"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 желтоқсандағы № 849 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 9) тармақшасына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 192-бабының 2-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының осы қаулыға қосымшада көрсетілген кедендік инфрақұрылым және шекаралық сервистік инфрақұрылым объектілеріне, кеден және шекара органдары жұмыскерлерінің отбасы мүшелеріне қызмет көрсетуге байланысты әлеуметтік мақсаттағы объектілерге және мемлекет мұқтаждықтары үшін пайдаланылатын объектілерге жататын мүлкімен (бұдан әрі - мүлік) "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының теміржол жолаушылар вагондарының жылжымалы құрамының паркін жаңарту мақсатында берілген, 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 9ФИА251 және 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 9ФИА254, 2012 жылғы 7 тамыздағы № 9ФИА342, 2014 жылғы 26 маусымдағы № 9ФИА557 және № 9ФИА558, 2015 жылғы 7 шілдедегі № 9ФИА721 шарттар бойынша жалпы сомасы 48948650000 (қырық сегіз миллиард тоғыз жүз қырық сегіз миллион алты жүз елу мың) теңге бюджеттік кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу туралы ұсынысына келісім берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 желтоқсандағы № 849 қаулысына қосымша

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мүлкінің тізбесі

      1. "Жетіген-Қорғас-Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы Теміржол желісін салу" және "Өзен-Қазақстан Республикасының Түрікменстанмен мемлекеттік шекарасы" жобаларын іске асыру барысында салынған шекаралық сервистік инфрақұрылым объектілері мен шекара органдары жұмыскерлерінің отбасы мүшелеріне қызмет көрсетуге байланысты әлеуметтік мақсаттағы объектілер, Шалдыбар станциясындағы объектілер, Астана қаласы, Мичурино тұрғын үй алабы, Бастау көшесі, 1/1 мекенжайында орналасқан Оңалту орталығы.

      2. "Жетіген-Қорғас-Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы Теміржол желісін салу" және "Өзен-Қазақстан Республикасының Түрікменстанмен мемлекеттік шекарасы" жобаларын іске асыру барысында салынған кедендік инфрақұрылым объектілері мен кеден органдары жұмыскерлерінің отбасы мүшелеріне қызмет көрсетуге байланысты әлеуметтік мақсаттағы объектілер.

      3. Әлеуметтік мақсаттағы объектілер, автомобиль жолдары.

      4. Астана қаласындағы телерадиокешеннің медиа жабдығы.

      5. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына тиесілі "Transport tower" әкімшілік-технологиялық кешенінің бір бөлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады