"Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 267 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы

      Осы Заң жәбірленушілерге қылмыстық құқық бұзушылықтардан келтірілген зиянды өтеу саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны төлеу жөніндегі құқықтық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерді белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жәбірленуші – өзіне қатысты оны жәбірленуші ретінде тану туралы қаулы шығарылған адам;
      2) Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры (бұдан әрі – Қор) – осы Заңда көзделген түсімдерді есепке жатқызу және төлемдерді жүргізу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
      3) зиян – жәбірленушіге қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген моральдық, дене зақымы немесе мүліктік болып табылатын залал;
      4) кінәлі тұлға – жәбірленушіге қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде зиян келтірген тұлға; кінәлі деп танылған кәмелетке толмағанның заңды өкілдері; жеке тұлғаның жазаланатын қылмыстық әрекетінен келтірілген зиян үшін заңға сәйкес материалдық жауапкершілікте болатын заңды тұлға;
      5) мемлекеттік ақшалай өтемақы – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен жәбірленушілер деп танылған адамдарға Қордан берілетін ақшалай қаражат төлемі;
      6) регресс рәсімі – осы Заңның 10-бабында көрсетілген тұлғаларға қатысты Қордың жәбірленушілерге төленген ақшалай қаражатын қайтаруды қамтамасыз ету бойынша прокуратура органдары қабылдайтын шаралар.

      2-бап. Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге зиянды
              өтеу қоры туралы заңнамаcы

      1. Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған және күшіне енген халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге де қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3-бап. Жәбірленушілерге зиянды өтеудің негізгі қағидаттары

      Жәбірленушілерге зиянды өтеу мынадай:
      1) заңдылық;
      2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
      3) қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды мемлекеттің толық не ішінара мемлекеттік ақшалай өтемақыны өтеуіне қолжетімділік қағидаттарына негізделеді.

      4-бап. Құқық қорғау органдарының құзыреті

      1. Құқық қорғау органдары:
      1) осы Заңға сәйкес мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға құқығы бар адамдар санатына жатқызылатын жәбірленушіге осы Заңда белгіленген мөлшерде және мерзімдерде Қордан мемлекеттік ақшалай өтемақы алу құқығын түсіндіреді;
      2) жәбірленушіге оның өтінішінің қаралғаны туралы хабарлайды;
      3) негіздер болған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік ақшалай өтемақы төлемін тағайындайды;
      4) мемлекеттік ақшалай өтемақы алушылардың тізілімін орталықтандырылған жүргізу арқылы оларды есепке алуды жүзеге асырады;
      5) мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін қасақана дұрыс емес мәліметтер берген тұлғалардан төленген өтемақының қайтарылуын қамтамасыз етеді;
      6) мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты сұратады.
      2. Прокуратура органдары осы Заңның және Қазақстан Республикасының жәбірленушілерге зиянды өтеу саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің дәл және біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

      5-бап. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
              органның құзыреті

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
      1) құқық қорғау органдарынан алынатын мемлекеттік ақшалай өтемақы алушылар тізілімінің негізінде төлем құжаттарын қалыптастырады;
      2) Қордан жәбірленушілерге мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуді жүзеге асырады;
      3) мемлекеттік ақшалай өтемақы алушылар тізілімінің нысанын және оны жүргізу тәртібін әзірлейді.

2-тарау. Жәбірленушіге қылмыстық құқық бұзушылықтан
келтірілген зиянды өтеу және мемлекеттік ақшалай
өтемақы беру тәртібі

      6-бап. Мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға құқығы бар
              жәбірленушілер санаты

      1. Мемлекет жәбірленушілерге не олардың құқықтық мирасқорларына:
      1) сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандары болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасы және азаптаулар құрбандарына;
      2) денсаулығына ауыр зиян келтірілгендерге не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырғандарға;
      3) қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, осы Заңда белгіленген мемлекеттік ақшалай өтемақылардың берілуіне кепілдік береді.
      2. Азамат Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес жәбірленуші ретінде танылған кезден бастап оның мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
      3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жәбірленуші ретінде танылған кезден бастап олардың мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.

      7-бап. Мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу негіздері,
              мөлшері және мерзімдері

      1. Мемлекеттік ақшалай өтемақы:
      1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 120 (үшінші және төртінші бөлігінің 3) және 5) тармақтарында), 121 (үшінші және төртінші бөлігінің 3) және 5) тармақтарында), 124, 128, 134, 135 және 146-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандары болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасы және азаптаулардың құрбандарына;
      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 (бірінші және екінші бөліктерінде), 114 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 118 (екінші және төртінші бөліктерінде), 119 (екінші бөлігінде), 120 (үшінші бөлігінің 2) тармағында (жәбірленушінің адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыруы бөлігінде), 121 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 141 (бірінші бөлігінде), 192 (екінші бөлігінің 5) тармағында), 202 (екінші бөлігінің 2) тармағында), 203 (екінші бөлігінің 2) тармағында), 319 (бесінші бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде), 322 (екінші бөлігінде), 345 (екінші бөлігінде), 346 (үшінші бөлігінде), 350 (бірінші бөлігінде), 351 (бірінші бөлігінде), 355 (екінші бөлігінің 1) тармағында), 356 (екінші бөлігінің 1) тармағында), 358 (үшінші бөлігінде) -баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ/ЖИТС) жұқтырылған адамдарға;
      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99, 104, 105, 106 (үшінші бөлігінде), 116 (үшінші бөлігінде), 119 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 120 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 121 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 125 (үшінші бөлігінің 3) тармағында), 126 (үшінші бөлігінің 3) тармағында), 127 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 141 (екінші бөлігінде), 192 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 202 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 261 (үшінші бөлігінде), 277 (екінші бөлігінде), 317 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 319 (бесінші бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде), 322 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 344 (екінші және үшінші бөліктерінде), 345 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 346 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 347, 348 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 349 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 350 (екінші және үшінші бөліктерінде), 351 (екінші және үшінші бөліктерінде), 352, 353 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 354 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 355 (үшінші бөлігінің 4) тармағында), 356 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 358 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 359 (үшінші және төртінші бөліктерінде) -баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, құқықтық мирасқорларға тағайындалады.
      2. Сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандары болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасы және азаптаулардың құрбандарына жатқызылатын жәбірленушілер үшін мемлекеттік ақшалай өтемақының мөлшері отыз айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      Денсаулығына ауыр зиян келтірілген, не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған жәбірленушілер үшін мемлекеттік ақшалай өтемақының мөлшері қырық айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      Қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, мемлекеттік ақшалай өтемақы мөлшері елу айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жәбірленуші ретінде бір адам танылған жағдайларда, мемлекеттік ақшалай өтемақы қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірінің өтемақысының көп мөлшері өтемақының аз мөлшерін сіңіруі арқылы тағайындалады.
      4. Қорда қаражат болған жағдайда мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік ақшалай өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін құқық қорғау органдары ұсынған күннен кейінгі күнтүзбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
      Қор қаражаты болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда, мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Заңның 9-бабының 2-тармағында көрсетілген көздердің есебінен Қор қаражатын толтыру кезінде жүзеге асырады.
      Мемлекеттік ақшалай өтемақы алушылардың тізілімін құқық қорғау органдары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын, адамды жәбірленуші ретінде тану туралы қаулы шыққаннан кейінгі айдың он бесінші күніне орталықтандырылған түрде ұсынады.

      8-бап. Мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу шарттары
              және оны алу ерекшеліктері

      1. Құқықтары түсіндірілгеннен және адам жәбірленуші ретінде танылғаннан кейін қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес жәбірленуші мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, құқық қорғау органдарына өтінішпен жүгінеді.
      Өтініш беру мерзімі адам жәбірленуші деп танылған немесе оған жәбірленушінің құқықтары берілген кезден бастап үш жыл ішіндегі мерзімді құрайды.
      Өтініш беру мерзімін өткізіп алған жағдайда, жәбірленуші өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      2. Мемлекеттік ақшалай өтемақыны тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі мыналарды қамтиды:
      1) жәбірленуші деп танылған адамның құқық қорғау органдарына мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу туралы өтініші. Егер кәмелетке толмаған немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам жәбірленуші деп танылған жағдайларда, мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу туралы өтінішті заңды өкілдер, жәбірленушілердің қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысымен қылмыстық процеске қатысуға рұқсат етілген өкілдері береді.
      2) құқық қорғау органының адамды жәбірленуші деп тану туралы қаулысы;
      3) құқық қорғау органының мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешімі;
      4) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Егер кәмелетке толмаған немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам жәбірленуші деп танылған жағдайларда, заңды өкілдердің, жәбірленушілердің қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысымен қылмыстық процеске қатысуға рұқсат етілген өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі де беріледі.
      5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер. Егер кәмелетке толмаған жәбірленуші деп танылған жағдайда, заңды өкілдердің, жәбірленушілердің қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысымен қылмыстық процеске қатысуға рұқсат етілген өкілдерінің тиісті мәліметтері беріледі.
      6) жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің немесе қайтыс болуын растайтын өзге де құжаттың көшірмесі. Қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, құқықтық мирасқор өзіне мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау үшін жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің немесе қайтыс болуын растайтын өзге де құжаттың көшірмесін береді.
      7) құқықтық мирасқорлардың біреуінің жеке басын куәландыратын, сондай-ақ қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың (неке қию (ерлі-зайыптылық), туу, бала асырап алу туралы куәліктердің) көшірмесі. Қайтыс болған адамның отбасының Қордан мемлекеттік ақшалай өтемақыға құқығы бар барлық мүшелеріне бір төлем тағайындалады. Отбасы мүшелеріне мемлекеттік ақшалай өтемақыдан үлес бөлу жүргізілмейді.
      8) егер жәбірленуші кәмелетке толмаған немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланың немесе әрекетке қабілетсіз адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиеші, оларды алмастыратын басқа адамды тағайындау туралы анықтаманың көшірмесі.
      Жәбірленуші өзінің мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындауға құқығын растайтын өзге де құжаттарды ұсынуға құқылы.
      3. Зиянды өтеу бойынша төлемдерді тағайындау туралы не оларды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімді құқық қорғау органының уәкілетті басшысы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау үшін қажетті құжаттарды жәбірленуші ұсынғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде қабылдайды.
      Зиянды өтеу бойынша төлемдерден бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
      4. Жәбірленушілерге мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес құқық қорғау органдары берген алушылар тізілімінің негізінде жүзеге асырады.
      Мәліметтердің дұрыстығы, сондай-ақ негіздердің болуы және жәбірленушілердің мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келуі үшін мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындаған, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      Жәбірленуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы үшін жауаптылықта болады.
      5. Мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеу Қордан алушылардың банк шотына жүзеге асырылады.
      6. Мыналар:
      1) қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбірленушілерге келтірілген зиянға мемлекеттік ақшалай өтемақы негізсіз сұралған жағдай;
      2) мерзімі дәлелді себептер бойынша өткізілген жағдайларды қоспағанда, өтініш беру мерзімін өткізіп алу;
      3) мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау үшін қажет дұрыс емес құжаттарды ұсыну;
      4) кінәлі тұлғаның жәбірленушіге келтірілген зиянды толық көлемде өтеуі;
      5) іс бойынша ақиқатты анықтауға және кінәлілерді жауаптылыққа тартуға кедергі келтіру;
      6) адамды жәбірленуші ретінде тануды тоқтату туралы қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбірленушілерге келтірілген зиянға мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Егер кәмелетке толмағандар не әрекетке қабілетсіз адамдар жәбірленушілер болып табылса, олардың заңды өкілі, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиешісі, оларды алмастыратын басқа да адамдар ауырған, дәрменсіз күйде болған, жақын туыстары қайтыс болған, дүлей зілзалалар немесе жәбірленушілерге өтініш беруге кедергі келтіретін басқа да жағдайлар туындаған жағдайда, өтініш беру мерзімі дәлелді себеппен өткізіліп алынған болып есептеледі.

3-тарау. Қорды қалыптастыру көздері және оның қызметі

      9-бап. Қорды қалыптастыру көздері және оны құру

      1. Қор бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шотын білдіреді.
      2. Салықтық емес түсімдер Қорды қалыптастыру көздері болып табылады, оларға мыналар:
      1) сот салатын тiркелген төлемдер;
      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерін орындамағаны және адвокатты, прокурорды және сотталушыны қоспағанда, жәбірленуші, куәгер, маман, аудармашы және өзге де адамдар сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін сот салған ақшалай өндіріп алулар;
      3) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан соттың қаулысы бойынша ұсталатын сома;
      4) осы Заңның 10-бабына сәйкес регрестік тәртіппен өндірілген сомалар жатады.
      3. Қор қаражатының қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.
      4. Қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына инкассалық өкімдерді қоюға жол берілмейді.
      5. Айыптау үкiмiн шығарған кезде сот кінәлі адамдардан (кінәлі деп танылған кәмелетке толмағанның заңды өкілдері немесе заңға сәйкес жеке тұлғаның қылмыстық жазаланатын әрекетімен келтірілген зиян үшін материалдық жауапты болатын заңды тұлға) Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына төленетін тiркелген төлемді мынадай мөлшерде өндіріп алады:
      1) қылмыстық теріс қылықтар үшін – бес айлық есептік көрсеткіш;
      2) онша ауыр емес қылмыстар үшін – он айлық есептік көрсеткіш;
      3) ауырлығы орташа қылмыстар үшін – он бес айлық есептік көрсеткіш;
      4) ауыр қылмыстар үшін – жиырма айлық есептік көрсеткіш;
      5) аса ауыр қылмыстар үшін – отыз айлық есептік көрсеткіш.
      Қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобы жасаған кезде тiркелген төлем әр сотталушыдан жеке алынады.
      Бір адам бірнеше рет қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде тіркелген төлем анағұрылым қатаң жаза көзделген қылмыстық құқық бұзушылық үшін өндіріп алынады.

      10-бап. Талаптар регресі

      1. Мемлекеттік ақшалай өтемақы ретінде жәбірленушілерге төленген ақшалай қаражатты өтеу бойынша өздеріне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген сотталған адамдарға қойылатын талаптар регресін сотта мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау шеңберінде прокуратура органдары жүзеге асырады.
      2. Қордан төленген сомалар прокуратура органдарымен:
      1) қылмыс жасауда кінәлі деп танылған кәмелетке толмағанның ата-анасынан немесе оларды алмастыратын адамдардан;
      2) жеке тұлғаның жазаланатын қылмыстық әрекетімен келтірілген зиян үшін заңға сәйкес материалдық жауапкершілікте болатын заңды тұлғалардан немесе өздеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің жекелеген негіздері бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдардан;
      3) егер ол мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін дұрыс емес мәліметтерді қасақана ұсынса, жәбірленушіден өндіріп алуға жатады.
      3. Регрестік талаптар қоюға:
      1) адамның сотталғаны туралы сот үкімінің күшіне енуі;
      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) және 12) тармақтарында, 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулының заңды күшіне енуі;
      3) мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін жәбірленушілердің қасақана дұрыс емес мәліметтерді беру фактісінің белгілі болуы негіз болады.

      11-бап. Мемлекеттік ақшалай өтемақы алушылардың тізілімі

      1. Мемлекеттік ақшалай өтемақы алушылардың тізілімін құқық қорғау органдары төлемдерді алушылардың мониторингін қамтамасыз ету және оларды есепке алу, сондай-ақ сотталған адамдарға қойылатын талаптар регресін есепке алу үшін аумақтық бөлімшелер бойынша орталықтандырылған түрде жүргізеді.
      2. Мемлекеттік ақшалай өтемақы алушылар тізілімінің нысанын және оны жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      12-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық

      Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

      13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 4, 6, 7, 8, 10, 11-баптарды қоспағанда, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О Фонде компенсации вреда потерпевшим"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2016 года № 267

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан «О Фонде компенсации вреда потерпевшим».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    К. Масимов

Проект

ЗАКОН
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О Фонде компенсации вреда потерпевшим

      Настоящий Закон регулирует общественные отношения, возникающие в области компенсации вреда потерпевшим от уголовных правонарушений, и устанавливает правовые, социальные и организационные основы по ее выплате.

Глава 1. Общие положения

      Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Законе

      В настоящем Законе используются следующие основные понятия:
      1) потерпевший – лицо, в отношении которого вынесено постановление о признании его в качестве потерпевшего;
      2) Фонд компенсации вреда потерпевшим (далее – Фонд) – контрольный счет наличности для зачисления поступлений и проведения выплат, предусмотренных настоящим Законом;
      3) вред – нанесенный ущерб потерпевшему в результате уголовного правонарушения, являющийся моральным, физическим или имущественным;
      4) виновное лицо – лицо, причинившее вред потерпевшему в результате уголовного правонарушения; законные представители несовершеннолетнего, признанного виновным; юридическое лицо, несущее в соответствии с законом материальную ответственность за вред, причиненный уголовно наказуемым деянием физического лица;
      5) государственная денежная компенсация – выплата из Фонда денежных средств лицам, признанным потерпевшими, в порядке, предусмотренном Уголовно-процессуальным кодексом Республики Казахстан;
      6) процедура регресса – меры, принимаемые органами прокуратуры в отношении лиц, указанных в статье 10 настоящего Закона, по обеспечению возврата денежных средств Фонда, выплаченных потерпевшим.

      Статья 2. Законодательство Республики Казахстан о Фонде
                 компенсации вреда потерпевшим 

      1. Законодательство Республики Казахстан о Фонде компенсации вреда потерпевшим основывается на Конституции Республики Казахстан, Уголовно-процессуальном кодексе Республики Казахстан и состоит из настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      2. Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан и вступившим в силу, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в настоящем Законе, то применяются правила международного договора.

      Статья 3. Основные принципы компенсации вреда потерпевшим

      Компенсация вреда потерпевшим основывается на принципах:
      1) законности;
      2) уважения прав и свобод человека и гражданина;
      3) доступности полной либо частичной государственной денежной компенсации государством вреда, причиненного уголовным правонарушением.

      Статья 4. Компетенция правоохранительных органов

      1. Правоохранительные органы:
      1) разъясняют потерпевшему, относящемуся к категории лиц, имеющих право на получение государственной денежной компенсации в соответствии с настоящим Законом, право получить государственную денежную компенсацию из Фонда в размере и сроки, установленные настоящим Законом;
      2) информируют потерпевшего о рассмотрении его заявления;
      3) при наличии оснований назначают выплаты государственной денежной компенсации в порядке, установленном настоящим Законом;
      4) осуществляют учет посредством централизованного ведения реестра получателей государственной денежной компенсации;
      5) обеспечивают возврат выплаченной государственной денежной компенсации от лиц, которые умышленно дали недостоверные сведения для ее получения;
      6) запрашивают информацию, необходимую для принятия решения о назначении государственной денежной компенсации.
      2. Органы прокуратуры осуществляют высший надзор за точным и единообразным применением настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан в сфере компенсации вреда потерпевшим.

      Статья 5. Компетенция центрального уполномоченного органа
                 по исполнению бюджета

      Центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета:
      1) формирует платежные документы на основании реестра получателей государственной денежной компенсации, получаемой от правоохранительных органов;
      2) осуществляет выплаты государственной денежной компенсации потерпевшим из Фонда;
      3) разрабатывает форму реестра получателей государственной денежной компенсации и порядок его ведения.

Глава 2. Порядок возмещения потерпевшему вреда, причиненного
уголовным правонарушением, и предоставления государственной
денежной компенсации

      Статья 6. Категории потерпевших, имеющих право на
                 получение государственной денежной компенсации

      1. Государство гарантирует предоставление установленных настоящим Законом государственных денежных компенсаций потерпевшим либо их правопреемникам:
      1) несовершеннолетним, являющимся жертвами сексуального насилия, жертвам торговли людьми и пыток;
      2) которым причинен тяжкий вред здоровью, либо зараженным вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ/СПИД);
      3) в случае смерти потерпевшего в результате уголовного правонарушения.
      2. Гражданин имеет право на получение государственной денежной компенсации с момента признания его в качестве потерпевшего в соответствии с уголовно-процессуальным законодательством Республики Казахстан.
      3. Иностранцы и лица без гражданства имеют право на получение государственной денежной компенсации с момента признания их в качестве потерпевшего, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан и международными договорами.

      Статья 7. Основания, размеры и сроки выплаты
                 государственной денежной компенсации

      1. Государственная денежная компенсация назначается:
      1) несовершеннолетним, являющимся жертвами сексуального насилия, жертвам торговли людьми и пыток, по делам об уголовных правонарушениях, предусмотренных статьями 110 (пунктом 4) части второй), 120 (пунктами 3) и 5) частей третьей и четвертой), 121 (пунктами 3) и 5) частей третьей и четвертой), 124, 128, 134, 135 и 146 Уголовного кодекса Республики Казахстан;
      2) лицам, которым причинен тяжкий вред здоровью, либо зараженным вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ/СПИД), по делам об уголовных правонарушениях, предусмотренных статьями 106 (частями первой и второй), 114 (частями третьей и четвертой), 118 (частями второй и третьей), 119 (частью второй), 120 (пунктом 2) части третьей (в части заражения потерпевшего вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ/СПИД), 121 (пунктом 2) части третьей), 141 (частью первой), 192 (пунктом 5) части второй), 202 (пунктом 2) части второй), 203 (пунктом 2) части второй), 319 (частью пятой), 322 (частью второй), 345 (частью второй), 346 (частью третьей), 350 (частью первой), 351 (частью первой), 355 (пунктом 1) части второй), 356 (пунктом 1) части второй), 358 (частью третьей) Уголовного кодекса Республики Казахстан;
      3) правопреемникам, в случае смерти потерпевшего в результате уголовного правонарушения, по делам об уголовных правонарушениях, предусмотренных статьями 99, 104, 105, 106 (частью третьей), 116 (частью третьей), 119 (частями третьей и четвертой), 120 (пунктом 1) части третьей), 121 (пунктом 1) части третьей), 125 (пунктом 3) части третьей), 126 (пунктом 3) части третьей), 127 (пунктом 4) части второй), 141 (частью второй), 192 (пунктом 1) части третьей), 202 (пунктом 1) части третьей), 261 (частью третьей), 277 (частью второй), 317 (частями третьей и четвертой), 319 (частью пятой), 320 (частью второй), 322 (частями третьей и четвертой), 344 (частями второй и третьей), 345 (частями третьей и четвертой), 346 (частями четвертой и пятой), 347, 348 (частями третьей и четвертой), 349 (частями третьей и четвертой), 350 (частями второй и третьей), 351 (частями второй и третьей), 352, 353 (частями третьей и четвертой), 354 (частями третьей и четвертой), 355 (пунктом 4) части третьей), 356 (пунктом 4) части второй), 358 (частями четвертой и пятой), 359 (частями третьей и четвертой) Уголовного кодекса Республики Казахстан.
      2. Размер государственной денежной компенсации для потерпевших, относящихся к несовершеннолетним, являющихся жертвами сексуального насилия, жертвам торговли людьми и пыток, составляет тридцать месячных расчетных показателей.
      Размер государственной денежной компенсации для потерпевших, которым причинен тяжкий вред здоровью, либо зараженных вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ/СПИД), составляет сорок месячных расчетных показателей.
      Размер государственной денежной компенсации, в случае смерти потерпевшего в результате уголовного правонарушения, составляет пятьдесят месячных расчетных показателей.
      3. В случаях признания в качестве потерпевшего одного лица по совокупности уголовных правонарушений, предусмотренных в пункте 1 настоящей статьи, государственная денежная компенсация назначается путем поглощения меньшего размера компенсации большим размером компенсации одного из уголовных правонарушений.
      4. Выплата государственной денежной компенсации при наличии средств в Фонде осуществляется центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета не позднее десяти календарных дней, следующих за датой представления правоохранительными органами централизованного реестра получателей государственной денежной компенсации.
      В случаях отсутствия или недостаточности средств Фонда, выплата государственной денежной компенсации осуществляется центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета при пополнении средств Фонда за счет источников, указанных в пункте 2 статьи 9 настоящего Закона.
      Реестр получателей государственной денежной компенсации представляется правоохранительными органами централизованно в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета ежемесячно к пятнадцатому числу месяца, следующего за вынесением постановления о признании лица в качестве потерпевшего.

      Статья 8. Условия выплаты и особенности получения
                 государственной денежной компенсации

      1. После разъяснения прав и признания лица в качестве потерпевшего в соответствии с уголовно-процессуальным законодательством потерпевший обращается с заявлением в правоохранительные органы с приложением документов, необходимых для назначения государственной денежной компенсации.
      Срок подачи заявления составляет три года с момента признания лица потерпевшим или наделения его правами потерпевшего.
      В случае пропуска срока подачи заявления, потерпевший вправе обратиться в суд в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан, для восстановления пропущенного срока.
      2. В перечень документов, необходимых для назначения государственной денежной компенсации, входят:
      1) заявление лица, признанного потерпевшим, о выплате государственной денежной компенсации в правоохранительные органы. В случаях, если потерпевшим признаются несовершеннолетний или лицо, признанное судом недееспособным, заявление о выплате государственной денежной компенсации представляется законными представителями, представителями потерпевших, допущенных к участию в уголовном процессе постановлением органа, ведущего уголовный процесс.
      2) постановление правоохранительного органа о признании лица потерпевшим;
      3) решение правоохранительного органа о назначении государственной денежной компенсации;
      4) копия документа, удостоверяющего личность потерпевшего. В случаях, если потерпевшим признаются несовершеннолетний или лицо, признанное судом недееспособным, представляется также копия документа, удостоверяющего личность законных представителей, представителей потерпевших, допущенных к участию в уголовном процессе постановлением органа, ведущего уголовный процесс;
      5) сведения о номере банковского счета, открытого в банках и (или) организациях, осуществляющих отдельные виды банковских операций. В случае, если потерпевшим признается несовершеннолетний, представляются соответствующие сведения законных представителей, представителей потерпевших, допущенных к участию в уголовном процессе постановлением органа, ведущего уголовный процесс;
      6) копия свидетельства о смерти или иного документа, подтверждающего смерть потерпевшего. Копия свидетельства о смерти или иного документа, подтверждающего смерть потерпевшего, представляется правопреемником для назначения ему государственной денежной компенсации в случае смерти потерпевшего в результате уголовного правонарушения;
      7) копии документа, удостоверяющего личность одного из правопреемников, а также подтверждающего родственные отношения с умершим (свидетельства о заключении брака (супружества), рождении, усыновлении (удочерении). На всех членов семьи умершего, имеющих право на государственную денежную компенсацию из Фонда, назначается одна выплата. Выделение доли государственной денежной компенсации на членов семьи не производится;
      8) копия справки о назначении опекуном, попечителем, патронатным воспитателем, другим заменяющим их лицом, осуществляющим в соответствии с законодательством Республики Казахстан защиту прав и интересов ребенка или недееспособного, если потерпевшим являются несовершеннолетний или лицо, признанное судом недееспособным.
      Потерпевший вправе представить и иные документы, подтверждающие его право на назначение государственной денежной компенсации.
      3. Решение о назначении выплат по возмещению вреда либо отказе в их осуществлении принимает уполномоченный руководитель правоохранительного органа в течение десяти календарных дней после представления потерпевшим документов, необходимых для назначения государственной денежной компенсации.
      Решение об отказе выплат по возмещению вреда может быть обжаловано в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      4. Выплата государственной денежной компенсации потерпевшим осуществляется центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета на основании реестров получателей, представленных правоохранительными органами в соответствии с пунктом 4 статьи 7 настоящего Закона.
      Ответственность за достоверность сведений, а также наличие оснований и соответствие потерпевших требованиям, установленным в настоящем Законе для получения государственной денежной компенсации, несет в соответствии с законами Республики Казахстан должностное лицо, уполномоченное осуществлять досудебное расследование по уголовному делу, назначившее государственную денежную компенсацию.
      Потерпевший несет ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан за достоверность представленных сведений и документов.
      5. Выплаты государственной денежной компенсации осуществляются из Фонда на банковский счет получателей.
      6. Основаниями для отказа в назначении государственной денежной компенсации вреда потерпевшим от уголовного правонарушения являются:
      1) случай, когда государственная денежная компенсация вреда потерпевшим от уголовного правонарушения запрошена без оснований;
      2) пропуск срока подачи заявления, за исключением случаев, когда срок был пропущен по уважительным причинам;
      3) представление недостоверных документов, необходимых для назначения государственной денежной компенсации;
      4) возмещение виновным лицом в полном объеме вреда потерпевшему;
      5) воспрепятствование потерпевшим установлению истины по делу и привлечению виновных к ответственности;
      6) постановление органа, ведущего уголовный процесс, о прекращении признания лица в качестве потерпевшего.
      Срок подачи заявления считается пропущенным по уважительной причине в случаях болезни, нахождения в беспомощном состоянии, смерти близких родственников, стихийных бедствий или возникновения других обстоятельств, препятствующих подаче заявления потерпевшим, законным представителем, опекуном, попечителем, патронатным воспитателем, другими заменяющими их лицами, если потерпевшими являются несовершеннолетние либо недееспособные лица.

Глава 3. Источники формирования и деятельность Фонда

      Статья 9. Источники формирования и создание Фонда

      1. Фонд представляет собой контрольный счет наличности центрального уполномоченного органа по исполнению бюджета.
      2. Источниками формирования Фонда являются неналоговые поступления, к которым относятся:
      1) фиксированные платежи, налагаемые судом;
      2) денежные взыскания, наложенные судом за неисполнение процессуальных обязанностей, предусмотренных статьями 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 и 165 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, и нарушение порядка в судебном заседании на потерпевшего, свидетеля, специалиста, переводчика и иных лиц, за исключением адвоката, прокурора и подсудимого;
      3) суммы, удерживаемые по постановлению суда с осужденного, в отношении которого вступил в законную силу обвинительный приговор суда и которому назначено наказание в виде исправительных работ;
      4) суммы, взысканные в регрессном порядке в соответствии со статьей 10 настоящего Закона.
      3. Остатки средств Фонда не подлежат изъятию (перечислению) в государственный бюджет.
      4. Не допускается выставление инкассовых распоряжений на контрольный счет наличности Фонда.
      5. При вынесении судом обвинительного приговора с виновных лиц (законных представителей несовершеннолетнего, признанного виновным, или юридического лица, несущего в соответствии с законом материальную ответственность за вред, причиненный уголовно наказуемым деянием физического лица) в Фонд компенсации вреда потерпевшим взыскивается фиксированный платеж в следующем размере:
      1) за уголовные проступки – пять месячных расчетных показателей;
      2) за преступления небольшой тяжести – десять месячных расчетных показателей;
      3) за преступления средней тяжести – пятнадцать месячных расчетных показателей;
      4) за тяжкие преступления – двадцать месячных расчетных показателей;
      5) за особо тяжкие преступления – тридцать месячных расчетных показателей.
      При совершении уголовного правонарушения в группе лиц фиксированный платеж взыскивается с каждого подсудимого отдельно.
      При совершении одним и тем же лицом нескольких уголовных правонарушений фиксированный платеж взыскивается за уголовное правонарушение, за которое предусмотрено наиболее строгое наказание.

      Статья 10. Регресс требований

      1. Регресс требований к осужденным лицам, в отношении которых вступил в законную силу обвинительный приговор суда, по возмещению денежных средств, выплаченных потерпевшим в качестве государственной денежной компенсации, осуществляется органами прокуратуры в рамках представления и защиты интересов государства в суде.
      2. Суммы, выплаченные из Фонда, также подлежат взысканию органами прокуратуры:
      1) с родителей несовершеннолетнего, признанного виновным в совершении преступления, или лиц, их замещающих;
      2) с юридических лиц, несущих в соответствии с законом материальную ответственность за вред, причиненный уголовно наказуемым деянием физического лица, или лиц, в отношении которых уголовное преследование прекращено по отдельным основаниям Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан;
      3) с потерпевшего, если он умышленно представил недостоверные сведения для получения государственной денежной компенсации.
      3. Основания предъявления регрессных требований:
      1) вступление в законную силу приговора суда об осуждении лица;
      2) вступление в законную силу постановления о прекращении досудебного расследования по основаниям, предусмотренным пунктами 3), 4) и 12) части первой статьи 35, частью первой статьи 36 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан;
      3) установление факта умышленного представления недостоверных сведений потерпевшим для получения государственной денежной компенсации.

      Статья 11. Реестр получателей государственной
                  денежной компенсации

      1. Реестр получателей государственной денежной компенсации ведется правоохранительными органами централизованно в разрезе территориальных подразделений для обеспечения мониторинга и учета получателей выплат, а также учета регресса требований к осужденным лицам.
      2. Форма реестра получателей государственной денежной компенсации и порядок его ведения определяются центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета.

      Статья 12. Ответственность за нарушение настоящего Закона

      Нарушение настоящего Закона влечет ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан.

Глава 4. Заключительные и переходные положения

      Статья 13. Порядок введения в действие настоящего Закона

      Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2017 года, за исключением статей 4, 6, 7, 8, 10, 11, которые вводятся в действие с 1 января 2019 года.

      Президент
      Республики Казахстан