Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 және "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 724 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 32, 202-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.";

      осы қаулыға қосымшада:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке, қайта есепке қою

Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік


      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:

      "

4.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке, қайта есепке қою

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке, қайта есепке қою туралы анықтама


      ";

      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады