жиырма екі жастан аспаған азаматтардың;
      2) оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толмаған әскери қызмет өткерген азаматтардың және мерзiмдi әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшілердің;
      3) жиырма бес жасқа толғанға дейін келісiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердің құқығы бар.
      Азаматтардың әскери оқу орындарына түсуі уәкілетті орган бекітетін Әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
      Кадеттер, курсанттар құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда:
      жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының бітірушілері;
      қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе әскери қызмет өткеру кезеңінде мүгедек болып қалған әскери қызметшілердің балалары;
      «Алтын белгі» белгісімен наградталған адамдар;
      тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен наградталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен наградталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ ағымдағы жылы өздері таңдаған мамандықтары олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәніне сәйкес келген жағдайда жалпы білім беру пәндері бойынша Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен наградтталған) жеңімпаздары басым құқыққа ие болады.
      Шетел мемлекеттерінің әскери оқу орындарына оқуға жіберілген әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыруларға сәйкес білім алады.
      2. Жоғары бiлiмнiң жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын әскери оқу орындарын (әскери факультеттерді) бітірушілерге, сержанттар (старшиналар) құрамын даярлау бағдарламасы бойынша оқытылған келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қоспағанда, «лейтенант» әскери атағы беріледі.»;
      24) 40-баптың 1-тармағының 1) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) үш жылға – келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін;»;
      «5) курсанттар (кадеттер) үшін – әскери оқу орнында (жоғары оқу орнының әскери факультетінде) оқу мерзіміне және оны аяқтағаннан кейiн әскери қызметтің он жылына (ұшқыштар құрамының курсанттары үшін – оны аяқтағаннан кейін әскери қызметтің он бес жылына);»;
      25) 41-бапта:
      1-тармақтың 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) запасқа қоя отырып, әскери қызметтен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған;»;
      «6) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқытудан өткен адамдар запасқа қойылды деп саналады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған және жиырма жеті жасқа толғаннан кейін әскерге шақыруды кейінге қалдырумен әскери қызмет өткермеген адамдарды, сондай-ақ өтеулі негізде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған оқу орындарында әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша оқытудан өткен азаматтарды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдары запастағы «қатардағы жауынгер» («матрос») әскери атағын бере отырып, запасқа қояды.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлер өздерінде қазіргі бар арнайы атағына тең запастағы әскери атақты бере отырып, жергiлiктi әскери басқару органдарына есепке қоюға жіберіледі.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдары әскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болуы барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындау кезіндегі әскери қызмет өткеруді қамтиды. Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдары әскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болу тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.».
      26) 44-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әскери жиындар кезеңіндегі әскери міндеттілерді қоспағанда, әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.
      Мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен, әскери оқу орындарының кадеттерінен және курсанттарынан басқа, ақшалай үлес ақшалай қаражатты (лауазымдық айлықақыны және әскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтиды.
      Мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің, әскери оқу орындары кадеттерінің және курсанттарының ақшалай үлесі тек лауазымдық айлықақыны қамтиды.
      Лауазымдық айлықақыны есептеу үшін қызмет өтілі мыналарды:
      1) еңбек сіңірген жылдарын;
      2) мемлекеттік қызметте болу уақытын;
      3) әскери қызметке кірер алдындағы соңғы мемлекеттік ұйымда басшылық лауазымдардағы немесе ұқсас мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақытын қамтиды.
      Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер лауазымдық айлықақыларының және әскери атақтары бойынша айлықақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілер лауазымдық айлықақыларының мөлшерінен және тиісті арнайы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмен емес белгіленеді.
      Ақшалай үлес әскери қызметшілерге:
      1) әскери қызметте дәлелсіз себептермен болмаған;
      2) осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 6), 10), 11) тармақтарында көзделген жағдайларда әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткерген;
      3) қамақта болған кезеңдерде;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді.
      Ақшалай үлесті, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тәртібін уәкілетті органдар белгілейді.»;
      5-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарына және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға әскери қызметшілерге тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде медициналық көмек көрсету жөніндегі шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Әскери қызметшілерге денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртіптері мен шарттарына сәйкес көрсетілген медициналық қызметтерді қоспағанда, емделуге жұмсалған қаражатты олар құрылымында әскери қызмет өткеретін уәкілетті орган тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде өтейді.»;
      7-тармақта:
      бірінші бөліктің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) гауптвахтада қамауға алынған;»;
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Негізгі азық-түлік үлесінің белгіленген нормалары бойынша тамақтанумен қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындаған тәртіппен жалпыәскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төленеді.
      Әскери кафедралардың студенттері оқу-жаттығу жиындары кезеңінде, әскерге шақырылушылар әскери оқу орындарына, Кадет корпусына оқуға түсу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жас ұлан» республикалық мектебіне түсу емтихандарын тапсыру үшін келген және казармалық жағдайда тұратын кандидаттар тиісті нормалар бойынша тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
      Тамақтануды ұйымдастыру тәртібін мемлекеттік органның басшысы айқындайды.
      Ұдайы жауынгерлік әзірліктегі взвод (топ, есептоп) және рота (батарея, жеке взвод, 4-дәрежелі корабль) бөлімшелеріндегі офицерлер құрамының лауазымдарындағы, сондай-ақ қатардағы жауынгер және сержанттар құрамдарының лауазымдарындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қызмет уақытының реглементінде белгіленген жұмыс күндері мемлекет есебінен тамақтанумен (түскі аспен) қамтамасыз етіледі.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Әскери қызметшілер мемлекет есебінен:
      1) осы Заңда көзделген жағдайларда қызметтік міндеттерін орындау кезінде;
      2) қызметтік міндеттерін орындауға байланысты:
      қызметі бойынша ауысқан кезде;
      теріс себептер бойынша шығарылған жағдайларды қоспағанда, әскери қызметтен шығарылған кезде;
      стационарлық емделуге барған және кері қайтқан кезде, оның ішінде Қазақстан Республикасы шегінде әскери-медициналық бөлімшелердің жолдамасы бойынша әскери-дәрігерлік (ұшқыштар) комиссиясынан өту үшін;
      далалық шығуларға (теңізге шығуларға) барған және кері қайтқан кезде;
      төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға қатысу үшін барған және кері қайтқан кезде;
      әскерлер парадына қатысу үшін барған және кері қайтқан кезде;
      оқу-жаттығуларға барған және кері қайтқан кезде;
      сот-медициналық сараптама жүргізу үшін теміржол, су және автомобиль көлігімен жол жүруге құқылы.
      Осы бапта көрсетілген жағдайларда әскери қызметшілер мемлекеттік органның басшысы бекіткен тәртіппен мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы шегінде және одан тысқары жерлерге әуе көлігімен жол жүруге құқылы.
      Әскери қызметшілер қызметі бойынша ауысқан және әскери қызметтен шығарылған кезде теміржол, су және автомобиль көлігімен он тоннаға дейін жеке мүлікті мемлекет есебінен тасымалдауға құқылы.
      Әскери қызметшілерге он тоннаға дейін жеке мүлікті тасымалдау шығыстарын өтеу автомобиль жолының әрбір 20 шақырымына 1 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде жүргізіледі.
      Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қашықтығы 100 шақырымнан астам бір елді мекеннен басқасына қоныс аударуға байланысты қызмет бабымен ауысқан кезде (оның ішінде әскери бөлім немесе бөлімше құрамында) оларға әскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қаражат және әрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақысы төленеді.»;
      27) 46-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұшу жұмыстарында, корабльдік қызметте болатын, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет өткеретін, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілейтін тізбе бойынша жергілікті жерлерде қызмет өткеретін әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге (магистранттарға, докторанттарға, адъюнкттерге) жылғы сайынғы негізгі демалыс берумен, жазғы каникулдық демалыс берумен екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлемі жүргізіледі.
      Магистранттар, докторанттар, адъюнкттер жазғы және қысқы каникулдық демалыс жиынтығы жыл сайынғы негізгі демалысқа теңестіріледі.
      Келісімшарт бойынша әскери қызметші теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған жағдайда ол қызмет өткермеген уақытына барабар сауықтыруға арналған жәрдемақы сомасын өтеуге міндетті.»;
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен, кадеттер мен курсанттардан басқа, әскери қызметшіге оның баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде айқындалған тәртіппен үш жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты демалыс беріледі.»;
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы тиісті жыл үшін алпыс тәуліктен аспауға тиіс, бұл ретте демалыс өткізу орнына дейін бару және кері қайту үшін қажетті уақыт қосымша беріледі. Демалыс өткізу орнына дейін бару және кері қайту үшін қажетті уақыт беру тәртібі Әскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленеді.
      Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің демалысы қызмет мүдделерін ескере отырып, бөліктерге бөлінуі мүмкін.»;
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әскери қызметшілерге (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу емтихандарына дайындалу және оларды тапсыру үшін, оқу кезеңдерінде оқу демалыстары, сондай-ақ ал философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің ізденушілері болып табылатындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығармашылық демалыстар беріледі.»;
      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алдынғы жылы пайдаланылмаған демалыстың бөлігі әскери қызметшілерге оның баянаты бойынша ағымдағы жылы бөлек не ақы төленетін жыл сайынғы негізгі демалысқа қосылады.»;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Әскери қызметшілердің жұмыс істейтін әйеліне (күйеуіне) жыл сайынғы демалыстар күйеуінің (әйелінің) жұмыс берушісімен келісу бойынша олардың күйеуінің (әйелінің) кезекті демалысымен бір уақытта берілуі мүмкін. Бұл ретте күйеуіне (әйеліне) жұмыс берушінің келісімі бойынша жалақы сақталмайтын қосымша демалыс беру есебінен оның ұзақтығы күйеуі (әйелі) демалысының ұзақтығымен тең болуы мүмкін.»;
      28) 48-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «48-бап. Мерзімді қызмет әскери қызметшілерін, әскери
оқу орындарының (әскери кафедралардың) тәрбиеленушілерін, кадеттері мен курсанттарын әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері»;
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мерзімді қызмет әскери қызметшілері, әскери оқу орындарының (әскери кафедралардың) тәрбиеленушілері, кадеттері мен курсанттары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша заттай мүлікпен, тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
      Демалысқа, каникулға кеткен кезде оларға демалыс өткізу орнына дейін жол жүру кезеңіне азық-түлік үлесі беріледі.»;
      29) 50-баптың 1-тармағында:
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде медициналық көмек көрсету жөніндегі шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйым айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      30) 55-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер бұндай әскери қызметшілерге кезекті әскери атақтары осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін берілген жағдайда әскери қызметте болудың шекті жасы осы Заңның 25-бабына сәйкес белгіленеді.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейінгі мерзімге жасалған әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттардың қолданысы әскери қызметшілер осы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген шекті жасқа толғанға дейін қолданылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы Заң тек әскери қызмет кезеңінде қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету бөлігінде 2013 жылғы 1 қаңтарда әскери қызметтегі мерзімі он жылдан аз болған және көрсетілген күннен кейін әскери қызметке алғаш кірген әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен, кадеттерден, курсанттар мен әскери жиындар кезеңіндегі әскери міндеттілерден басқа) қолданылады.
      Тұрғынжайды жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төлеу 2013 жылғы 1 қаңтарда әскери қызметтегі мерзімі он жылдан аз болған және көрсетілген күннен кейін әскери қызметке алғаш кірген әскери қызметшілерге (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен, кадеттерден, курсанттар мен әскери жиындар кезеңіндегі әскери міндеттілерден басқа) оларды тұрғынжаймен қамтамасыз еткенге дейін жүргізіледі.»;
      8-тармақта:
      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде 2013 жылғы 1 қаңтарда әскери қызметтегі мерзімі он және одан да көп жыл болған келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге мынадай:
      10 жылдан 15 күнтізбелік жылға дейін еңбек сіңірген жылдары барларға – төрт айлық ақшалай қаражат;»;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кірген кезде шығу жәрдемақысының мөлшері осы шығу жәрдемақысы бұрын қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген шығу жәрдемақысын ескере отырып айқындалады.»;
      16. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат, № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 56-бап мынадай мазмұндағы 42-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «42-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіндегі инженерлік құрылыстар мен қоршаулар, инженерлік-жол техникасы, техникалық шекара күзету құралдары, күзет-өрт дабылдамасы құралдары мен инженерлік мүлік қызметінің мерзімдерін бекітеді;»;
      67-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ұшуларды және корабль жүргізуді әуежайлық (әуеайлақтық) қамтамасыз ету құқығы беріледі.».
      17. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 жылғы 31 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2016 жылғы 13 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 12-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 70-33), 70-34), 70-35) және 70-36) тармақшалармен толықтырылсын:
      «70-33) зерттеу сынау өртке қарсы зертханалары қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
      70-34) өрт сөндіруді ұйымдастыру тәртібін бекітеді;
      70-35) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметінің жарғысын бекітеді;
      70-36) уәкілетті органның жедел резервін ұстауды қамтамасыз етеді;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен нышаны болады. Ведомствоның аумақтық бөлімдері мен білім беру ұйымдарының жалаулары болады.
      Уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен нышанының, аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдары жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
      2) 22-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацы алып тасталсын;
      3) 27-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Аттестаттауды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құрылатын аттестаттау комиссиялары өткізеді.»;
      4) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «59-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
      1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрттен сақтандыруды және оларды сөндіруді, авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуді, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары ведомстводан, аумақтық бөлімшелерден, мемлекеттік мекемелерден және ведомствоның білім беру ұйымдарынан тұрады.».
      18. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат, № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-І, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 жылғы 31 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 9-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 74-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. «В», «С» санаттарындағы, сондай-ақ «С1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихандар тапсыруға он жеті жасқа толған және «С1» санатына жататын жүргізушінің жұмыс өтілінсіз және көлік құралын басқару өтілінсіз жергілікті әскери басқару органдарының жолдамалары бойынша көлік құралдарының жүргізушілерін тиісті даярлаудан өткен адамдар жіберіледі.
      Көрсетілген адамдарға ұлттық жүргізуші куәліктері олар он сегіз жасқа толғанда беріледі.».
      2-бап. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 15-тармағы 26) тармақшасының жиырма жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады