"Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 844 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 445-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.


Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы


1414



      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8-жолдармен толықтырылсын:

      "

7.


Террористік қауіпке байланысты фактілер мен оқиғалар жөніндегі ұлттық қауіпсіздік органдарының "110 жедел желісі"


110


8.


Мемлекеттік органдардың өзекті мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы


1434



      ";

       ескертпе мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Ұялы байланыс абоненттері үшін аталған тізбеде көрсетілген нөмірлерге қосылу сондай-ақ қысқа мәтіндік хабарламалар арқылы екі бағытта да тегін негізде жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады