Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 717 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 717 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 260-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:
      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.»;
      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын;»;
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) кедендiк декларациялау аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне сәйкес мәлiмделген тауарларға арналған декларация;»;
      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға беру мүлікті сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілердің қатысуымен, уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тізімдеу актісін жасай отырып, мынадай мерзімде:
      сот орындаушыларынан – «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде;
      мүлікті алып қойған органдардан – заңды күшіне енген тиісті сот актісін алған күннен бастап екі ай ішінде;
      мүлікті беретін тұлғадан (декларант) – кедендік декларация тіркелген күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік мiндеттілігі туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 388-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттілігi туралы ережеде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бейбiт уақытта Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының негiзiнде жұмылдыру тапсырмасына сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамына беруге олардың техникалық жай-күйі мен әзірлігін тексеру үшiн жеке көлiк құралдарын қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамына беруге арналған көлiк құралдарын оқу-жаттығуға, арнайы және тексеру жиындарына тартады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
      6-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетi.».
      3. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы  30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
29 тамыздағы № 959 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2014 ж., № 54, 537-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кірістер органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, өртке қарсы қызмет, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау органдарының, қоршаған ортаны қорғау органдарының және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдарынан қалыптастырылады.».
      4. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1435 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 88-89, 735-құжат):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың екінші, үшінші, алтыншы, жетінші, он үшінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, жүз он бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 717 қаулысына    
1-қосымша       

Жекелеген негiздер бойынша    
мемлекет меншiгiне айналдырылған 
(түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау,
бағалау және одан әрi пайдалану  
қағидаларына            
1-қосымша              

Нысан

Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі

20__ ж. «___» _______________                ________________________
            (жасалған күнi)                    (акт жасалған жер)

      Мына құрамдағы комиссия:
      Уәкiлеттi орган (жергілікті атқарушы орган) өкiлi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкiлетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жауапты қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Сот орындаушысы
____________________________________________________________________
(әділет органының атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, қызметкердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Өкiлi
____________________________________________________________________
(Мүлікті беретін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мүлікті алып қойған (беретін) органның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН
____________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Өкiлi_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
(мүлiк жауапты уақытша сақтауында орналасқан ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)
____________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Өкiлi_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
       (мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
  (қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) бағалаушы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, лицензияның күнi және нөмiрi)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(мүлiкті бағалауды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
        мекенжайы, ЖСН/БСН, лицензияның күнi және нөмiрi)
      Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидасының негiзiнде
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(мүлiктiң бұрынғы иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН немесе ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)
сот актілерінің негізінде тәркіленген (оның ішінде заттай айғақтар)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
   (соттың атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)
немесе иесіз деп танылған

(ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлiкті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН)
немесе мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлiкті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН)
мүлікті, оның iшiнде
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(кеден органының атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, тауарларға арналған кедендік декларацияның күнi мен нөмiрi) кедендік декларацияға сәйкес «мемлекет пайдасына бас тарту» кедендік рәсімімен орналастырылған, немесе
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi)
нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өткен деп танылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сыйлықтарды, сондай-ақ
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлікті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН)
құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекеттік меншiк құқығының туындағанын растайтын өзге де құжаттардың негiзінде аталған мүлiкті тізімдеуді және қабылдап алуды жүргізді
____________________________________________________________________

Мүлiктi тiзімдеу және бағалау 

Р/c

Әрбiр зат толық сипатталған мүлiктiң атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Мүлiктi қабылдау кезiнде бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге*

Барлық сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

Жиыны

Жиыны (жазумен):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бюджетке аударуға жататын жиыны
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Осы акт ____ данада жасалды.
Комиссия мүшелерi:
_________________               ____________________________________
   (қолы)                       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________               ______________ _____________________
   (қолы)                       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
(бағалаушы сарапшының қолы және мөрi (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______ ж. «___» _________         Иесiнiң қолы _____________________

      Осы актіде көрсетiлген мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым. Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылуы, жасырылуы, жоғалуы, ауыстырылуы немесе бүлiнуi үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақтан Республикасы Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша қылмыстық және материалдық жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.

______ ж. «___» _________                         _____________(қолы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы немесе мүлiкті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      * Бұл баған егер мүлiкті уәкiлетті органға (жергілікті атқарушы органға) берушi ұйым алдын ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 717 қаулысына    
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта
өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекіту тәртібі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1336 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 45, 413-415-құжаттар).
      2. «Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері қолдануға құқылы қару-жарақ пен арнайы құралдардың нормалары мен тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 ақпандағы № 163 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 56-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 56-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады