Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 85 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24-бабына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Туризм жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат):
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      туризм жөніндегі кеңестің құрамында:
      мына:
      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм департаментінің директоры, хатшы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы";
      мына:
       "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі" деген жолдар алып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Туризм жөніндегі кеңес туралы ереженің 9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.";
      2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, этносаралық келісім, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және құжаттама, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті.";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.";
      14-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу, сондай-ақ ел бірлігін нығайтудың тиімді жүйесін қолдау.";
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Міндеттері:
      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тілдерді дамыту, архив ісі және құжаттама, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру;
      2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      3) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.";
      16-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тілдерді дамыту, архив ісі және құжаттама, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, туристiк қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және құжаттама, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, туристiк қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;";
      мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2), 11-3), 11-4), 11-5), 11-6), 11-7), 11-8), 11-9) және 11-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11-1) туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту;
      11-2) туристердi орналастыру орындарын жiктеу қағидаларын бекiту;
      11-3) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту;
      11-4) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
      11-5) туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекіту;
      11-6) турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысандарын бекіту;
      11-7) туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
      11-8) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындау;
      11-9) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жартыжылдық тексеру жүргізу кестелерін бекіту;
      11-10) Туризм жөнiндегi кеңестiң дербес құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге ұсыну;";
      17-тармақта:
      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "30) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;";
      мынадай мазмұндағы 31-1), 31-2), 31-3), 31-4), 31-5), 31-6), 31-7), 31-8), 31-9), 31-10), 31-11), 31-12), 31-13), 31-14), 31-15), 31-16), 31-17), 31-18), 31-19) және 31-20) тармақшалармен толықтырылсын:
      "31-1) халықаралық ұйымдарда және халықаралық iс-шараларда мемлекеттiң туризм саласындағы мүдделерiн бiлдiру және олардың жұмысына қатысу;
      31-2) туристік қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу;
      31-3) туристердi орналастыру орындарын жiктеу қағидаларын әзірлеу;
      31-4) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту;
      31-5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекiтуі үшін Туризм жөнiндегi кеңестің дербес құрамын және ол туралы ереженi әзірлеу;
      31-6) мүдделі министрліктермен және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп, туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      31-7) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету;
      31-8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауы бойынша конкурсты өткізу;
      31-9) туристiк салаға инвестициялар тарту жөнiндегi бiрыңғай саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
      31-10) туристiк қызмет саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытып жинақтау және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      31-11) туристік қызмет саласында салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
      31-12) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, туристiк қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметтi реттеу;
      31-13) Қазақстан мен оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпаратты халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде, оның iшiнде туристiк қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзу жолымен тарату;
      31-14) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар ету;
      31-15) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;
      31-16) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген турагенттердің, гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      31-17) туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді туроператор мен турагенттің орындауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      31-18) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      31-19) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесін жалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтарына шығу туризмі саласында туристік қызмет көрсеткені анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияны тоқтата тұру;
      31-20) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау жөніндегі іс-қимылды жүзеге асыру туралы шешімін келісу;".
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

      
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады