Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 322 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 31 мамырдағы
№ 322 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Мемлекеттік театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 58, 823-құжат).
      2. «Мемлекеттік театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 77, 1005-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 40, 300-құжат).
      4. «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 27 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 3-4, 17-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады