Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы және Бразилия Федеративтік Республикасы азаматтарының визасыз сапарлары туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 418 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы және Бразилия Федеративтік Республикасы азаматтарының визасыз сапарлары туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіге Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы және Бразилия Федеративтік Республикасы азаматтарының визасыз сапарлары туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 22 шілдедегі
№ 418 қаулысымен    
мақұлданған      

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы және Бразилия Федеративтік Республикасы азаматтарының визасыз сапарлары туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім

Жоғары Мәртебелі,

      Мен, Сіздің ___________ №____________ Нотаңызды алғанымды растаймын және Қазақстан Республикасының Үкіметі Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі ұсынған шарттарды қабылдауға әзір екенін хабарлап, оларға жауап ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі өзара түсiнiстiк қағидатының сақталуына кепілдік беруге және азаматтарымыздың өзара сапарларына жәрдемдесуге ниет білдіре отырып, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту және тығыз байланыстарды нығайту мақсатында өзаралық негізде визалық режимді алып тастау мәселесі бойынша мынадай міндеттемелерді қабылдауға әзірлігі туралы хабарлауды өзіне мәртебе санайды:
      1. Жарамды паспорт иелері болып табылатын Бразилия Федеративтік Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келген бірінші күннен бастап бір (1) жыл ішінде күнтізбелік отыз (30) күннен аспайтын кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағына туристік және іскерлік сапарлар мақсатында визасыз келе алады, одан кете алады, транзитпен өте алады және онда бола алады.
      2. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы жоғарыда аталған кезеңді күнтізбелік отыз (30) күннен аспайтын кезеңге бір рет ұзартуы мүмкін.
      3. Осы Нотаның мақсаттары үшін жарамды паспорт дегеніміз Бразилия Федеративтік Республикасы азаматының паспортын білдіреді.
      4. Туризм Қазақстан Республикасының аумағында жергілікті көздердің қаржылық міндеттемелеріне әкелуі мүмкін қандай да бір ақысы төленетін қызметпен айналысу болып табылмайтын рекреациялық, ақпараттық, мәдени және өзге де мақсаттардағы сапарларды білдіреді.
      5. Транзитпен өту Бразилия Федеративтік Республикасының азаматтары үшін олардың соңғы межелі пунктке жету үшін Қазақстан Республикасының аумағына келу және кету мүмкіндігін білдіреді.
      6. Іскерлік сапарлар ақысы төленетін қызметпен айналыспайтын Бразилия Федеративтік Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында коммерциялық қызметті жүргізу үшін перспективалар ашу, кездесулерге қатысу, шарттарға қол қою, басқарушылық және әкімшілік қызметті орындау мақсатындағы сапарларын білдіреді.
      7. Бразилия Федеративтік Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында ақысы төленетін қызметті жүзеге асыру, жұмысқа орналасу, зерттеулерге қатысу, тағылымдамадан өту, оқу және әлеуметтік жұмыстармен айналысу, сондай-ақ техникалық көмек көрсету, миссионерлік, діни, көркемөнер немесе осы Нотаның 45,  6-тармақтарында белгіленбеген кез келген басқа қызметті жүзеге асыру мақсатымен болуға ниет білдірген жағдайда, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес қажетті визаны алуға өтініш беруге тиіс.
      8. Осы Нотаның 1-тармағында көрсетілген азаматтар халықаралық тасымал үшін ашық кез келген шекаралық өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына келе алады, транзитпен өте алады және одан кете алады.
      9. Осы Нотамен белгіленетін визалардың күшін жою Бразилия Федеративтік Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында қысқа мерзімде болуы кезінде оның қолданыстағы ұлттық заңнамасын сақтау міндеттемелеріне нұқсан келтірмей қолданылады.
      10. Осы Нота Қазақстан Республикасының өз аумағына Бразилия Федеративтік Республикасының қолайсыз деп танылған азаматтарының келуінен бас тарту, онда болу мерзімін қысқарту немесе тоқтату құқығын сақтайды.
      11. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiпті және халықтың денсаулығын сақтау мақсатында осы Нота ережелерінің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата алады. Осы Нота ережелерінің қолданылуын тоқтату немесе оларды қайта бастау туралы шешім дипломатиялық арналар арқылы Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметіне дереу жолдануға тиіс.
      12. Қазақстан Республикасының аумағында болу кезінде өзінің жарамды паспортын жоғалтқан немесе бүлдірген Бразилия Федеративтік Республикасының азаматтары Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасының аумағындағы дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі берген, оның аумағынан кету үшін тиісті жол жүру құжатын алуға тиіс.
      13. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Нотаға жарамды паспорттардың үлгілерін қоса береді.
      14. Паспорттар өзгертілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңа паспорттардың үлгілерін осы өзгерістер қолданысқа енгізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз (30) күн бұрын оларды қолдану туралы ақпаратпен бірге дипломатиялық арналар арқылы Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметіне жолдауға тиіс.
      15. Осы Нотаның ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде туындаған келіспеушіліктер дипломатиялық арналар арқылы консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
      16. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Нота және Жоғары Мәртебелінің Нотасы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы және Бразилия Федеративтік Республикасы азаматтарының визасыз сапарлары туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді құрайтынына келісім береді. Осы Келісім Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі дипломатиялық арналар арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жазбаша хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік бес (5) күн өткен соң күшіне енедi.
      17. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметіне дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жолдай отырып, Келісімнің қолданысын кез келген уақытта тоқтата алады. Осы Келісім осындай жазбаша хабарлама алынған күннен кейін күнтізбелік тоқсан (90) күн өткен соң өзінің қолданысын тоқтатады.
      18. Осы Келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі және Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі дипломатиялық арналар арқылы хабарламалармен алмасып, түзетулер енгізуі мүмкін. Түзетулер осы Нотаның 16-тармағында көрсетілген Келісімнің күшіне ену рәсімдерінің шарттарына сәйкес күшіне енеді.
      19. Осы Нота қазақ, португал және ағылшын тілдерінде жасалды, олардың мәтіндері тең түпнұсқалы болып табылады. Осы Нотаның ережелерін түсіндіруде немесе қолдануда келіспеушіліктер болған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Осы сәтті пайдаланып, Жоғары Мәртебелі, менің Сізге деген зор құрметімді білдіргім келеді.

[Орны, күні]

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 22 шілдедегі
№ 418 қаулысымен    
мақұлданған      

Жоба

Жоғары Мәртебелі,

      Өзара түсiнiстiк қағидатының сақталуына кепілдік беруге және азаматтарымыздың өзара сапарларына жәрдемдесуге ниет білдіре отырып, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту және тығыз байланыстарды нығайту мақсатында өзаралық негізде визалық режимді алып тастау мәселесі бойынша Бразилия Федеративтік Республикасы Үкіметінің мынадай міндеттемелерді қабылдауға әзірлігі туралы Сізге хабарлауды мәртебе санаймын:
      1. Жарамды паспорт иелері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары Бразилия Федеративтік Республикасының аумағына келген бірінші күннен бастап бір (1) жыл ішінде күнтізбелік отыз (30) күннен аспайтын кезең ішінде Бразилия Федеративтік Республикасының аумағына туристік және іскерлік сапарлар мақсатында визасыз келе алады, одан кете алады, транзитпен өте алады және онда бола алады.
      2. Бразилия Федеративтік Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы жоғарыда аталған кезеңді күнтізбелік отыз (30) күннен аспайтын кезеңге бір рет ұзартуы мүмкін.
      3. Осы Нотаның мақсаттары үшін жарамды паспорт дегеніміз Қазақстан Республикасы азаматының паспортын білдіреді.
      4. Туризм Бразилия Федеративтік Республикасының аумағында жергілікті көздердің қаржылық міндеттемелеріне әкелуі мүмкін қандай да бір ақысы төленетін қызметпен айналысу болып табылмайтын рекреациялық, ақпараттық, мәдени және өзге де мақсаттардағы сапарларды білдіреді.
      5. Транзитпен өту Қазақстан Республикасының азаматтары үшін олардың соңғы межелі пунктке жету үшін Бразилия Федеративтік Республикасының аумағына келу және кету мүмкіндігін білдіреді.
      6. Іскерлік сапарлар ақысы төленетін қызметпен айналыспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының Бразилия Федеративтік Республикасының аумағында коммерциялық қызметті жүргізу үшін перспективалар ашу, кездесулерге қатысу, шарттарға қол қою, басқарушылық және әкімшілік қызметті орындау мақсатындағы сапарларын білдіреді.
      7. Қазақстан Республикасының азаматтары Бразилия Федеративтік Республикасының аумағында ақысы төленетін қызметті жүзеге асыру, жұмысқа орналасу, зерттеулерге қатысу, тағылымдамадан өту, оқу және әлеуметтік жұмыстармен айналысу, сондай-ақ техникалық көмек көрсету, миссионерлік, діни, көркемөнер немесе осы Нотаның 45,  6-тармақтарында белгіленбеген кез келген басқа қызметті жүзеге асыру мақсатымен болуға ниет білдірген жағдайда, Бразилия Федеративтік Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес қажетті визаны алуға өтініш беруге тиіс.
      8. Осы Нотаның 1-тармағында көрсетілген азаматтар халықаралық тасымал үшін ашық кез келген шекаралық өткізу пункттері арқылы Бразилия Федеративтік Республикасының аумағына келе алады, транзитпен өте алады және одан кете алады.
      9. Осы Нотамен белгіленетін визалардың күшін жою Қазақстан Республикасы азаматтарының Бразилия Федеративтік Республикасының аумағында қысқа мерзімде болуы кезінде оның қолданыстағы ұлттық заңнамасын сақтау міндеттемелеріне нұқсан келтірмей қолданылады.
      10. Осы Нота Бразилия Федеративтік Республикасының өз аумағына Қазақстан Республикасының қолайсыз деп танылған азаматтарының келуінен бас тарту, онда болу мерзімін қысқарту немесе тоқтату құқығын сақтайды.
      11. Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiпті және халықтың денсаулығын сақтау мақсатында осы Нота ережелерінің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата алады. Осы Нота ережелерінің қолданылуын тоқтату немесе оларды қайта бастау туралы шешім дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне дереу жолдануға тиіс.
      12. Бразилия Федеративтік Республикасының аумағында болу кезінде өзінің жарамды паспортын жоғалтқан немесе бүлдірген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасының аумағындағы дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі берген, оның аумағынан кету үшін тиісті жол жүру құжатын алуға тиіс.
      13. Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі осы Нотаға жарамды паспорттардың үлгілерін қоса береді.
      14. Паспорттар өзгертілген жағдайда, Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі жаңа паспорттардың үлгілерін осы өзгерістер қолданысқа енгізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз (30) күн бұрын оларды қолдану туралы ақпаратпен бірге дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдауға тиіс.
      15. Осы Нотаның ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде туындаған келіспеушіліктер дипломатиялық арналар арқылы консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
      16. Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі жоғарыда көрсетілгендермен келіскен жағдайда, Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі осы Нота және Жоғары Мәртебелінің жауап Нотасы Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Бразилия Федеративтік Республикасы және Қазақстан Республикасы азаматтарының визасыз сапарлары туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді құрайтынына келісім береді. Осы Келісім Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі дипломатиялық арналар арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жазбаша хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік бес (5) күн өткен соң күшіне енедi.
      17. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметіне дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жолдай отырып, Келісімнің қолданысын кез келген уақытта тоқтата алады. Осы Келісім осындай жазбаша хабарлама алынған күннен кейін күнтізбелік тоқсан (90) күн өткен соң өзінің қолданысын тоқтатады.
      18. Осы Келісімге Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Үкіметі дипломатиялық арналар арқылы хабарламалармен алмасып, түзетулер енгізуі мүмкін. Түзетулер осы Нотаның 16-тармағында көрсетілген Келісімнің күшіне ену рәсімдерінің шарттарына сәйкес күшіне енеді.
      19. Осы Нота португал, қазақ және ағылшын тілдерінде жасалды, олардың мәтіндері тең түпнұсқалы болып табылады. Осы Нотаның ережелерін түсіндіруде немесе қолдануда келіспеушіліктер болған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Жоғары Мәртебелі, менің Сізге деген зор құрметім мен алғысымды қабыл алыңыз.

[Орны, күні]

Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады