"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 қарашадағы № 650 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-1, 50-құжат):
      1) 15-баптың 3-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурс өткізілместен орналаса алады.»;
      2) 29-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мемлекеттік органның осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс аяқталғаннан кейін жалпы конкурс өткізуге құқығы бар.
      Бұл ретте жалпы конкурсқа қатысатын қызметтегі мемлекеттік қызметшілер тестілеу мен жеке қасиеттерін бағалаудан өтпейді.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Жаңа мемлекеттік орган құрылған кезде осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізілместен, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізіледі.»;
      3) 69-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
      2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат):
      2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады