Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 805 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      бүкіл мәтін бойынша:

      "мұрағат", "мұрағаттардың", "мұрағаттарды", "мұрағаттық", "мұрағаттар", "мұрағаттарынан", "мұрағаты", "мұрағаттардағы" деген сөздер тиісінше "архив", "архивтердің", "архивтерді", "архивтік", "архивтер", "архивтерінен", "архиві", "архивтердегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мұражай", "мұражайдың", "мұражайы", "қорық-мұражайы" деген сөздер тиісінше "музей", "музейдің", "музейі", "қорық-музейі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, этносаралық келісім, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және құжаттама, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларында басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тілдерді дамыту, архив ісі және құжаттама, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру;";

      16-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тілдерді дамыту, архив ісі және құжаттама, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және құжаттама, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-1) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын әзірлеу және бекіту;

      18-2) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) салалық көркемдік кеңестер құру және олар туралы ережелерді бекіту;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту;";

      58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "58) халықаралық және республикалық маңызы бар, мемлекеттік меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін, жергілікті маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруді келісу;";

      60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "60) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау;";

      мынадай мазмұндағы 63-1), 63-2), 63-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "63-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу;

      63-2) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      63-3) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін енгізу туралы өтінімдер жіберу;";

      74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "74) монументті өнердің жаңа құрылыстарының орнатылуын бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 88-1), 88-2), 88-3), 88-4), 88-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "88-1) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту;

      88-2) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту;

      88-3) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөнінде комиссия құру және ол туралы ережені бекіту;

      88-4) мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары мен қағидаларын бекіту;

      88-5) Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары алған материалдар мен олжалар ғылыми тіркелгеннен және өңделгеннен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын бекіту;";

      89-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "89-4) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидаларын бекіту;";

      89-8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "89-8) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын әзірлеу және бекіту;";

      101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "101) фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту;";

      116) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "116) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұрау салулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басып шығаруды және пайдалануды ұйымдастыру;";

      117) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "117) Ұлттық архив қоры құрамына жатқызылған және жеке архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 117-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "117-1) электрондық құжаттар мен электрондық архивті пайдалана отырып іс қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "118) іс жүргізу, сондай-ақ электрондық құжаттар мен электрондық архивті пайдалана отырып іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдық-әдістемелік басшылық жасау және іс жүргізудің жай-күйін, құжаттардың сақталуын бақылау;";

      мынадай мазмұндағы 119-1), 119-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "119-1) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру, сондай-ақ ол туралы ережені бекіту;

      119-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салаларда заттай нормаларды әзірлеу және бекіту;";

      121) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "121) қоғамдық маңызы бар әдебиетті республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастыру, орналастыру және бақылау;";

      мынадай мазмұндағы 121-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "121-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      122) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "125) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұрау салуына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiленімдерді тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атаулары ретінде пайдалану үшін келiсу не келiсуден бас тарту;";

      127) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "127) мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 127-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "127-1) мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады