Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбір мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 337 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің АК-159/22 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің «Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) болып қайта аталсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тiзбесiнде:
      «1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 60-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «60. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің «Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы.»;
      «2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 46-жол алып тасталсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісу бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын;
      2) мемлекеттік мекемені әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады