Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 412 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 659 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 18.10.2018 № 659 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ғани Қалыбайұлы Сәдібеков Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалсын.

      2. "Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Glоbаl Environment Fаcility) бойынша ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1289 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады