Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 851 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 130, 168-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, қосымша кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы қызмет болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) серіктестік жарғысын бекітуді;

      2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне беруді;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев



  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2016 жылғы 26 желтоқсандағы
  № 851 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-147-жолмен толықтырылсын:

      "123-148. "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" ЖШС".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-16-жолмен толықтырылсын:

      "222-33-16. "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" ЖШС".

      3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:

      реттік нөмірі 32-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 56-жолмен толықтырылсын:

      "56. "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      4. "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21.


1.


"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады