Кейбір мәдениет ұйымдарына "Академиялық" мәртебе беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 105 қаулысы

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры", Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Республикалық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына "Академиялық" мәртебе берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады